Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аян.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
532 Кб
Скачать
☆

3. Азаматтык коғам

Азаматтық қоғам - онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты әрекет етушi тұлғасы мен субъектiсi ретiнде өз қажеттiлiктерiнiң, мүдделерi мен құндылықтарының барлық жүйесiмен бiрге адам болып табылатын қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсiз өмiр сүретiн қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, дiни, отбасылық және басқа қатынастардың барлық жиынтығын бiлдiредi, жеке мүдделердiң әралуандылығын көрсетедi. Қоғам демократиялық дамудың белгiлi бiр сатысында ғана азаматтық болады және елдiң экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениетi мен сана-сезiмiнiң өсу шамасына қарай қалыптасады.

Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым демократиялырақ болады.

Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншiктiң алуан түрлi нысаны кезiнде азаматтарда экономикалық дербестiктiң пайда болуы мен адами жеке тұлға мәртебесiнiң артуы болып табылады.

Азаматтық қоғамның мiндетi - жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.

Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесiнiң мүдделерiн қорғау, оның мүдделерiн билiк пен қоғам алдында бейiмдеу, билiк қызметiн қоғамдық бақылау әрi оның iшкi және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.

4. Мемлекеттің мәні әлеуметтік функциясы

Мемлекеттің түпкі мəні қандай болса оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының, механизімінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мəнін ашып көрсетуден бастау дұрыс əдіс. Мемлекеттің мəні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі жəне сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мəнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: маркстік – лениндік жəне жалпыəлеуметтік. Мемлекеттің мəні оның ерекшеліктері мен сипатты белгілерінің жиынтығынан тұратын мазмұнынан көрінеді. Мемлекеттің қоғамдағы саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен институттардан ерекшеленетін өзіндік бірнеше белгілері бар.Ондай белгілерге мемлекеттің аумағының болуы, мемлекеттің халқының болуы, мемлекеттік (бұқаралық) билік, мемлекеттің егемендігі (тəуелсіздік), құқық пен заңдардың барлығы, салық пен салықтық жүйенің болуы жатады. Мемлекет бүкіл қоғамдық қатынастарды реттеуге жəне халықты басқару барысында өзіне тəн бірнеше қызметтер атқарады. Мемлекеттің қызметі дегеніміз оның мəні мен табиғаты көрінетін іс - əрекетінің басты бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, əлеуметтік топтарға, жеке адамдарға немесе басқа мемлекеттерге бағытталады. Мемлекеттің

қызметтеріне экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, мəдени – тəрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, əскери, қорғаныс, халықаралық қылмыспен күрес т.б. жатады. Мемлекеттің қызметтері бірнеше топтамаларға бөлінеді. Мысалы мемлекет қызметінің маңыздылығына қарай олар негізгі жəне қосымша, уақыт жағынан тұрақты, уақытша, кеңістіктегі əрекетіне байланысты; жалпы мемлекеттік (жалпы ұлттық) жəне аймақтық, жалпы маңызды мақсаттардың атқарылу саласына байланысты: ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттің қызметтері – мəні мен қажеттілігін білдіретін мемлекеттің іс-əрекетінің негізгі бағыты. Мемлекеттің қызметтері қоғамға, қоршаған ортаға, əлеуметтік топтарға, тұлғаларға, басқа мемлекеттерге бағытталған белсенділігінің əр түрлі көрінісі. Қоғамдық қатынастарды тəртіпке келтіретін жəне реттейтін мемлекеттік ықпал жасау құралдарын шартты түрде құқықтық жəне ұйымдастырушылық деп екіге бөлуге болады. Мемлекет қызметінің құқықтық нысанда іске асырылуына құқық шығару, құқық қолдану жəне құқық қорғау жатады. Құқық шығару қызметі нормативтік құқықтық актілерді санкциялау, жасау, қабылдау, ескілерінің күшін жою сияқты мемлекеттің іс - əрекетінен көрінеді. Мемлекеттің құқық қолдану қызметі дегеніміз қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қолдануы. Құқық қорғау қызметі қабылданған нормативтік құқықтық кесімдердің дұрыс орындалуын жəне сақталуын қадағалау, бақылау жəне құқық бұзушыға мəжбүрлілік шарасын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет қызметінің ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылу нысаны не əдісі тұрғындардың іс - əрекенінің жағдайына ықпал жасау болып табылады. Мемлекет жалпы мемлекеттік, ұлттық, жергілікті деңгейлердегі маңызы асыру үшін тұрғындарды жұмылдырады, ұйымдастырады. Осы мақсатта əр түрлі саяси шешімдер, бағдарламалар қабылданады. Аталған басқа да мемлекет төмендегідей қызметтер атқарады: құқық қорғау, құқықты іске асыру, құқыққа түсінік беру, құқық белгілеу, заң қабылдау, өкім, үкім шығару, жаза тағайындау, қауіпсіздікті сақтау, қылмыспен күрес, адам, азамат құқығын, бостандығын қорғау, халықаралық лаңкестікпен күрес, экономикалық, əлеуметтік, құқықтық, мəдени – тəрбиелік, саяси, табиғатты қорғау, сыртқы істерді жүргізу, қорғану т.б.