- •Vі Тарау
- •ҚҰны мен Өндіріс шыҒындары
- •6.1. Өнімнің өзіндік құнына түсінік
- •6.2. Өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар құрамы
- •6.3. Өнімнің өзіндік құнына жатпайтын және кезеңдегі шығыстарды мойындайтын шығыстар
- •Өткізуге байланысты шығындар
- •Пайыз бойынша шығыстар
- •6.4. Кәсіпорынның шығын түрлері
- •6.5. Өндіріс шығындарын жіктеу
- •6.6. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды топтастыру (өндіріске жұмсалған шығындардың сметасы)
- •6.7. Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру
- •6.8. Кен өндіретін саладағы өнімнің өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері
- •1 Т тиісті қосалқы материалдар құны
- •60000/1200 50 Тенге / м3.
- •Оның түрлері мен құрылымы
- •6.10. Нарық жағдайындағы шығындар есебінің ерекшеліктері
- •6.11. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары
1 Т тиісті қосалқы материалдар құны
|
Шығын баптары |
Өлшем бірлігі |
Бағасы, теңге |
Мөлшері, саны |
Сомасы, теңге |
1 |
Жарылғыш заттар |
кг |
70 |
0,6 |
42,00 |
2 |
Отпілте |
м |
10 |
0,06 |
6,00 |
3 |
Дүмпіткіш пілте |
м |
20 |
0,20 |
4,00 |
4 |
Электрдүмпіткіш |
саны |
10 |
0,30 |
3,00 |
5 |
Ток өткізгіш сым |
м |
9 |
0,50 |
4,50 |
6 |
Қатты қорытпалар |
грамм |
5 |
2,6 |
13,00 |
7 |
Бұрғы құрыш (болат) |
кг |
280 |
0,06 |
16,80 |
8 |
Ағаш бекітпе |
м3 |
5600 |
0,005 |
28,00 |
9 |
Құрыштан жасалған арқан |
кг |
120 |
0,001 |
0,12 |
|
Жиынтығы: |
|
|
|
117,42 |
|
Есепке алынбаған материалдар |
|
30% |
117,42 |
35,23 |
|
Тасымалдау-дайындау жұмыстары |
|
10% |
152,65 |
15,27 |
|
Барлығы: |
|
|
|
167,92 |
|
Тазартыс жұмыстарының көлемі |
мың тонна |
|
1191 |
|
|
Өнім өндіру көлеміне |
мың теңге |
|
|
200000 |
Ашық тәсілмен кен өндіру жағдайында пайдалы қазбалардың өзіндік құнының калькуляциясы шахтада өндірілетін өнімнің өзіндік құны сияқты жасалады. бірақ кен-дайындау жұмыстарын өтеу орнына "Аршу жұмыстарын өтеу" деген элемент пайда болады. Аршу жұмыстары, аршу коэффициенті арқылы өтеледі.
Кеннің 1 т өзіндік құнының калькуляциясы мына түрде жасалады:
әр ай сайын текше метр көлемінде аршу жұмыстары мен сол жұмыстарға кететін барлық шығындар есепке алынады (материалдар, отын, энергия, жұмысақы, амортизация, басқа да ақшалай шығындар);
бос жыныстың 1 текше метрінің өзіндік құны есептелінеді;
жыныстың 1 м3 өзіндік құны аршу коэфициентке көбейтумен, кеннің бір т қосылатын қосымша шығындар сомасын анықтайды.
Айталық, карьерде бір айда 200 мың т пайдалы қазба өндіріліп, 1200 мың текше метр көлемінде аршу жұмыстары орындалды. Аршу коэффициенті 5м3/т тең. Осы айда өндіру жұмыстарының көлемі 80000 мың, ал аршу жұмыстарының шығыны 60000 мың теңге болды. Сонда кеннің 1 т өзіндік құны, аршу жұмыстарын қоспағанда мынаған тең:
80000 /200 400 теңге /т,
ал бос жыныстың 1 м3 өзіндік құны былай есептелінеді:
