- •Мағына, ұғым, денотат үшеуін бөліп қарастырған ғалым.
- •Семантикалық үшбұрыш, трапеция.
- •3) Таңба түрлері (ажырату). Семиотиканың негізгі саласы. Семиотиканың, семасиологияның зерттеу бағыты.
- •4) 3 Сөзге компоненттік талдау, семантикалық талдау.
- •5) Семантика ғылымы, әдіс-тәсілі, басқа ғылым саласымен байланысы.
- •Мазмұн, меже ---оразовтан,соссюр, кронгауз, кобазев, м.С.Ельмцлевтен қарау.
- •Лексика-семантикалық өріс деген не?
- •Денотат, сигнификат-қ мағына, актуалды мағына деген не?
- •Лексика-ң жалпылауынан пайда болатын грамматикалық мағына атауы.
- •Эмоциялық мағына, лексикалық, грамматикалық мағына деген не?
3) Таңба түрлері (ажырату). Семиотиканың негізгі саласы. Семиотиканың, семасиологияның зерттеу бағыты.
Семиотика (гр. Semeion – белгі, таңба) – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым. «Таңбалар жайындағы ғылым ретінде семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байқауға байланысты И.С.Пирс пен Ф.де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. Тіл мен әдебиет семиотикасының негізін 1920-30 жылдары Прага лингвистикасының мектебі мен Копенгаген лингвистикасының үйірмесінің өкілдері (Н.С.Трубецкой, Р.О.Якобсон, Л.Ельмслев, В.Брёндаль т.б.) қалады. Семиотика ғылымы 1960 жылдардың басында мәдени антропология ғылымы тарапынан қызығушылық тудырды. Ол римдіктердің кинодағы кейіпкерлер бейнесін таңбалық тұрғыдан былай талдайды: «Цезарьдің өлімі мен Марк Антонийдің шешендігіне таңданған Рим халқы үнемді түрде өте үлкен шешендікпен өз қайғысының тереңдігін бір ғана терлеу белгісімен көрсетеді...Терлеу ойлауды білдіреді...» Бұл негізінен Роланд Барттың «Мифология» деп аталатын еңбегімен байланысты болды. Умберто Эконың айтуынша: «Семиотика таңба болып қарастырылуы мүмкін барлық нәрселерді зерттейді». Семиотика тек таңбаны зерттеумен ғана айналыспайды, ол сонымен қатар бір нәсенің орнына қолданылып тұрған екінші нәрсені де зерттейді. Ғалым Моррис семиотиканы лингвистиканың мынадай салаларымен байланыстырады: семантика: таңбамен оның не орнына қолданылып тұрғанмен байланысы; синтактика: таңбалар арасындағы пішіндік немесе құрылымдық байланысы; прагматика: таңбалардың аудармашылармен байланысы. Синтактика деген_таңба мен таңба арасындағы қатынасты қаратыратын ғылым. Семантика деген_таңба мен таңбаланатын заттың арасындағы қатынасты зерттейтін ғылым. Прагматика деген_таңба мен оны қолданушы арасындағы қатынасты қарастыратын ғылым.
Фердинанд де Соссюр: Белгінің екі қабатты үлгісін ұсынады: белгілеуші және белгіленуші. Белгілеуші белгінің мәнді беру пішіні, ал белгіленуші сол пішіннің жеткізіп тұрған мәні. Соссюр үшін семиотика белгілер қоғамдық өмірдегі рөлін айқындайтын ғылым.
Чарльз Сандерс Пирс: Белгіні талдау үшін үш қабатты құрылымды ұсынады. Ұсынысы бойынша белгі үш бөліктен тұрады : белгі тасымалдаушы, мән немесе мазмұн, референт. Пирс үшін семиотика логикамен тығыз байланысты белгілердің ресми доктринасы.
Пирс белгілерді нақты референті бар заттар деп қарастырғандықтан белгінің 3 түрін ұсынады: Символ, Белгіше (иконы), Индекстер.
