- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
- •Экономикалық теорияның ғылым ретінде пайда болуы және дамуы.
- •Экономикалық теория қызметтері.
- •Экономикалық заңдар мен категориялар.
- •Экономикалық құбылыстарды танып білу әдістері.
- •Экономикалық ресурстар.Экономикалық теориядағы ресурстардың сиректігі және шектеулігі мәселесі.
- •Өндіріс және оның факторлары.
- •Өндіріс факторларын тиімді пайдалану бағыттары.
- •Қоғамдық өндіріс (материалды және материалды емес өндірістің рөлі).
- •Өндірістік мүмкіндіктер шекаралары.
- •Өндіріс және ұдайы өндіріс.
- •Ұдайы өндірістің типтері
- •Ұлғаймалы өндірістің түрлері:
- •Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
- •Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
- •Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы:
- •Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы:
- •Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы:
- •Меншіктің объектілері мен субьектілері, экономикалық категориясы.
- •М еншік субъектісі меншік объектісі
- •Меншік құқығының экономикалық теориясы.
- •Меншік типтері мен формалары.
- •Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру процестерінің экономикалық мазмұны.
- •Жекешелендірудің тәсілдері
- •Тауар өндірісі: сипаттамасы, пайда болу шарттары.
- •Экономикалық өнім формалары: игілік, тауар, қызмет көрсетулер.
- •Тауар және оның қасиеттері.
- •Еңбек бағасының теориясы.
- •Тауар бағасын құрудың альтернативті теориясы.
- •Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
- •Ақшаның функциялары.
- •Ақша жүйесі және оның элементтері.
- •Ақша массасы және ақша агрегаты.
- •Капитал: мәні, әртүрлі көзқарастар.
- •Ақшаның капиталға айналуы. Капиталдың жалпыға бірдей формуласы.
- •29. Капитал құрылымын талдаудағы ерекшеліктер.
- •Қр жеке кәсіпкерлікті дамыту.
- •Жұмыссыздықтың табиғи денгейі және толық жұмысбастылық.Оукен заңы
- •Капитал айналымы. Айналым уақыты және оның негізгі бөлімдері.
- •Негізгі және айналмалы капитал.
- •34.Негізгі және айналмалы капиталды қолданудағы тиімділік көрсеткіштері.
- •Инвестицияға капиталдық салымдар.
- •Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
- •Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері.
- •Рыноктық жүйе және оның элементтері.
- •Рыноктық инфрақұрылым.
- •Рыноктың артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Сұраныс.Сұраныс заңы.Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Ұсыныс.Ұсыныс заңы.Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.
- •Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы.
- •44 . Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері
- •Икемділік түсінігі. Икемділік коэффициенттері.
- •Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.
- •Монополия және бәсеке.
- •Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері
- •Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация.
- •Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
- •Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтың формалары.
- •Кіші, орта және ірі фирмалардың экономикадағы рөлі.
- •Кәсіпорын шығындарының теориясы.
- •Шығындар түрлері және олардың жіктелуі.
- •Пайда теориясы және оның түрлері.
- •Жалақының мәні және оның формалары.
- •Еңбек-құн теориясы.
- •Ренталық қатынас теориясы.
- •Жер рентасының формалары.
- •Натуралды шаруашылық, оның негізгі белгілері мен ерекшеліктері.
- •Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
- •Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктер.
- •Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
- •Ұлттық есептеу жүйесі.
- •Ұлттық байлық және оның құрылымы.
- •Жұмыссыздық және оның түрлері.
- •Инфляция: мәні, себептері, түрлері.
- •Экономикалық цикл теориясы.
- •Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
- •Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.
- •Несиенің мәні мен формалары.
- •Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары.
- •Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері.
- •Индустриалды-инновациялық бағдарлама.
- •Ақша жүйесінің эволюциясы.
- •Қазақстан Республикасының банктік жүйесі.
- •Әлемдік шаруашылықтың байланыс жүйесіндегі Қазақстан экономикасы.
- •Қазақстандағы нарық түрлеріне талдау жүргізу.
- •Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері.
- •Жұө дефляторы.
- •Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру мен мемлекеттендіру.
- •Пайда функциясы. Кәсіпкерлік табыс.
- •А.Смиттің «Көрінбейтін қол» нарығы.
- •Биржа нарықтық инфрақұрылым элементі ретінде.
- •Ақша реформасы, себебі, мәні және әлеуметтік салдарлары.
- •Кәсіпкерліктің әртүрлі формаларын дамытуды мемлекеттік қолдаудың әлемдік тәжірибесі.
- •Тұк және ұлттық экономика.
- •А.Маршаллдың «Экономикс принципіндегі» баға концепциясы
- •Менеджменттің құрылымы, қызметі және тәсілдері.
- •Емтихан сұрақтар
- •Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.
Бәсеке латын сөзі «бірге жүгіру» деген мағынаны білдіреді. Оны халық адамдар арасындағы бір мақсатқа бұрынырақ жетуді көздеген өзара жарыс, сайыс деп қарастырған. Бәсекенің бір түрі зерттеу және сегменттеу бәсеке- нарықты шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Нарықты қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсекеге қабілеттілік. Әсіресе, экономиканың негізгі звеносы болып табылатын кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін зерттеу мен талдау және соның негізінде тәжірибелік құндылығы жоғары тұжырымдар мен ұсыныстар жасау маңызды. Еліміздің экономикалық дамуы мен алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін тек макродеңгейде ғана емес микродеңгейде де маңызды міндеттер анықталып, оң шешімін табуы тиіс. Яғни, бәсекеқабілеттілік пирамидасына сәйкес мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігіне, саланың бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның, ал кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан да кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бәсеке мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу.
Нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу механизмінің негізін бәсеке құрайды. Бәсеке - іс-әрекеттердің қандай болмасын саласында ұнамды нәтижелерге жету үшін жүретін экономикалық сайыс, тауар өндірушілердің ұтымды шаруашылық жүргізудің шарттары үшін, нарықтың және пайданың үлесі үшін, нақты тапсырма алу үшін сайыс.
Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.
Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруына мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады, нәтижесінде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтауы күшейеді, қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.
Рыноктық жағдайға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды.
Жетілген бәсеке - өзара ұқсас , көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері: рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз, рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының қозғалысы жоғары, рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ, ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Егер жетілген бәсекенің , кем дегенде, бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі рыноктық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да рынокта үстемдік ету жолдары бар.
Жосықсыз бәсеке:
1. Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату.
2.Таурлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.
3. Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.
4.Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.
5. Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану.
6. Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік т.б.ақпараттарды жария ету.
Барлық елдерде бәсекелестік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады.
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері – тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.
Бәсеке – зор ұмтылыс жырақтарға, Бәсеке – күш әзірлеу мұраттарға. Бәсеке – қуаттану, шуақтану, Ғылымда ие болу ұлы аттарға, —
деп бәсекені талдай, зерттей келе мынадай ойға келдім: Бәсеке – қақтығысу, бұл рыноктық экономиканы қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық. Бәсеке кез келген рынокта бар. Әрбір тауар өндіруші бәсекеге түсе отырып тауардың сапасын, түрін, деңгейін көтереді және белгілі бір дәрежеде ұстауға ұмтылады.
