Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Логистика 1-32.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
337 Кб
Скачать
☆
  1. Материалдық қор түсінігі және оның түрлері

Қор - бұл өндірістің әр түрлі сатысында болатын халық тұтынатын бұйымдар және т.б. тауарлар. Қорлардың құрылуы әрқашан шығындармен байланысты. Қорлардың түрлері: Шикізаттың соңғы бұйымға айналу жолында және осы бұйымның соңғы тұтынушыға дейінгі келесі қозғалысы жолында қордың негізгі екі түрі бар:1. Өндірістік қорлар - өндіріс циклының барлық сатысындағы кәсіпорындарда болатын қорлар. (Бұл қорларды құрудың негізгі мақсаты - өндіріс процесінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету) 2. Тауарлы қорлар - өндіруші фирмалардың дайын өнімінің қорлары. Бұл қордың өзі 2 түрге бөлінеді: А) өндірістік құралдарының қорлары Б) тұтыну заттарының қорлары. Бұдан басқа қорларды 3 белгісі бойынша топтастырады: 1. Өнімнің логистикалық арнадағы орны және оның түрі бойынша: А) Материалды ресурстар Б) Аяқталмаған өндіріс В) Дайын өнім Г) Қайтарымды қалдықтар (остаткитоваров) 2. Базистік логистикалық функцияларға қатынасы бойынша: А) Жабдықтаудағы Б) Өндірістік В) Тарату (өткізу) 3. Кешендік логистикалық функцияларға қатынасы бойынша (5):1) Ағымдағы қор - өндірістік қордың негізгі бөлігі, ол өндіріс процесінің үзіліссіздігін қамтамасыз етеді.2) Сақтандыру қор – дайын өнімге сұраныстың күтпеген ауытқуымен және т.б. Күтпеген жағдаймен байланысты қаржылық тәуекелді жою үшін құрылатын қор түрі3) Дайындық қоры – материалдық қорларды өндірістік немесе тұтынуға дайындау үшін құрылған қорлар.4) Спекулятивті қор 5) Ескірген қор

  1. Өндірістік логистикада материалдық ағымдарды басарудың «тартушы» және «итеруші» жүйелері

Өндірістік логисика- өндіріс процесінде материалдық ағымдарды басқару процесі. Өндірістік процесс – белгілі бір өнімді өндіру мақсатында өндірістік факторлар мен ресурстарды жүйелі біріктіру. Өндірісті ұйымдастырудың концепциялары: Дәстүрлі концепциясы1.Негізгі құрал-жабдықтарды ешқашан тоқтатпау; 2.Өнімнің өзіндік құнын төмендету мақсатымен тауарларды ірі партиямен өндіру; 3. “әр түрлі” кездейсоқ жағдайларға байланысты материалды ресурстардың қорын құру. Логистикалық концепция:1.Артық қорды болдырмау; 2.Негізгі және тасымалдау, қоймалау операцияларын орындауда максималды түрде уақытты үнемдеу; 3.Құрал-жабдықтардың тоқтап қалуын болдырмау; 4.Өндірістік ақауларды міндетті түрде шеттету; 5.Макрологистикалық жүйеде жабдықтаушыларды өз әріптестеріне айналдыру. Өндірістік логистикадағы материалдық ағымдарды басқарудың жүйелері. 1. Өндірістік логистикадағы материалдық ағымдарды басқарудың “итеруші” жүйесі немесе материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі жүйесі. “Итеруші” жүйе – материалды ағымдарды белгілі бір бөлімшеге немесе цехқа басқарудың орталық жүйесінің тікелей қатысуымен, арнайы бұйрық негізінде беріліп отырады.

Жинау цехы

Басқару жүйесі

Шикізат қоймасы

№1 цех

№n цех

- материалдық ағым

- ақпараттық ағым өткізу рыногы

2.Өндіріс процесінде материалды ағымдарды басқарудың “тартушы”жүйесі н/е материалды ағымдарды басқарудың логистикалық жүйесі. Тартушы жүйе – бөлшектер мен жартылай фабрикаттар алдыңғыдан келесі технологиялық операцияға қажетті көлемде берілетін өндірісті ұйымдастыру жүйесі болып табылады.