Даниель Чандлерз еңбегіндегі осы үш топқа қысқаша анықтамасы:
Символ дегеніміз өзі білдіріп тұрған нәрсемен ешқандай ортақ белгісі немесе сәйкестігі жоқ, бірақ та қалыптасқан әдет, түсінік, немесе басқа да мәнге ие жалпы қалыптасқан ереже бойынша түсінілетін ұғым.
Белгіше – белгіленіп отырған нәрсе мен оның пішініндегі ұқсастығы бар белгілер. Яғни белгішеге қарап, біз ешқандай түсіндірмесіз ол белгідегі ақпаратты түсіне аламыз.
Индекс дегеніміз – белгіленіп тұрған нәрсе мен оның пішінінің өзгерместен, сол қалыпта берілуі.
4) 3 Сөзге компоненттік талдау, семантикалық талдау.
Компоненттік талдау әдісі – лексика-семантикалық топтың мүшелері арасындағы парадигматикалық байланысты анық көру үшін қолданылады. Компоненттік талдау туралы
Компоненттік талдау туралы: У.Гуденафа мен Ф.Лаунсфери, Л.Морган, Л.Ельмслева, Р.Якобсона, Г.В.Лейбниц еңбектерінде айтылады.
Жүр етістігіне компоненттік талдау
қозғалу қимылы бар;
қозғалған заттың бір орыннан екінші орынға өткендігін білдіреді;
қозғалу жерде болады;
бағытсыз қозғалысты білдіреді;
қозғалыстың темпісінің баяу (жүгіруге қарама–қарсы) болғандығын;
процестің созылыңқылығын т.б. білдіреді.
Сема (грек. Sema- белгі)_ мағынаның әрі қарай бөлінбейтін ең кіші бірлігі. Белгіленетін заттардың, болмыс құбылыстарының әр түрлі қырлары мен қасиеттерінің тілдегі қарапайым көрінісі. «Элементар (ұсақ) мән беретін семантикалық белгілер немесе мағына бөлшектері тіл білімінде сема деп аталады. Нақтырақ айтқанда, сөз мағынасының ең кіші, әрі қарай бөлінбейтін бөлшегі, ақиқат дүниемен байланысатын семантикалық элементі сема деп танылады» (Б.Сағындықұлы. «Қазіргі қазақ тілі») «Егер толық мағыналы екі сөз бір тіркесімділікте жиі қайталанып және осы жұбымен әртүрлі морфологиялық түрленімдерге түссе, онда екі сөздің лексикалық мағынасының жүйесінде өзара байланысатын кем дегенде ортақ бір семантикалық компоненттің болғаны» ( Г.С.Кузнецов )
В. Г. Гак семалардың мағынаны қалыптастырудағы рөлін ескере отырып тілдегі семаларды үш топқа бөлген:
Архисема - сөздерді өзара байланыстырып тұратын, оларды белгілі бір лексика-семантикалық топқа біріктіруде негіз болатын сема
Дифференциалды сема - сөздердің лексикалық мағынасына негіз болып, бір сөзді екінші бір сөзден бөліп тұратын сема
Потенциалды сема – сөздердің бірнеше мағыналларға ие болу ықтимадығын көрсететін сема.
Мағынаға берілген анықтама (антика дәуірі, психологияда, мысалдар) сөз-р сема түрі, архисема – жалпылауыш сема, дифференц-ды сема – саралаушы сема, потенциалды сема, коннотаттық сема – даралау.
Семалық талдау: Етістік: Келу. Архисема: қозғалыс, Диф.сема: бір жерден екінші нақты бір жерге бағытты қозғалу. Потенциалды сема: қалау – қалау – ұйқым келді, жатқым келді. Зат есім: Көз. Архисема: адамның дене мүшесі. Диф.сема: көру үшін арналған мүше. Потенциалды сема: апамнан қалған көз. Иненің көзі. Етістік: Тұр. Архисема: қалып етістік. Диф.сема: Тік тұру, жан иесінің кеңістіктің ең кіші бөлігін алып орналасуы. Потенциалды сема: ояну-ұйқыдан тұру, болу (находится) дүкенде тұрдым, көшенің қиылысында тұрмын.
