- •1.Аудиттің пайда болу кезеңдері.
- •2. Аудиттің даму тарихы.
- •3. Аудиттің пәні мен обьектісі.
- •7. Аудиттің әдеп кодексі.
- •8. Аудиттің Қазақстан Республикасында даму тарихы.
- •9.Қазақстан Республикасында экономикалық бақылауды ұйымдастыру.
- •10. Аудиттің басқада түрлері.
- •11. Операциялық аудит.
- •12. Қоршаған орта аясындағы аудит (экологиялық аудит).
- •13. Ішкі аудит.
- •15. “Аудитор түсінігі және аудиторларды аттестациялау тәртібі.
- •16.Аудиторлық ұйымның және аудитордың құқықтары.
- •17. Аудиторлық ұйымның және аудитордың міндеттері.
- •18.Аудиторлық қызмет және оның принциптері
- •19. Аудиттелетін ұйымның құқықтары мен міндеттері
- •20. Алдау (алаяқтық) пен қате және олардың түрлері.
- •21. Алдау және қатеге байланысты аудитордың міндеті мен іс-әрекеттері
- •22. Алдау мен қатенің тәуекелдігін арттыратын жағдайлар мен оқиғалар.
- •23. Маңызды және маңызды емес бұрмалаулар.
- •25. Маңыздылықты тексеру әдістері.
- •1.Тәуекелдіктің туындау себептері.
- •2.Тәуекелдікке негізделген аудит.
- •3.Тәуекелдіктің құрамдас бөліктері
- •4.Ішкі бақылау жүйелері туралы түсінік және оның құрылымы.
- •5. Ішкі бақылаудың ұйымға қажеттілігі және сыртқы аудитке ықпалы
- •6.Бақылаудың ерекше әрекеттері
- •7.Аудиторлық дәлелдер және олардың сипаттамасы
- •8.Жеткілікті және тиісті аудиторлық дәлелдер
- •9.Аудиторлық дәлелдер алу барысында қолданылатын бекітулер
- •10.Аудиторлық дәлелдер алу мақсатында орындалатын шаралар
- •11.Аудиторлық құжаттардың сипаттамасы
- •12.Аудиторлық құжаттардың нысаны,мазмұны мен ауқымы
- •13. Аудитордың жұмыс құжаттары, оларды жасау пайдалану және сақтау тәртіптері.
- •15.Іріктеп тексерудің әдістері және оларды салыстыру.
- •16.Іріктеуді жоспарлау, іріктелген үлгілерді таңдап алу және бағалау.
- •17. Аудиторлық жоспарлау мақсаты, қағидаттары, жоспарлау кезеңдері.
- •18. Аудиттің жоспары мен бағдарламасын әзірлеу.
- •19.Аудиторлық тексеру стратегиясы мен ауқымы
- •20. Аудиттің халықаралық стандарттары.
- •21. Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары.
- •22. Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп.
- •23.Ұйым басшысына аудитордың жазбаша ақпараттары
- •24.Аудиторлық есеп жасау күні және онда жасаған және қаржылық есеп тапсырғаннан күннен кейінгі болған оқиғаларды көрсету.
- •25.Аудит өткізу алдындағы алдын ала жүргізілетін міндетті іс-әрекеттер.
- •1.Аудиттің түрлері
- •2. Аудиттің функцияларының сызбасын сызып көрсетіңіз.
- •3. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа өз қызметінің бейіні бойынша қандай қызметтер көрсете алады.
- •4. Аудиттің кезеңдерінің сызбасын сызып көрсетіңіздер.
- •5. Кестеде тұтас және бақылау тәуекелдіктерінің бағалауына қарай қолайлы таптырмас тәуекелділік деңгейінің өзгеру мүмкіндіктерін көрсетіңіздер.
- •6. Аудиторға объективтілік қағидаты қандай міндеттер жүктейді.
- •7. Тұтас тәуекелдікке елеулі әсер етуі мүмкін мысалдар мен жағдайлар:
- •8. Аудитордың топшылауы бойынша жеткілікті және сәйкес (тиісті) дәлелдер қандай факторлардың ықпалында болуы мүмкін:
- •9. Аудитор сенімді ақпаратты қандай көздерден алады:
- •10.Сапаны бақылау және оның түрлері.(ахс 220)
- •11.Аудиторлық қызметті сақтандару.
- •12. Қаржылық есептілік көрсеткіштерінің жинақталу тәртібі.
- •13. Клиенттің бизнесі туралы қажетті ақпаратты аудитор қандай көздерден алуы мүмкін.
- •14. Аудиттегі іріктеу қандай мәселелерді қамтиды.
- •15. Қандай ақпарат маңызды болуы мүмкін.
