- •Салық және салық салу
- •1. Салыктардын экономикалык мэні және функциялары.
- •2. Жеке табыс салығы
- •3. Корпоративтік табыс салығы: есептеу және төлеу механизмі
- •5. Занды тұлғалардың мулик салыгын есептеу механизми.
- •6. Шаруа кожалыктары (фермерлик шаруашылык) ушин арнайы салык режими
- •8. Акциздер: мәні, алыну механизми
- •9.Корпоративтик табыс салыгы: мани, алыну механизми
- •12. Акциздер: есептеу және төлеу механизмі
- •11. Жер салығын есептеу механизмі
- •13. Рента салыгын есептеу механизми
- •17. Салык жуйеси мен салык саясаты
- •18. Экономиканы салықтық реттеу
- •20. Бейрезидент заңды тұлғаларға табыс салығын салу
- •22.Жеке кэсіпкерлерге салык салу
- •24. Ққс: мэні, алыну механизм!.
- •27. Әлеуметгік салык: мәні, алыну механизмі
- •28. Шагын жэне орта бизнес субъектилери ушин арнайы салык режими.
- •30. Бейрезидент жеке тұлғаларға табыс салығын салу
- •31.Салық қызметі органдарыиыц салыктық бақылауы.
- •32.Төлем көзінен ұсталатын табыстар
- •33. Ойын бизнесіне салық: есептеу және төлеу механизмі
- •34. Мемлекет экономикасын дамытудағы салыктардын экономик. Маңызы және рөлі
- •38.. 3 И9 сурактар.
- •40. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
- •42. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •46. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
2. Жеке табыс салығы
Салық төдешілер ҚР аумагында салык салу табысы бар резидент жэне резидент емес жеке тұлгалар. Салык объектісі: 1. төлем козІнен салык салынатын табыс 2.төлем көзінен салык салынбайтын табыс. Төлем көзінен салык салынатын табыс салык салу максатында өз алдында 6 топка бөлінеді: 1. кызметкердін табысы 2. бір жолгы төлем түріндегі табыс; 3.сыйакы. дивиденд, үтыс түріндегі табыс; 4.стипендия; 5.жинактаушы сактандыру шарттары бойынша алынган табыс; 6.жинактаушы зейнетакы корларынан берілетін зейнетакы төлемдері. Төлем көзінен салык салынбайтын табыстар ез алдына 4 топка бол.: 1.мүліктік табыс; 2.кэсіпкердің табысы; 3.жеке адвокатгар мен нотариустардың табыстары; 4. жогарыда аталған топтарға кіргізілмеген жеке тулганың өзге де табыстары. ЖТС -ң салык салу базасы болып жалакы коры мен міндетті зейнетакы корларына толемдерді және жалақының төменгі молшерін (12730 тг.) алып тастағандағы сома табылады. Жеке тұлганын мыналай табыстарына салык салынбайды: 1.мемлекеггік бюджеттен алынған зейнетакы, стипендия; 2.алимент; 3.мутедектердін табысы; 4.мемлекеттік бағалы кағаздар мен агенттік облигациялармен жасалган операциялардан тускен табыстар; 5.Ұлы Отан соғысына катысушылардын, оларга теңестірілген адамдардын, 1жане 2 топ мугедектердин табыстары; 6. т.б. ЖТС 10 % пропорционал ставкамен алынады.
3. Корпоративтік табыс салығы: есептеу және төлеу механизмі
Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстар алатын резидент емес заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.
Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
Корпоративтік табыс салығын салу объектілері мыналар болып табылады:
1) салық салынатын табыс;
2) төлем көзінен салық салынатын табыс;
3) Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы бөлімде көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
ЖЖТ – салық төлеушінің бір салық жылында жылында тапқан барлық табыстары. Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады
Шегерімдер д-з – салық төлеушінің ЖЖТ-сын алу барысында жұмсаған шығындары. Шегерімдер келесідей болып жіктеледі:
шегерім құрамына қосылатын шығындар
шегерім құрамына қосылмайтын шығындар
Салық төлеушінің табыс алуға бағытталған қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстары салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатады.
Салық Кодексінде көзделген жағдайларда шегерімге жатқызылған шығыстардың мөлшері белгіленген нормалардан аспауға тиіс.
Шегерімдерді салық төлеуші өзінің табыс алуға бағытталған қызметіне байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде жүргізеді. Бұл шығыстар, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатады.
4. Жанама салық Салық салу әдiсi бойынша салықтарды тiкелей және жанама тұрге бөлемiз. Жанама салықтар салықтың соңғы тұтынушыға ауысуы арқылы жүргiзiлетiн салықтар немесе бағаға үстеме түрінде жүргiзiлетiн салықтар. Жанама салық тауарды тұтыну немесе сату кезiнде салынады. Бұларға акциздер, қосылған құн салығы жатады.
Жанама салықтардың өзi индивидуалды жанама салықтар, әмбебап жанама салықтар және фискалды-монополиялық жанама салықтар түрінде бөлiнедi.
Жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады;
Әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады;
Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдар-да сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.
Индивидуалды жанама салықтарға – акциз салығы жатады.
Әмбебап жанама салықтарға – қосылған құн салығы жатады.
Жанама салықтардың қолданылуында ең басты кемшiлiгi болып тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлген қызметтердiң құнының, бағасының өсiп кетуi табылады.
Ал жанама салықтардың ең басты артықшылығы – салық төлеушiлердiң салықты төлеуден жалтарынудың ешқандай мүмкiндiгiнiң болмауы.
