Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касипкерлик кукык_шпоры.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
99 Кб
Скачать
☆

6. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері.

Кәсіпкерлік қызметтің міндетті белгілері:

-қызметтің дербес болуы;

- қызметтің мақсаты – пайда болады;

- пайда табудың жүйелілігі;

- шаруашылық тәуекел;

- қатысушылардың мемлекеттік тіркелуі туралы фактінің болуы;

Осы бес белгінің кез келген бірі болмаса қызмет кәсіпкерлік ретінде танылмайтын болады.

Жалпы кәсіпкерлік коммерциялық және коммерциялық емес деп екіге бөлінеді. Коммерциялық қызметке: шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен кооперативтер жатады. Ал коммерциялық емес қызметке: діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен қамқоршылық және т.б. қорлар жатады.

Кәсіпкерлік қызметке қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, оның ұғымын айқындайтын ерекше белгілерінің қатарына, кәсіпкерліктің ынталылық сипаты, кәсіпкерліктің дербестігі, оның кәсіпкерлік қызмет субектісінің жеке тәуекеліне негізделуі және кәсіпкерлік қызметтің мақсаты табыс табуға бағытталатындығы жатады.

7. Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны. Кәсіпкерлік қызмет – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншігіне н/е пайдалану мүлкіне негізделген азаматтың н/е заңды тұлғаның атынан өзінің тәуекеліне ж/е мүліктік жауапкершілігіне қарай жүзеге асырылады. Тауарды сату, қызмет көрсету, жұмыс орындау арқылы табыс табуға бағытталған ынталы қызмет. Кәсіпкерлік қызметтің дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. ХVІ ғасырдың ортасынан бастап акционерлік капитал пайда болды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі ол өндіріс аясындағы экономикалық қызмет ретінде басқарушы қызметтен ерекшеленеді. Кәсіпкерлік қызметтің белгілері: - мүліктік еріктілік; - ұйымдастыру бостандығы; - тәуекелдің болуы; - табыс өнімді сатудан, қызмет көрсетуден, жұмыс орындаудан түседі; - кәсіпкер мем/к тіркеуден өтуі тиіс; - кәсіпкерлік жүйелі түрде табыс табуға бағытталуы тиіс. Кәсіпкерлік қызметті іске асырушы тұлға кәсіпкер деп аталады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру экономикалық белсенділік болып табылады, яғни бұл процесс тауар өндірісімен айырбас арқылы пайда табуымен байланысты.

8. Кәсіпкерліктің түрлері мен нысандары. К/к қызмет субъектілерінің шеңбері б/ша 2-ге бөлінеді: І. Жеке к/к. Түрлері: Өзіндік к/к – азаматтың меншігіндегі үлеске негізделген жеке өзі іске асыратын қызмет. Бірлескен к/к – бірнеше азаматтардың өздеріне тиесілі ортақ меншігіндегі мүлікке негізделген к/к қызмет. Нысандары: а) жұбайлардың ортақ бірлескен меншігіне негізделген жұбайлардың кәсіпкерлігі б) жешелендірілген тұрғын-жайға ортақ бірлескен меншік н/е шаруақожалықтың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге. а. отбасылық к/к. ә) ортақ үлестік меншік негізінде ж.а к/к қызмет –жай серіктестік. ІІ. Заңды тұлға кәсіпкерлігі. Түрлері: 1) заңды.т. капиталының пайда болу белгісі б/ша: мем/к (респ/қ, жергілікті); жеке; аралас; бірлескен; толықтай шетелдік заңды.т к/гі. 2)негізгі қызмет белгісі б/ша: өндірістітік; сауда; транспорттық; қаржылық; делдалдық. 3) э/қ көрсеткіштер, жұмысшы саны б/ша: кіші; орта; ірі. Нысандары: Шаруашылық серіктестік: а) Толық серіктестік – қатысушыларының барлығы шаруашылық қызметпен айналысатын ж/е серіктестіктің міндеттемелері б/ша өзінің барлық мүлкімен бірлесіп ынтымақты жауапкершілік атқаратын серік/к. ә) Командитті серік/к – қатысушылардың біреуі н/е бірнешеуі толық серіктес болатын ж/е олармен қатар жауапкершілігі шектеулі қатысушының – командистің болуы көзделген серік/к. б) Жауапкершілігі шектеулі серік/к – қатысушылары жарғылық қорға қосқан салымдарының мөлшерінде ғана тәуекел ететін ж/е сол мөлшерде серіктестіктің қызметіне байланысты оның міндеттемелері б/ша жауапкершілік көзделген серік/к. в) Қосымша жауапкершілігі бар серік/к – қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері б/ша өздері қосқан үлеске қарай жауап беретін, жетпей қалса өздері қосқан үлестің еселенген мөлшерінде өздерінің мүлкімен қосымша жауап/к атқаратын серік/к. г) Акционерлік қоғам – өз қызметін ж.а үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды.т. д) Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен к/к қызмет үшін мүшелік негізде, оларды жеке еңбегімен қатысуына ж/е мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік.

9. Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері. Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.

Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.  Өзіндік кәсіпкерлік  иелігіндегі мүлікке құқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа құқықтары бар. Бірлескен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік құқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу құқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады. 

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады. Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;

  • келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;

  • еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;

  • шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;

  • жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;

  • бағалар мен тарифтерді белгілеу;

  • таза пайданы пайдалану;

  • сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т.б.

