- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
13. Қорлардың есеп жүйелері.
Тауарлы материалдық қорлардың үздіксіз жүйелі есебі шаруашылықтың бухгалтериясында, яғни синтетикалық есебі ақшалай өлшемде жүргізілсе, аналитикалық, яғни олардың түрлері, атаулары, көлемі, бағасы бойынша есебі сақталу орындары бойынша қоймада жүргізіледі. Тауарлы материалдық қорлардың қоймадағы есебі олардың есеп карточкалары немесе қоймалық кітап бойынша жүргізіледі.
Қорлардың бухгалтерлік есебі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының 1300 «Қорлар» тармағындағы 1310 «Шикізаттар мен материалдар»,1320 «Дайын өнім»,1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Өзге де қорлар» шоттарында жүргізіледі.
14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
Бухгалтрлік есептің шоттары жинақтамалы(синтетикалық) және талдамалы(аналитикалық) болып бөлінеді. Қорлар мен олардың қорлану көздерін жинақталған түрде көрсетуге арналған шоттарды жинақтамалы шоттар деп атайды. Ал осы шоттарда жүргізіген есеп жинақтамалы есеп деп аталыды. Жинатамалы есептің ерекшелігі ол тек ақшалай өлшем бірлігінде ғана жүргізіліп кәсіпорында қандай сомада материалдық қорларың бар екендігін және қандай сомаға берешек қарыздардың бар екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар кәсіпорынның қаржылық есеп нысандарын құру үшін қажет.
Кәсіпорын жұмысын дұрыс басқарып, жұмысшылар мен қызметкелермен есеп айырысуды ұйымдастыру үшін, бюджетпен есеп айырысу және т.б. үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты сипаттайтын жеке ақпараттар қажет. Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де спаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас өліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар, ал осы шоттардың негізінде жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталады. Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай көрсеткіштермен ғана емес,сондай-ақ натуралды қлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операциялардың қысқаша мазмұны, құжаттардың нөмірі, жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден материалдар келіп түсті |
1310 |
3310 |
2 |
Сатылып алынған материалдардың құны кассадан төленді. |
3310 (1310-1315) |
1010, 1020 |
3 |
Есеп беруге тиісті тұлғалардан тауарлы- материалдық құндылықтар сатып алынды. |
1310-1315 |
1250 |
4 |
Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан материалдар өтеусіз қабылданды |
1310-1315 |
6160 |
5 |
Негізгі құралдар тозуынан материалдық құндылықтар қабылданды |
1310-1315 |
6210 |
6 |
Негізгі өндірістен материалдар қабылданды |
1310-1317 |
8110, 8310 |
7 |
Алынған материалдар және олар үшін кеткен шығындар арнайы банктердегі шоттардан төленеді. |
1310-1315 |
1060 |
8 |
Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу. |
1310-1315 |
6160 |
9 |
Еншілес және тәуелді серіктестермен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан материалдар қабылданды |
1310-1315 |
3320 |
10 |
Жалақы есептелінді |
1010 |
3350 |
11 |
Өдіріс пен шаруашылыққа пайдалану үшін жіберілген материалдар: негізгі өндіріске; қосалқы өндіріске; цехқа (үстеме шығын); ұйымның әкімшілік шығындары. |
8110, 8210, 8310, 7211 |
1310 |
12 |
аяқталмаған құрылысқа материалдар жіберілді |
2930 |
1310-1315 |
13 |
Түгендеу барысында бүлінген және жетпей қалған материалдарды есептен шығару. |
7210 |
1310-1315, |
14 |
Басқа ұйымға әріқарай жөндеуге берілген матералдар. |
1316 |
1310-1315, |
15 |
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жөндеуден алынған материалдарына |
1310-1315 |
1316 |
16 |
Жөндеуден алынған материалдар үшін есептелінген сома. |
1310-1315 |
3310, 3320 |
