- •1) Тқн пән ретінде міндеттері,пәнді зерттейтін сұрақтар:
- •2) Қр төтенше жағдайлардың қауіпті және зиянды факторлардың жіктелуі:
- •Қоршаған ортаның факторларының бөлінуі
- •Апаттар түрлері
- •Өндірістік факторлар және адам денсаулығына әсері
- •Өндірістік факторлардың жіктелуі
- •4) Адам ағзасына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторлар:
- •5) Литосферадағы табиғи апаттың түрлері.Зақымдаушы факторлары және негізгі алдын алу шаралары
- •7. Гидросферадағы табиғи апат түрлері, зақымдаушы факторлар және негізгі алдын алу шаралары
- •6. Атмосферадағы табиғи апат түрлері, зақымдаушы факторлар және негізгі алдын алу шаралары.
- •8. Жер сілкінісінің жіктелуі, зақымдаушы факторлары, жер сілкінісін шығаратын көріністер
- •9. Жанартаулар жіктелуі, зақымдаушы факторлары, көріністер.
- •10. Тасқын себептері. Тасқынның алдын алу шаралары.
- •11.Қар көшкіндері. Көшкінге қарсы және алдын алу шаралары
- •13.Цунами жаршысы алдын алу шаралары.
- •15.Дауылдар. Дауыл жаршылары алдын алу себептері.
- •16,Өндірістік жіне транспорттық апатта,алдын алу шаралары
- •17, «Адам –машина –өндірістік орта»желісіндегі қауіпсіздік орта
- •18,Үй адамның мекен ортасы ретіндегі,адамның мекен ортасының қаупі.
4) Адам ағзасына әсер ететін зиянды және қауіпті өндірістік факторлар:
Қауіпті өндірістік факторлерге:
тұтанғыш – қалыпты қысым және ауамен қосылу жағдайында тұтанғыш болатын және қайнау температурасы қалыпты қысым жағдайында 20 немесе одан төмен Цельсий градусын құрайтын зат;
жарылғыш - сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өздігінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын зат;
жанғыш – өздігінен тұтанып, сондай-ақ от алдыру көзінен от алып, оны алып тастағаннан кейін өздігінен жанатын зат;
тотықтандырғыш – жануға көмектесетін, тұтануды тудыратын және (немесе) тотықтандыру-қалпына келтірудің экзотермиялық реакциясы нәтижесінде басқа заттардың тұтануына себеп болатын зат;
уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
асқазанға енгізілген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 15-тен 200 миллиграмға дейін келетін;
теріге енгізген кезде өлтіретін орташа дозасы бір килограмм салмаққа қоса алғанда 50-ден 400 миллиграмға дейін келетін;
ауадағы өлтіретін орташа шоғырлануы бір литрге қоса алғанда 0,5-тен 2 миллиграмға дейін келетін;
жоғары уытты – тірі организмдерге әсер ету кезінде олардың өліміне әкеп соқтыруға бейім және мынадай сипаттамасы бар зат:
құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;
радиоактивті және ионды сәулелену көздері жатады.
Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар,яғни,токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады.
Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады. Қауіпті өндірістік факторлардың өндіріс персоналына, тұрғындарға, қоршаған ортаға зиянды әсер ету тәуекелін барынша азайту мақсатында қауіпті объектілерде өндірістік бақылауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады
