Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык есеп дайын.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140 Кб
Скачать
☆

4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі

Карт-шоттарындағы және жинақтаушы шоттарындағы ақша-қаражаттары. Соңғы жылдарда тәжірибе банк төлем-карталары бойынша есеп айырысу кеңінен таныла бастады.

Кредиттік ұйым – резидент және заңды тұлғаларға тиісті валютада шоттары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға күәлігі болған кезде банк картасының эмиссиясымен үзеге асырылады. Заңды тұлғаларға эмитент төмендегі тұрпаттағы (типтегі) банк карталарын бере алады:

  1. Корпоративтік есеп айырысу картасын;

  2. Корпоративтік есеп картасын.

Ұлттық шетелдік валютадағы, карт-шоттардағы ақша-қаражаттарының қозғалысының есебі 1040 шотында ақпараттарын жинақтап көрсетеді.

Дт Кт

1040 1030

3350 1040

Сонымен қатар, ұйымның банктегі ағымдағы шоттарынан басқаоперациялар бойынша жинақ шоттарда сақталатын депозиттер, арнайы мақсатты қаржылар 1050 шоты арқылы жүзеге асырылады. Басқа да операцияларға аккредитивтегі, чек кітапшаларындағы ақша-қаражаттарының қозғалысын жинақтап көрсетіп отыратын 1060 шотынан тиісті шоттар ашылып операциялар жүзеге асырылады. Дт Кт

1060 1030(3010)

Чек кітапшасын ашқанда:

Дт Кт

1060 1030 Жолдағы ақша-қаражаттар:

Дт Кт

1020 1210 1020 1010

1030 1020 1030 1020

5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.

Қатаң есеп беру құжаттарына мыналар жатады: акцизтік маркілер, куәліктер мен дипломдардың бланкілері, абонементтер, жолдамалар, талондар, еңбек кітапшаларының бланкілеріжәне басқа да құжаттар.

Қатаң есеп беру бланкілері баспа өнімі болып табылатындықтан, олардың сериялары мен номерлері типографиялық әдіспен қойылады. Номерлердің типографиялық әдіспен қойылғанына қарамастан тапсырыс беріліп бланкілер дайын болған кезде ұйым олардың серияларын өз бетімен белгілейді. Ал нақты бланкіге номерді тиісті сериялардың шеңберінде типография қояды. Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі бланкілердің атауы, сериялары және номерлері бойынша жүргізіледі.

Бланкілердің есебін жүргізу үшін парақ беттері нөмірленген, түптері тігілген ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолдары қойылып, мөр басылған кітап ашылуы тиіс. Мұндай кітаптың бірыңғай үлгі формасы болмағандықтан, ұйым оны өз бетімен әзірлеп, есеп саясатында бекітеді. Ұйым қашан қатаң есеп беру бланкілерінің есебін қалай жүргізу тәртібін де өз бетімен әзірлейді. Онда қатаң есеп беру бланкілерінің қатарына жататын құжаттардың тізімдемесі және оларды сақтау мен пайдалану тәртіптері анықталады.

Қатаң есеп беру бланкілерінің есебінің тәртібі туралы ереженің жалпы нұсқасы:

  1. Жалпы ереже

  2. Сақталуы

  3. Материалды жауапкершілікті тұлға

  4. Олардың толтырылуы

  5. Олардың бүлінуі (дұрыс толтырылмауы)

Осы ереже ұйымда қатаң есеп беру бланкілерінің сақталуы және жедел есебін қамтамасыз етудің бірыңғай талабын орындау үшін арналған.

Қатаң есеп беру бланкілеріне оларды дайындаған кезде нөмірлік мөртаңба пайдаланылады. Қатаң есеп беру бланкілерін шаруашылықтың кассасында балқымайтын, жанбайтын, су өтпейтін шкафтарда немесе сейфтерде сақтайды. Бұндай кезде тиісті есеп ұйымдастырылып және олардың сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс. Бланкілер сақталатын орын жұмыс күннің соңында мөр басылып пломбалануға тиіс.

Материалды жауапкершілікті тұлға қатаң есеп беру бланкілерінің сақталуына жауапты бухгалтер, кассир болып табылады. Онымен материалды жауапкершілігі туралы жеке шарт жасалады.

Қатаң есеп беру бланкілерінің есебін ұйымдастыру тәртібі. Сатып алынған бланкілер ұйымға жөнелтушінің құжаттарының көшірмесімен (жүк құжат, шот-фактура, бланкілердің аталымдары, олардың сериялары және нөмірлері) құны көрсетіліп келіп түседі. Ұйымның кассирі тұрақты жұмыс комиссиясының қатысуымен қабылдауды жүзеге асырып, бланкілердің нақты санының, сериясының және нөмірінің жөнелту құжаттарындағы көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексеріп, келіп түскендігі туралы акт жасайды. Бұл акт ұйымның басшысымен бекітіліп бланкілерді қабылдау үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ олардың жұмсалу (берілу) есебі қатаң есеп беру бланкілері бойынша кіріс-шығыс кітабында жүргізіледі.

Қатаң есеп беру бланкілерінің әрбір түріне жеке кітап ашылуы тиіс. Егер қатаң есеп беру бланкілерінің саны онша көп болмаса бір кітапты жүргізуге болады

Қатаң есеп беру бланкілерінің қозғалысы бойынша барлық шаруашылық операциялары бастапқы құжаттармен рәсімделеді:

  • Бланкілердің келіп түсуі (ТМҚ №3 нысанындағы кіріс ордерімен);

  • Бланкілерді беру (жұмсалуы) – бас бухгалтердің рұқсатымен аталымы, саны және сериясы, нөмірі көрсетіліп, жөнелтпе құжат (накладной) бойынша жүргізіледі.

Қатаң есеп беру бланкілерінің бухгалтерлік есебі. Қатаң есеп беру бланкілерін жүргізу әдісі (баланста немесе баланстан тыс) бланкілерінің түрлеріне байланысты. Ақшалай құжат болып табылатын қатаң есеп беру бланкілерінің құны баланста көрсетіліп нақты пайдалануына қарай шығыс жасайды. Сақтауда тұрған және есеп беруге тиісті тұлғаға берілген қатаң есеп беру бланкілері баланстан тыс 006 «қатаң есеп беру бланкілері» шотында көрсетіледі. (Дт – келгенде, Кт - жұмсалғанда). Бланкілерді шығысқа шығару және кіріске алу 006 шотының дебеті мен кредиті арқылы жүзеге асырылады. Аналитикалық есеп әрбір бланкілердің түрі бойынша жүргізіледі.