Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_po_kaz_yaz.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56 Кб
Скачать
☆

2.Егеменді елдің ертеңімін

Қазақ халқы байырғы бай халық. Қыранның қанаты талып, құланның тұяғын тоздыратын төрткүл алып аймақ Қазақ мекені. Каспий-Байкал арасы, Бетпақтын кең даласы-қазақ жері! Анамыз шашын тараған, бабамыз атын суарған қоғалы көлдер, қом сулар дәл қазіргідей өз иелігімізде болды ма?

Міне, бүгін Қазақстан –егеменді еркін ел. Қазақстан-қазақ халқының Отаны, құтты мекені, мерекелі елі, мерейлі жері, мерейлі анасы, қасиетті ордасы.

Тәуелсіздік таңының атқанына 20 жыл болды. Бірлігіміз жарасып, ынтымақты ел болдық. Тәуелсіз елімізге шет елдер қызыға қарайды.

Бізді бақытқа жеткізген ата- бабаларымыздың, ел арыстандарының, аяулы ағаларымыздың жанқияр ерлігі. Сол бабаларымыздан қалған жерімізді көркейту біздің қолымызда.

Біздің бақытымыз бүгінде сенімді қолда, халқымыздың сеніммен сайлап алған президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоғары сенім иесі.

Біз-еркін елдің ұландарымыз. Біз ғылым мен білімді иегеріп, халқымыздың асыл қасиетін үйрене отырып, оның ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт- дәстүрін, тілін, дінін дамытуға міндеттіміз. Бірлік-басты ұранымыз болуы керек.

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,

Қараймын елесіңе мен таңырқап,»- деп жырлаған бақытты баласы мен боламын. Менің болашағым-Қазақстан. Қазақстанның болашағы- менмін!

2. Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.

Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.

Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.

Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл- Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты»

Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештене болуы мүмкін емес», деген екен оқу тәрбие мәселесіне көңіл бөлген жазушы, философ, психолог – ғалым Жүсіпбек Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласында мейірімге бөлек, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады.

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.

Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый-құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан тәңірге табынады., жалбарынады. Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген, ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы-табиғат күйін ғибрат сөздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның көңіл-күйіне жалғастыра жырға қосқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]