Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фотограмметрия шпаргалка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

2. Сандық аэрофотоаппарат

Кадрлар көпматрицалық аэрофотоаппараттар ттопографиялық және арнайы карталарды, 1:500 – 1:50000 масштабты қалалар карталарын жасау және жаңартуға бағытталған фотограмметриялық жұмыстардың барлық түрлерін жасауға арналған. Көру бұрышы 57о кадр форматы 24х1,2 мың пиксель, қолдану биіктігінің диапозоны 1500 м-ден (5 см/пиксель) 8000 м-ге дейін, толық түсті бейне (raw-12), суретке түсірудің ең аз интервалы 0,5 сек. Аэрофотоаппараттар өз кластарында жоғарғы өнімділікпен ерекшеленеді – шығу бейнесі 200 Мбайт/сек жылдамдықпен жасалады, бұл кезде 60-90% жабылумен ұшу биіктігінің 0,9 бөлігінде 0-900 км/сағ жылдамдықпен жұмыс жасауға мүмкіндік болады. Суретке түсіру нәтижелерін өндеу кез-келген кең таралған пакетпен жасалынады, мысалы, Leica Geosistems фирмасының LPS 8.7+Orthobase

3. Фотосуреттердің стереофотограмметриялық өлшеудегі тәсілі

Стереофотограмметриялық түсірістердегі суреттері, стереопарадан алынған суреттер мен стерескопиялық модельдерді арнайы стереоқұралдарда жасалады: түсіріс стереоскопы, стереокомпоратор, унииверсалды стереограмметриялық құралдар, монокомпоратор және т.б.

Стереопарадағы суреттерді өлшеу, бастысы стереоскопиялық тәсіл. Монокомпораторлы өлшеу тек жалғыз сурет бойынша жасалынады.

Бірақ монокулярлық өлшеу кезінде екі немесе одан да көп суреттерді өндеу кезінде нәтиже стереофотограмметриялық формуласы бойынша есептелгеннен соң стереопаралық өлшеулерді стереофотогрмметриялық болып табылады. Өйткені өндеу кезінде өлшеу нәтижесін математикалық сетреофотогрмметиялық құралды пайдаланады.

Емтихан билет №2

1.Фотограмметриялық объектілердің сипаттамасы

Фотографиялық объективтер әдетте, келесі өлшемшарттармен сипатталады: фокустық арақашықтықпен, салыстырмалы тесігімен, айқындау тереңдігімен, көру және көрініс өрістерінің бұрыштарымен, шешуші қабілетімен абберациялармен (көріністі құру қателіктері)

Объективтің фокутық арақашықтығының түсінігі анықталған болатын.

Объективтің салыстырмалы саңлауы х объектив арқылы өтетін жарық көлемін немесе оның белгілі ашықтық дәрежесімен фотопленкаға немесе фотопластинкаға көріністі түсіру қабілетін сипаттайды.

Объективтің айқындық тереңдігі объективтен түрлі арақашықтықта орналасқан, заттардың бірдей айқын көрінісін құру қабілетін сипаттайды. Осы түсінікті пайдаланып, фотокамерадан көрінісі жеткілікті айқын болатын затқа дейін минималды арақашықтықты бағалауға болады.

2. Стереоэффект түрлері және оларға жалпы сипаттама

Жеке фотосуреттерде, фотосхемаларда және фотопландарда рельефті, жер бетінің фотобейнелерін жердегі обьектілердің күн сәулесінін түрлі молшерде шағылысуына байланысты олардын өндері мен түстерінің озгеруінен ажыратуга болады.

Түрлі нүктелерден түсірілген жэне бір - бірін жабатын фотобейнелері бар 16 суретті стереопара дейді, ал осындай стереопараларда кеңістік бейнелерді бақылау мүмкіншілігін стереоскопиялак эффект (стереоэффект) деп атайды. Стереоэффект тура, кері және нөлдік болып көрінуі мүмкін. Тура стереоэффекті бақылау үшін стереопараның сол жақтағы фотосуретін сол көздің тұсына, ал оң жақтағы фотосуретті оң көздің тұсына орнықтырып, суреттегі аттас нүктелер көздің базисына шамамен параллель жаткан сызықтың бойында болуы тиіс.Егерде фотосуреттердің орнын ауыстырсақ онда кері стереоэффекті байқаймыз.

Тура стереоэффекте байкалатын кеңістік бейне табиғи жер бетіндеп көрініске сәйкес (ұқсас) болады. Онда таулы жер тау ретінде, сайлар сай ретінде көрінеді. Кері стереоэффекте барлық дөнес пішіндер соган ұксас бірақ ойысты жерлер болып байқалады.

Әдетте барлық ізденіс жұмыстары тура стереоэффектік бақылауда жүргізіледі. Стереомоделді бакылауды арнаулы стереофотограмметриялык аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қарапайымы айналы-линзапы стереоскоп.