10. Бірлескен кәсіпкерлік нысандары. Жеке кәсіпкерліктің түрлеріне өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік жатады.  Өзіндік кәсіпкерлік иелігіндегі мүлікке құқы бар бір азаматпен жасалады, сонымен қатар мүлікті пайдалану мен билеудің басқа құқықтары бар. Бірлескен Кәсіпкерлік жалпылық иелігіндегі мүлік құқықтарына ие бірнеше азаматтың бірлесуісен құрылады, сонымен қатар мүлікті бірігіп пайдалану мен бірігіп билеу құқына ие азаматтар. Жеке кәсіпкерлік мүліктік жауапкершілік негізінде құрылады. 

Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.

11. Шаруа қожалықтарының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылығындағы к.к қызмет көп жағдайда кәсіпорын құру ж/е оның қызметімен іске асырылады. Заңмен кәсіпкерлікті жеке к.к түрінде ж.а да көзделген. Қазіргі уақытта а.ш өндірісін әр түрлі ұйымдық – құқықтық нысандағы ж/е алуан түрлі меншік нысандарына негізделген кәсіпорындар жүргізеді. Соңғы уақыттарда ертерек те құрылған ұжымдық шаруашылықтардың акционерлік қоғамда, ЖШС тен өндірістік кооперативтер түрінде қайта құрылып жатқандары байқалады. А.ш кәсіпорындарының құқықтық тұрғыдан алғанда жэкономиканың басқа салаларының кәсіпорындарынан айырмашылығы - қызметінің түрінде ж/е табиғи ресурстарында.А.ш к.к қызметтің жаңа нысаны к.к – ң басқа нысандарынан мәртебесі жағынан ерекшелігі бар шаруа қожалықтары б.т. Қазақстандағы аграрлық реформалардың маңызды тұстарының бірі шаруа қожалақтарын дамыту. Ш.Қ – ы туралы ж/е олардың қызметтерін реттейтін заңнамалық актілер әлі де қалыптасуда. Сондықтан да әлі де болса шешімін таппаған қайшылықтар мен кемшіліктер жеткілікті. Шаруа қожалығы з.т- ң құқықтарын иеленетін ерікті түрде шаруашылық жүргізетін субъект ш.қ ғын азамат, жанұя н/е бір топ азаматтар ұйымдастыра алады. Ш.қ ғы пайдалану құқығындағы жалға алған н/е меншігіндегі жер учаскелерін ж/е мүліктерін пайдалану негізінде а.ш өнімдерін өндіруді, өңдеуді, өткізуді, іске асыратын шаруашылық субъектісі. Ш.қ ғы экономикалық пайда табу принципі негізіндегі еркін к.к нысаны б.т ш.қ – ң анықтамасынан келесідей жағдайларды байқауға болады:1) ш.қ ғы шаруашылық жүргізу міндеттерін іске асыратын құқық субъектісі б.т.:2) бұл субъект заңды тұлғаның құқықтарын иеленеді. 3) ш.қ жүргізетін тұлғалардың шеңбері бекітілген; 4)субъектінің арнайы құқық қабілеттілігі яғни оны құру, қызмет етуінің мақсаты көрсетілген; 5) ш.қ – ң мүліктерінің құрамы ж/е оны пайдалану режимі, сондай – ақ, жер пайдалану режимі анықталған. Ш.қ – ғы дегеніміз – а.ш. өнімдерін өндіру сондай – ақ, сол өнімді өңдеу ж/е өткізу үшін а.ш жерлерін пайдаланумен байланысты, жеке кәсіпкерлікті іске асыратын, отбасылық еңбек бірлестігі.

Ш.қ субъектілері – з.т құрмай – ақ, к.к қызметін ж.а жеке тұлғалар. Ш.қ на шаруашылықты бірлесіп жүргізетін ерлі зайыптылар, олардың балалары, ата – аналары жақын туыстары мүше бола алады.

12. Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп аталады.

А.Қ - ң басқару органдары: 1. Жоғарғы орган - Акционерлердің жалпы жиналысы; 2. Басқарушы орган – директорлар кеңесі; 3. Атқарушы орган – алқалы орган н/е атқарушы қызметін жеке атқаратын тұлға.

Жай акция акционерге дауыс беруге ұсынылатын барлық мәселелерді шешу кезінде акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқық береді, қоғам таза кіріс алса, сондай-ақ ол таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қоғамның жеке меншік мүлкінің бөлігі болған жағдайда дивиденд алуға құқық береді.

Акционер - акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға. Қоғам акционерінің мынадай негізгі құқықтары бар:

- Заңмен және қоғамның Жарғысымен көзделген тәртіппен қоғамды басқаруға қатысу;

- қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қоғамның Директорлар кеңесіне (бұдан әрі - Директорлар кеңесі) сайлану үшін кандидатураларды ұсыну;

  • қоғам органдары қабылдаған шешімдерді сот тәртібімен даулау;

  • дивидендтер алу;

- қоғам қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде акционерлердің жалпы жиналысымен немесе қоғам жарғысымен белгіленген тәртіппен қоғамның қаржылық есеп беруімен танысу;

- тіркеушінің немесе номиналды ұстаушының бағалы қағаздардың меншік иесі құқығын растайтын үзінді көшірмені алу;

- қоғамға оның қызметі жөнінде жазбаша сұратулар жіберу және қоғамға сұрату түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауаптар алу;

- қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын бағалы қағаздарды орналастыру (сату) туралы шешім қабылдаған қоғамның органы белгілеген орналастыру (сату) бағасы бойынша ондағы бар акцияларға теңбе-тең артықшылықпен сатып алу.