Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКДП автоматизация каз 2010.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793 Кб
Скачать
☆

5 Тақырып Электронды тахеометрлер мен программалық

қамтамасыздандыру (1 сағ.)

Лекция жоспары

1 Электронды тахеометрлер

2 Электронды тахеометрлерді бағдарламалық қамтамассыз ету

Қазіргі заманғы жоғарғы дәлдікті және жоғарғыөндірістік өлшемдердің геодезиялық тәсілдеріне барлық өлшемдерді автоматтандырылған түрде орындауға мүмкіндік беретін аспаптардың жаңа түрлері жатады. Бесінші дәрежелі ЭЕМ қолдану компьютердің интеллектуалдығын ұсынады, сондай-ақ мемлекеттік тілде кәсіптік емес қолданушыға онымен жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Далалық жағдайларда топографиялық-геодезиялық ақпаратты тілдік енгізу еңбектің жағдайының жақсаруын және бақылаушының есеп алуының қателігінің азаюын қамтамасыз етеді.

Топографиялық түсірістерді және басқа да инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде далалық өлшемдерді автоматтандыру үшін жоғарғы дәлдікті электрондық тахеометрлер құрылған. Электронды тахеометр кодтық теодолиттің базасында құрастырылған бұрыштық бөлімді, светодальномер және енгізілген ЭЕМ ді құрайды. Бұрыштық бөлімнің көмегімен горизонтальді және универсалды бұрыштар, светодальномермен – арақашықтық анықталады, ал ЭЕМ әртүрлі геодезиялық есептерді шешеді, аспаптық қысымды қамтамасыз етеді, өлшемдердің қорытындысының бақылауын және олардың сақталуын қадағалайды. Мысал ретінде отандық ТаЗМ электрондық тахеометрді ала аламыз, оның көмегімен: 4” қателікпен горизонтальдік бұрыштарды, 5” қателікпен зениттік ара қашықтықты, 10 мм қателікпен көлбеу қашықтықты, горизонтальді салындыны, нысаналау нүктенің биіктігін , координаттар өсімшесін немесе нысаналау нүктесінің координаталарын анықтайды.

Аспап төрт тәртіппен жұмыс істейді: бөлінген, жартылай автоматтандырылған, автоматтандырылған және бақылау тәртібінде. Геодезиялық есептеулер түзетпелер есебімен шешіледі: жер қисығының атмосферасының дифракциясымен, қысым мен температурамен, аспаптың штативінің биіктігінің айырмашылығы және шағылдырғышпен. Бұрыштық мәндер туралы ақпарат гондармен немесе градустармен беріледі. Аспаптың бұрыштық көрсеткіші – кодтық, жинақтаушы түрлі. Тахеометрдің құрамына мыналар кіреді: шағылдырғыштар, штативтер, тоқ көзі, разрядтық-зарядтық құрылғы, аспапты жөндеуге және оны күту үшін керекті жабдықтар. ТаЗМ тахеометрі электроқұрылғымен жабдықталған. Сандық тақтада берілетін оперативті ақпарат тахеометрдің жадына немесе сыртқы жинақтауышқа шығарылады.

ТаЗМ шығаратын есептерді отандық кәсіпорынмен шығарылатын 3Та5 электронды тахеометрі де орындай алады, бірақ басқа техникалық мінездемелерге ие: горизонтальді бұрыштарды өлшеудегі қателік 5”, зениттік ара қашықтықты өлшеудегі қателік 7”,(көлбеу қашықтықты өлшеудегі қателік (5 + 3D км) мм .

Шетелдік фирмалар (АҚШ, Германия, Швеция, Жапония және т.б.) бұрыштарды өлшеу дәлдігі 0,5 тен 20” қа дейін, арақашықтықтар 2 ден 10 мм-ге дейін және 10000 нүктеге дейін бақылау қорытындысын сидыратын электронды тахеометрлерді шығарады.

Роботтандырылған электронды тахеометрлер бар, мысалы, «Геотроникс» фирмасының (Швеция) «Геодиметр 640», ол арнайы бағдарламамен шағылдырғыштардың соларға дейінгі ара қашықтығын өзі табады, горизонтальді және вертикальді бұрыштарды анықтайды және әрбір шағылдырғыштың координаталарын анықтайды. Карьерлерде осы аспаптың көмегімен карьердің борттарының деформациясын анықтайды.

Әр түрлі геодезиялық міндеттерді шешу үшін қолданбалы бағдарламалар

TPS1000 және TPS1100 жүйесіне көптеген қолданбалы бағдарламалар практикалық міндеттерді шешу үшін бағдарланған. Бұл бағдарламалар қолданушылардың талаптарына байланысты жаңартылып отырады.

Сіз келесі таңдауға ие боласыз:

• Бағдарлау / Биіктік белгісін беру

• Айналмалы кертпе

• Жобалық берілісті болмысқа шығару

• Қол жетпейтін нүктеге дейінгі ара қашықтықты анықтау

• Кері кертпе

• Қол жетпейтін нүктенің биіктік белгісін анықтау

• Ауданды есептеу

• Полигонометриялық жүріс

• Референц-сызық / Өстерді шығару

• Айналма әдістер тәсілі

• Жасырын нүктелерді түсіру

• Трасса өсін бөлу

• Геометриялық функциялар

• Автожазылу

• жобалық берілістерді болмысқа шығару үшеселі

• Фасадтарды түсіру (тек TCRM тахеометрлері үшін)

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Поклад Г.Г., Гриднев С.П. Геодезия. – М.: Академический проект, 2007. – 592 с.

2. Федотов Г.А. Инженерная геодезия. – М.: Высш. шк., 2004.- 463 с.

3. Киселев М.И., Михелев Д.Ш. Геодезия. - М.: Издательский центр

«Академия», 2004.- 384 с.

4. Геодезические приборы и оборудование / Каталог - М.: НПП «Навгеоком», 2003.- 142с.

5.Приборы, системы и программное обеспечение / Каталог – Алматы: ТОО «ЕАТС»Leica Geosystems, 2003.- 64с.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [15]