- •18. Ақпарат көздерін сенімділігіне қарай орналастырыңыз.
- •20. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың сызбасын көрсетіңіз.
- •21. Табылмау тәуекелдігін есептеп шығарыңыз.
- •22. Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу ауқымы анықтау кезінде бөліп көрсетуді қажет ететін аудиттің кезеңдерінің сызбасын көрсетіңіздер.
- •23. Аудитті жоспарлау үрдісінің кезеңдерінің сызбасын көрсетіңіздер.
- •24. Алдын –ала жоспарлау кезеңі аудитор жұмысының қандай кезеңдерін қамтиды.
- •25. Маңыздылықты бағалаудың бірізділік белгілері бойынша орындалуының сызбасын көрсетіңіздер.
- •26. Аудиторлық қорытынды құрылымының элементтерін атаңыздар.
- •27. Аудиторлық қорытынды есебінің нысандарын атаңыздар.
- •28. Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды есеп.
- •29. Клиент өткізу шығындарын қандай шоттарға жатқызады.
- •30. Аудиттің халықарылық стандарттарының мазмұн-мағынасына қарай топтастырылу тәртіптері.
3. Аудиттің пәні мен обьектісі.
Аудиттің пәні деп-шартта құпиялық негізде жүзеге асырылатын шаруашылық жүргізуші ұйым қызметі туралы қаржылық қорытынды есеп және басқа да экономикалық ақпараттарды тапсырыс берушіге нақты қаржылық жағдайы және оның қаржылық болжамдарының нақтылығы туралы қорытындылардың толықтығын, дұрыстығын,дәлелдігін, обьективті бағалау мақсаттарға тәуелсіз сараптау және талдау,сонымен қатар ішкі бақылау жағдайларын қабылдайтын есеп саясатына, күшіндегі заңдарға және нормативті актілерге сәйкестігін тексерумен қатар клиенттерге оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша консультациялық қызмет көрсетулерді айтамыз. Аудиттің обьектісі мен пәнін олардың бір-біріне ұқсастығына қарамастан теңестіруге болмайды.Аудиттің обьектісі дегеніміз- ғылым өзінің пәнін зерттейтін нақты шындық деп түйсіну керек.Аудиттің пәні- нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізудің ұйымын айтамыз. Аудиттің маңызды обьектілерінің бірі шаруашылық жүргізуші ұйымның бүкіл қызметінің экономикалық тиімділігі болып табылады.
4.Аудиттің мақсаты мен міндеті.
Аудиттің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру /3/. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тапсырыс беруші қоятын мақсатты түсінуіміз керек. Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялвқ ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар және қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ашқа қаражаттарды мен инвестициялардың займын жүргізу бойына сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады. Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;
-аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету болып табылады
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субьектінің қаржы аруаылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдалануыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуге болады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады. Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық экономикалыө субьектінің қызметінің рентабельлһділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті , аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген ттынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды.
5. Аудиттің пайдаланушылар үшін маңыздылығы. Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дүрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді. Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (ауди-торлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атапайтқанда:
- экономикалықсубьектілердің
- салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің
- қаржылық есеп беруді әртүрлі пайдаланушыларды
- аудиторлар/ң меншік иесімен мем/ң мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп ж/е қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға б/у шеш/н дұрыс қабылдау ү/н қателермен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жанжақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
6.Аудиттің жіктелуі (түрлері), функциялары.Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жүмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жүмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді. Сондай ақ аудит объектілері бойынша банктік аудит,сақтандыру аудиті,биржалар,инвестициялар және зейнетақы корларынынң аудиті болып бөлінеді.Тағайындалуы бойынша сәйкестік аудиті,операциялық аудит,экологиялық аудит.
Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орыңдары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің кӛрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.
Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын рөлі' өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.
Жалпы аудит туралы, оның ішіңде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кэсіпорынның қаржы жағдайының және тӛлем жасау түрақтылығына толық түсініктеме береді.
Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар – кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иелері. Мемлекеттік қүрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер кӛтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты кӛңіл бӛлінеді. Сыртқы аудит қызметін атқарушылар - жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың ӛз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржылары қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары. Өзінің және кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге құштар. Нарықтық қатынас жағдайында ешқандай фирма, кәсіпорынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды. Ішкі аудит бүрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет кӛрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит ӛзінің жүмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды. Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен қүралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері: 1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап, аудиторлық куәлігі бар маман іздейді; 2)аудитор маманы мен кәсіпорын, басшылары келісім-шарт жасасып: а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды; б)жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті нақты кӛрсетіледі; в)аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.
