Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1178_N_emtikhan.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
256 Кб
Скачать
☆

6. Атмосферадағы табиғи апат түрлері, зақымдаушы факторлар және негізгі алдын алу шаралары.

Дауыл (ураган)- стихиялық апаттардың қауіпті түрлерінің бірі, ол халық шаруашылығына орасан зор зиян келтіріп, кейде адамдар арасында құрбандықтар тудырады.

Дауылдың көзі- 12 және одан да көп балға жетіп, желдің жылдамдығы 30м/с- 120км/сағ жетеді. Осындай күшті дауыл өз жолында кездескендердің бәрін жайпап кетеді. Олар циклонөткенде байқалып, теңізді қатты толқындатып, құрғақта қиратулар тудырады.

Құйынды дауыл (буря)- бұл өте күшті жел, теңіз бетінде толқын тудырып, құрғақ жерде қирауға әкеледі.

Құйынды дауыл циклон, құйын өткенде байқалады. Желдің жылдамдығы 20м/с-тан 100м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Дауыл кезінде бетті мақта матамен, орамалмен жауып, көзді көзілдірікпен қорғау керек.

Құйын(смерчь)- бұл найзағайлы бұлтта пайда болып, төмен қарай теңіз немесе жер бетінен тарлатын атмосфералық иірілім.

Құйынның жоғарғы бөлігі құты тәрізді кеңейген, ол бұлтпен шектеседі, ал құйын жер беткейіне түскен кезде төменгі бөлігі кеңейеді. Құйынның биіктігі 800- 1500 метрге жетуі мүмкін.

Құйындағы ауа өзіне шаң мен суды тартып жоғары қарай бұранда тәрізді көтеріледі. Айналу жылдамдығы 330 м/с жетеді. Құйын найзағай, жаңбыр, бұршақ жауынымен қатар жүреді, ол өз жолында көп қирау туғызып, су мен заттарды өзіне сорады.

Құйын теңіздегі кемелер үшін аса қауіпті. Құрғақ жердегіқұйынды АҚШ да торнадо деп атайды.

Осындай апат кезінде ғимараттардың терезесінен алшақ кетіп, ішкі қабырғаның бойында, жуыну, дәретхана бөлмелерінде, мықты шкафрар мен стол астына жасырыну керек. Әрқашан пештегі жанып тұрған отты, электр энергиясын сөндіріп, газдарды жабу керек. Су, тамақ, дәрі дәрмек қорын дайындап, мүмкіндігінше мықты ғимараттарда жасырынған дұрыс.

Қарлы боран. Қар басу- көп мөлшерде қар түскенде және жел соққанда бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке созылады.

Қар басу мен жел соғу кезінде ауа температурасы бірнеше градусқа төмендейді, мұздықтар пайда болып, ол электр энергиясының берілуінің тежейді, АТС жұмысының ұзақ уақыт істен шығуына және көлік қозғалысының тоқтауына әкеліп соғады.

Боран кезінде ғимараттарға жасырыну керек. Егер далада немесе жол бойында қалсаңыз, үлкен жолдарды іздеп табуға тырысу керек, себебі олар уақытымен қардан тазаланады және сол аймақта сізге көмек келері сөзсіз.

7. Гидросферадағы табиғи апат түрлері, зақымдаушы факторлар және негізгі алдын алу шаралары

Су тасқыны дегеніміз қардың тезеруі, нөсер, күшті желмен су ағысының жылдамдауы салдарынан өзен, көл немесе теңіз деңгейінің көтеріліп, құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы.

Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

Күшті жауын шашыннан немесе қардың тез еруінен

Қуалай соққан желдің әсерінен және өзеннің теңізге құятын сағаларында.

Су астында жер сілкінудің салдарынан пайда болады.

Теңіз жағалаулары мен аралдарда су тасқыны жер сілкінісі, жанар таулардың атқылауы салдарынан пайда болған толқынның әсерінен туындайды. Теңізден болған су тасқындары Жапония жағалауларында, Тынық мұхиты аралдары аймағында жиі байқалады, олардан ауыл шаруашылығы мен өндіріске орасан зор экономикалық шығын келеді.

«Цунами» деген сөз жапон тілінен шыққан, тура аударғанда үлкен толқын деген сөзді білдіреді. Ол су асты жанар тауларының атқылауынан пайда болатын үлкен ұзындықтағы гравитациялық толқындар. Су күші жылдамдығының және су асты бағаналарының өзгерісі әсерінен су бетінде көтерілулер және төмен түсулер байқалады. Пайда болған көтерулер судың тербелісті қозғалуына ауысып, теңіз түбінен 50- 100 км/сағ жылдамдықпен тарайды.

Көршілес толқындар арақашықтығы 50кмден 1500кмге дейін. Толқындардың биіктігі 0,1- 5 м, жағалауда 10 м дейін жетеді, жазықтарда 50 м дейін жетіп, жолында орналасқан жағалаудағы елді мекенді қиратып өте үлкен шығындар тудырады. Құрлық тереңдігінде цунами 3 км дейін жетеді, оны цунами толқындары деп атайды.

Цунамидің 1000-ға жуық оқиғасы тіркеліп, оның 100ге жуығы апаттық шығынға әкелген. Цунамидің 80% Тынық , Атлант, Үнді мұхиттары, Жерорта теңізі аймағында орын алады.

100жер сілкінісі тек бір жағдайда ғана цунами тудырады. Цунами жағалауға тез жетеді. Жағалауға жеткен толқындардың биіктігі өсе береді, олардың қалдыратын зардаптары өте орасан.

Апат ошағындағы көмек:

Осы аймақтардағы құтқару және емдеу эвакуациялау шараларын жүргізгендеадамдардың суық суда болу уақыты тым шектелетінін есепке алу өте маңызды. Есте болған дұрыс- суық судағы адамның қаза болуы сыртқы ортаның температурасына байланысты, егер температура +2-3градус болғанда 10-15 минут, ал -2 градуста 5-8 минут аралығында адам қаза болуы мүмкін. Сондықтан құтқару және емдеу эвакуациялау шаралары кезінде міндетті түрде ұшақтар мен тез жүретін кемелерді пайдалану қажет.

Су апатынан зардап шеккендерді жағаға жеткізгеннен кейін ккөрсеткіштері бойынша оларға шокка қарсы кешенді ем және реанимациялық шаралар жүргізіледі. Осындай зардап шеккендердің басым көпшілігіндегі жарақаттар терапиялық профильдегі болып келеді, себебі жылдың суық мерзімінде суда болған адамдарда пневмония жиі дамиды.

Емшаралар келесі кезекпен орындалады:

Ауыз қуысын су, құсық және бөгде заттардантазалау

Өкпедегі суды шығару

Өкпенің жасанды желдетуін жасау

Жүректің жабық массажын орындау.

Теңіз суына батқан адамда гиповолемия мен өкпе ісігі дамиды, сондықтан қанның реологиялық қасиетін жақсарту мақсатында көктамыр ішіне реполюглюкин ерітіндісін енгізеді.

Тыныс анальгетиктерін егу суға батудың қай түрі болса да қажетсіз деп саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]