Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аян.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
532 Кб
Скачать
☆

89. Қылмыстық процесске қатысушылар.

Сот – сот билігі органы, ҚР-ның сот жүйесіне кіретін, істі алқалы немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот. Бірінші сатыдағы сот – қылмыстық істі мәні бойынша қарайтын сот. Судья – сот билігінің иесі; осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы соттың мүшесі немесе тиісті соттың басқа да судьясы). Төрағалық етуші – қылмыстық істі алқалық немесе жеке қарау кезінде төрағалық ететін судья. Сот отырысында төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылардың барлығы және сот залындағы өзге адамдар үшін міндетті.

Прокурор – өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық іске түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға.

Тергеу бөлімінің бастығы – алдына ала тергеуді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы мен өз құзыреті шегінде іс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары. Тергеуші – өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам: ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі.

Анықтаушы – өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік лауазымды адам.

Сезікті - тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты қылмысты іс жүргізу кодексінде белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам.

Айыпталушы – өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмытық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам.

Қорғаушы – заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.

Жәбірленуші – қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар бар адам.

Куә – айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін. Сарапшы. Іске мүдделі емес, арнаулы ғылыми білімі бар адам – сарапшы ретінде шақырылуы мүмкін. Маман. Тергеуге және сот әрекеттеріне маман ретінде қатысуы үшін іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін қажетті арнаулы білімі бар адам шақырылуы мүмкін. Аудармашы. Аударма жасау үшін қажет тілді меңгерген және сезікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушыларыне жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды аудару үшін тергеу және сот іс-әрекеттеріне қатысуға тартылған іске мүдделі емес адам аудармашы ретінде шақырылады. Сот отырысының хатшысы. Сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот приставы - Сотттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам.