- •2.Логистиканы қолданудың тиімділігі
- •Тарату жүйесінің тасымалдау шығ/ры
- •Қоймалар саны
- •13.Логистикадағы штрих кодтарды қолдану және олардың түрлері,тиімділігі.
- •14. «Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы.
- •15. Шығындардың қойма сандарына тәуелділігі
- •16. Өндірістік логистика түсінігі
- •Жинау цехы
- •Шикізат қоймасы
- •Материалдық қор түсінігі және оның түрлері
- •Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басарудың «тартушы» және «итеруші» жүйелері
- •Канбан микрологистикалық жүйесі
- •Қор жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаттамасы және қор жағдайын бақылаудың негізгі жүйелерінің қызмет ету механизмі
- •Тарату логистикасының түсінігі
- •Қорларды нормалау
- •23. Логистикадағы қоймалау және қоймалардың қызметтері
- •Қызмет көрсету аумағында оңтайлы қойма саны
- •25.Жүк өңдеу және таро (сыртқы орам) және оның түрлері, буып түюдің алатын орны
- •26.Тарату жүйесіндегі басқару шығындарының қойма санына тәуелділігі
- •27.«Дәл мерзімде жеткізу» логистикалық концепциясы мен канбан микрологистикалық жүйесінің өзара бай/сы
- •28. Тарату жүйесіндегі эксплуатациялық шығындардың қойма санына тәуелділігі
- •Әлемдік логистикалық жүйелер: Америка, Еуропа, Азия
- •30. Ғаламдық логистикадағы делдалдар
- •31.Логистикалық сервис деңгейінің оңтайлы көлемін ан
- •32.Логистикалық сервис түсінігі және логистикалық сервис деңгейі.
Тарату жүйесінің тасымалдау шығ/ры
Қоймалар саны
10.Логистиканың функционалды салаларының сипаттамасы. Логистиканың 5 функционалдық салалары бар: 1)Сатып алу логистикасы(нег); 2)Өндірістік логистика (нег); 3)Тарату логистикасы (нег); 4)Тасымалдау логистикасы; 5)Ақпараттық логистика. Сатып алу логистикасы– кәсіпорынды материалды ресурстармен қамтамасыз ету үрдісіндегі материалды ағымдарды басқару.Сатып алу логистикасының мақсаты – кез келген кәсіпорынды қажетті уақытта, қажетті сапада және керекті көлемде материалды ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.Сатып алу логистикасының міндеттері : 1.Қандай өнім сатып алу керек; 2.Қанша көлемде сатып алу керек; 3.Кімнен (жабдықтаушыдан) сатып алу қажет; 4.Қандай шарттарда сатып алу керек. Өндірістік логистика - өндіріс процесінде материалдық ағымдарды басқару процесі.Өндірістік логистиканың мақсаты – кез келген өнімді өндіруде логистикалық әдістерді қолдана отырып күрделі өндірістік жүйелерді оптимиациялау болып табылады. Тарату логистикасы – тұтынушылардың талғамдары мен талаптарына сай, дайын өнімді тұтынушыға жылжыту процесінде жүзеге асатын тасымалдау, қоймалау, сақтау ж/е т.б. операцияларды жоспарлау, бақылау ж/е басқару ғылымы. Тарату логистикасы тарату процесінде материалды ағымдардың қозғалысын, физикалық бөлу процесін оптимизациялау болып табылады. Ақпараттық логистика – логистикалық жүйеге тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті мәліметтерді жинау, өңдеу. Тасымалдау логистикасы материалдық ресурстардың тасымалдануымен және орын ауыстырумен, көлік құралдарын таңдаумен, тиімді маршруттарды құру және таңдаумен айналысады. Тарату логистикасының міндеттері: -Дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізу үдерісін басқару. -Аймақтағы тарату орталықтарын (қойма) орналастыру
11.Логистикадағы ақпараттық ағымдар мен жүйелер. Ақпараттық логистика – логистикалық жүйеге тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті мәліметтерді жинау, өңдеу. Ақпараттық ағым – логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті логистикалық жүйелер мен оның сыртқы ортасында жүретін ақпараттар жиынтығы. Логистикалық жүйеге қатысты:А) ішкі ақпараттық ағымдар; Б) сыртқы ақпараттық ағымдар; В) горизонтальды (көлденең) ақпараттық ағымдар; Г) вертикалды (тік) ақпараттық ағымдар;Д) логистикалық жүйеден сыртқа кететін ақпараттық ағымдар;Е) логистикалық жүйеге сырттан келетін ақпараттық ағымдар 2. Ақпараттық мақсаты бойынша:А) директивті (басқарушы) ақпараттық ағымдар;Б) нормативтік-анқтамалық (анықтамалар, классификатор, стандарттар);В) талдау ақпараттары (статистикалық мәліметтер)3. Пайда болу уақыты және қолдану мерзімі бойынша:А) тұрақты ақпараттар;Б) оперативтік ақпараттар;4. Ақпараттардың ашықтық және маңыздылық дәрежесі бойынша:А) ашық;Б) жабықВ) коммерциялық Г) қарапайым – күнделікті жиналатын ақпараттарД) тапсырысты – арнайы тапсырыс негізінде жиналатын ақпараттар5. Ақпараттарды тасушының түрі бойынша:А) қағазБ) электрондықВ) ауызша және т.б.6. Ақпараттарды беру әдісі бойынша:А) почтаБ)телефонВ) радиоГ) теледидарД) факс және т.б. Ақпараттық жүйе- бұл лог/қ жүйенің қызмет етуін жоспарлау,реттеу, бақылау ж/е талдау үшін лог/қ басқару қолданатын,байланысты ақпаратпен біріккен құралдар мен процедуралардан,персоналдардан тұратын интерактивті құрылым.Кез келген кәсіпорынның ақпарат алмасу процесін жүйе ретінде қарастыруға болады. Ол жүйе екі бөлімнен тұрады: 1.Функционалды бөлім; 2.Қамтамасыз етуші бөлім.Функционалды бөлім шешілетін мақсаттардың, мәселелердің жиынтығынан тұрады.Қамтамасыз етуші бөлім келесі элементтерден тұрады:а) техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық ағымдардың өңделуін және берілуін қамтамасыз ететін техникалық құралдардан тұрады: телефон, компьютер, факс және т.б.Б) ақпараттық қамтамасыз ету – анықтамалар, классификаторлар және т.б. мәліметтерді ресми бейнелеу құралдары жатады.В) математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету – мәліметтердің алынуын қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы және бағдарламалар кешені.Логистикалық ақпараттық жүйелердің алдына қойған мақсатын тиімді шешу үшін келесі ережелерге сүйіну керек. 1.Ақпараттарды қолданушы үшін оның толықтығы және жарамдылығы; 2.Ақпараттардың дәлдігі; 3.Уақыттылығы; 4.Нақтылығы; 5.Икемділігі (бейімділігі). 6.қолайлылық
12. Сатып алу логистикасының мәні және міндеттері, жабдықтаушыларды таңдау міндеті Сатып алу логистикасы – бұл кәсіпорынды материалды ресурстармен қамтамасыз ету үрдісіндегі материалды ағымдарды басқару. Сатып алу логистикасының мақсаты– кез келген кәсіпорынды қажетті уақытта, қажетті сапада және керекті көлемде материалды ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.Жалпы,кез келген өндірістік,сондай ақ сауда кәсіпорнында материалдық ағымдар өңделеді,сондықтан оның құрамында еңбек заттарын –шикізат,жартылай фабрикаттарды,халық тұтынатын бұйымдарды сатып алатын,жеткізетін ж/е уақытша сақтайтын қызметі бар,яғни ол жабдықтау қызметі.Бұл қызметтің іс әрекеті үш деңгейде қарастырылуы мүмкін,себебі жабдықтау қызметі бір уақытта:-кәсіпорын кіретін микрологистикалық жүйенің мақсаттарының жүзеге асырылуын ж/ебайланыстарын қам/з ететін элемент болады;-микрологистикалық жүйенің элементі б.т/ды,яғни кәсіпорынның мақсаттарының жүзеге асырылуын қам/з ететін осы кәсіпорынның бірден бір бөлімшесі б.т/ды;-элементтері,құрылымы ж/еөздерінің мақсаттары бар өзіндік жүйе. Сатып алу логистикасы қарастыратын мәселелері (7)1. Материалды ресурстарға қажеттілікті анықтау.(Белгілі бір тауарды өндіру үшін қандай шикізаттар, ресурстар қажет соны анықтау).2. Сатып алу рыногын зерттеу.(Сатып алу рыногын зерттеу жұмысы жабдықтаушылар рыногының іс әрекетін талдаудан басталады). 3. Жабдықтаушыларды таңдау.4. Сатып алу бюджетін дайындау.Мұнда мынадай шығындар түрлерін анықтайды:•материалды ресурстардың негізгі түрлері б/ша тапсырысты орындауға кететін шығындар;•тасымалдау,жіберу ж/е сақтандыру шығындары; •жүк өңдеу шығындары;•жеткізу шараларының орындалуын бақылауға кететін шығындар;•материалды ресурстардың қабылдануына ж/е тексерілуіне кететін шығындар;•потенциалды жабдықтаушылар жөнінде ақпарат іздеуге кеткен шығындар.5. Сатып алуды жүзеге асыру.6. Жеткізуді бақылау. 7. Сатып алу процесін өндіру, өткізу, қоймалау және тасымалдау, сондай-ақ жабдықтаушылармен жүйелі байланыстыру
Сатып алу логистикасының міндеттері. Кәсіпорынды еңбек заттарымен қамтамасыз ету үрдісінде жауап беретін негізгі сұрақтар дәстүрлі ж/е жабдықтау логикасымен анықталады:-не сатып алу;-қанша сатып алу;-кімнен сатып алу;-қандай шарттарда сатып алу.Дәстүрлі тізімге логистика келесі сұрақтарды қосады:-сатып алуларды өндіріс ж/е өткізумен қалай жүйелі түрде байланыстыру қажет;-кәсіпорын қызметін жабдықтаушылармен қалай жүйелі байланыстыру керек.Осыларды қорытындылай келе с.а.лог/ң мынадай негізгі міндеттері бар деуге болады:1.Қандай өнім сатып алу керек;2.Қанша көлемде сатып алу керек;3.Кімнен (жабдықтаушыдан) сатып алу қажет;4.Қандай шарттарда сатып алу керек. 5.Сатып алу процесін өндіріс және өткізумен (таратумен) қалай жүйелі түрде байланыстыру қажет;6. Кәсіпорын үшін ең тиімді жабдықтаушыларды таңдау; 7.Кәсіпорын қызметін жабдықтаушылармен қалай жүйелі байланыстыру керек. Сатып алу логитикасының белгіленген сұрақтары осы функционалды саладағы шешілген мәселелердің құрамы мен орындалатын жұмыстар сипатын анықтайды.Сатып алу логитикасына жататын міндеттер:-Материалды ресурстарға деген қажеттіліктерді анықтау.Материалды ресурстарға өажеттілікті анықтау процесінде материалдық ресурстарды,фирма ішіндегі қажеттілікпен теңестіру қажет.-Сатып алу нарығын зерттеу.Сатып алу нарығын зерттеуді жабдықтаушылар нарығының тәртібін талдаудан басталады.-Сатып алуды жүзеге асыру.Бұл қызметті жүзеге асыру келісім жүргізуден басталуы тиіс.олар сол шарттардың бекітілуімен аяқталуы қажет.Келісім қатнастары шаруашылық байланыстарды қалыптастырады, оларды оңтайландыру логитиканың міндетті болып табылады.-Жабдықтаушыларды таңдау.Оған жабдықтаушылар жайлы ақпарат іздестіру,жабдықтаушылар жөнінде мәліметтер базасын құру,оңтайлы жабдықтаушыны іздестіру, таңдалған жабдықтаушымен жасаған жұмыстардың нәтижесін бақылау.-Жеткізуді бақылау. Жеткізуді бақылаудың бірбен бір маңызды мәселелері жеткізу сапасын бақылау болып табылады,яғни ақауларды есептеу.-Сатып алу бюджетін дайындау.Сатып алу қызметінің маңызды бөлігі экономикалық есептеулер ,себебі жұмыстар мен шешімдер қанша тұратынын нақты білу керек.Экономикалықесептеулер шеңберінде сатып алу логитикасының міндеттеріне материалдық ресурстардыңтапшылығынан болған шығындардың есебін жатқызуға болады.-Сатып алудың өндірудің ,өткізудің қоймалау және тасымалдау сондай ақ жабдықтаушылармен жүйелі өзара байланысын орнату.
Жабдықтаушыны таңдау мәселелері. 1)жабдықтаушылар жөнінде ақпарат іздеу және мәліметтер базасын құру;Бұл кезеңде келесі әдістер қолданылады:- байқау жарияланады; - жарнама материалдары зерттеледі; - арнайы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу; - потенциалды жабдықтаушылармен мүмкіндігінше жеке байланыс орнату. 2)оңтайлы жабдықтаушылардың іс әрекетін талдау және ең оптималдысын таңдау;Жабдықтаушыларды таңдау критерийлері: Жеткізілетін өнімнің сапасы; Жеткізілетін өнімнің бағасы; Жеткізу сенімділігі; Жеткізу мерзімі; Жабдықтаушының қаржы жағдайы; Жабдықтаушының имиджі және т.б. 3)таңдалған жабдықтаушылармен жасалған жұмыстардың нәтижесін бағалау.Бұл кезең б/ша келісімге отырады.Келісімшарт алты айға жасалынады,ұнамаса бұзуға болады,бірақ бір ай бұрын ескерту керек. Жабдықтаушыны таңдауға бекітілген келісім шарттың жұмыс нәтижелері әсер етеді.Ол үшін жабдықтаушының ретингін есептеуге мүмкіндік беретін арнайы шкаласы жасалады.Отандық кәсіпорындар жабдықтаушыны таңдауда негізінен өздерінің ақпараттарына сүйенеді.Жабдықтаушысы көп кәсіпорында белгілі ,сенімді жабдықтаушылар тізімі құрылуы мүмкін.Осы тізімге қарай оңтайлы жабдықтаушыны таңдайды.
