- •1. Жазылым /Туған елім,кең-байтақ дархан далам-мақтанышым!
- •2.Оттан отан да ыстык
- •2.Экологиялық жағдай және адам денсаулығы
- •1 Астана –арман кала
- •2.Егеменді елдің ертеңімін
- •2. Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
- •2.Наурыз мерекеси
- •2.Астанага саяхат
- •"Астана - Байтерек" монументі
- •Этномемориалды комплекс "Атамекен" Казақстан Картасы"
- •1.Астана туралы хат
- •2.8 Наурыз
- •2.Казак онери
- •2.Семей-невада
- •2. «Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын».Дос
- •2.Балхаш-коли
- •1.Менин анам-омиримдеги ен жаксы адам
2.Оттан отан да ыстык
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным! Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес.Бұл жан сезімі! Сеніңәрқашан оймен болса да оралғың келетін Жердің рухани бұрышы.
Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын.
Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды.
Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
2011 жыл – біздің Республикамыз үшін мерейтойлы жыл, Қазақстан тәуелсіздігінің жиырмажылдығы. Жиырма жыл ішінде экономикада, саясатта, әлеуметтік дамуда көптеген жетістіктерге жеттік. Бізді әлем таниды. Бұл өте маңызды. Бұл біздің де,біздің Президенттің де үлкен жетістігі. Біз, жастар бүгінгі табысымызды бекіте отырып, жаңа асуларға жету үшін көп еңбек етуіміз қажет. Біз оған дайынбыз.
2 отан оттан да ыстык
Тіршіліктің ұлы заңы баршаға ортақ. Құс екеш құс та өзінің ұясын, құмырсқа екеш құмырсқа да өзінің илеуін қорғайды. Сол сияқты, Анадан туған екі аяқты есті пенде өзінің кіндік қаны тамған қасиетті мекенді қастерлеуге міндетті.
«Отан оттан да ыстық» деген абыз бабалар. Осы аталы сөз ойыма оралған сайын, көз алдымда балалық шақтың бұлыңғыр елесі көлбеңдейді. Біздің ауыл өр Алтайдың арғы бетінде еді. ХХ ғасырдың басында қазақтың басына қара бұлт үйіріліген зобалаң заманда аталарымыз туған жермен қимай қоштасып, шекара асқан екен. Арғы бетке ауып барған ағайын тіршілігін жасады.Қытайдағы аумалы-төкпелі заманның, «мәдени төңкеріс» деп аталған саяси науқанның қыспағын көрді. Көре жүріп, Ұлы Отанға – Қазақ еліне деген сағынышын сарқылтпады.
Иә, ол шексіз, ешқандай өлшемге келмейтін сағыныш еді. Ата-әжелеріміз Зайсан көлі жайлы таңды таңға ұрып әңгімелейтін. Көздеріне жас алып тұрып айтатын. Біз тыңдаудан жалықпаймыз. «Қазақ елін көрсек, қасиетті топырағына аунасақ» деген асыл арман бойымызға күш берді. Отанға деген ұлы сағынышпен есейдік.
Қазір мен сол арманыма жеткен бақытты адаммын. Мен ғана емес, тәуелсіз елі бар, оттан ыстық Отаны бар күллі қазақ бақытты. Тек сол Алла тағала нәсіп еткен бақытты сезіну – басты парыз!
Кезінде Мағжан ақын «Мен жастарға сенемін!» деп жырлаған-ды. Мен де елімнің өскелең ұрпағына зор сенім артам. Қазақ ұландарының отаншыл болып өскендерін қалаймын.
Отаншыл болу – ең алдымен өткенді білу. Осынау қойнауы қазынаға толы байтақ даланың әр пұшпағын бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанын ұмытпа. Отан сенің отбасыңнан, аядай ауылыңнан, сол жердің тасынан, суынан, топырағынан басталады. Қазақ жері – киелі, қасиетті. Оны малмен, ақшамен, алтын-күміс, асыл тастармен бағалауға келмейді. Көне Қытай жазбаларында Шығыс ғұндардың елбасы – Мөде қаған жайлы дерек сақталған. Мөде қаған Қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі, ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): «Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді …» – деп Қытайға соғыс жариялаған екен.
Отаншыл болу – ұлтжанды болу. Ұлтсызда Отан жоқ. Болмақ емес. Ата салттың қадіріне жетпеген, ана тілін ардақтай алмаған бозөкпе отаншыл болып жарытпайды. Қай жерде «қарны тоқ, көйлегі көк» болса, сол жерді жайлы мекен санайды.
Отаншыл болу – бір-біріңе бауырмал болу. «Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін» дейді дана халқымыз. «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» дейді кемеңгер Абай. Түйсігі бар адамға осыдан артық айтылар ақыл болмас. Ынтымағы жарасқан елді көргенде, жаудың құты қашады. Бірлігіміз барда тас қамалдай берікпіз.
Отан – сенің Анаң! Сен Отаннан туған адамсың. Қазақтың қасиетті топырағынан жаралдың. Ауасы мен суынан нәр алдың. Шетелдегі 5 миллионға жуық қандасың дәл осындай бақытқа қол жеткізе алмай жүргенін есіңнен шығарма. Атамекенді аңсап келген ағайынды өзекке теппе. Қайта оларға құшағыңды жай, бауырыңа бас.
Отаншыл бол, қазақтың жас ұланы!
Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті.Ел қорғау – абыройлы іс. Азаттықты аңсаған ата-бабаларымыз талай шайқас, қан майданның тезінен өтіп, ұрпағына ұлан байтақ жерді аманат етті. Жас ұрпаққа ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қорғаған Атамекенді көздің қарашығындай сақтау өсиет етілген.
