Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Касипкерлик кукык_шпоры.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
99 Кб
Скачать
☆

Перечень (берілгені бойынша іздейсіңдер)

1)Азамат Атаев фермер Омаровтан 72530 тенгені малды күтіп

2) Азамат Таранов лизинг компаниясына СМА компаниясынан

3) Азаматша Жақыпова бірінші қабатта орналасқан өзінің бір

4) Азамат Маратов нан пісіру қызметімен айналысатын ЖШС құру

5)Той басқарумен айналысатын асаба Жанбаевқа салық органдары

6) Уалиханов Алматы - Жамбыл қалалары арасында

7) Ерлі-зайыптылар Асановтар өздерінің материалдық жағдайын жақсарту

8) Аманкелді ауданының салық комитеті "Рауан" шаруа

9) Кәсіпкер Асанов балаларға арналған тамақ өнімдерін шығару

10) Шетел азаматы Джордж Мэлл алматы қаласында ағылшын

11) Азамат Даменов қосымша кірістер алу үшін аяқ киім жөндеу

12) ЖШС «Айсара» нан өнімдерін өндірумен айналысады және

13)Студент Саматов «Универмагтан» өз қалауы бойынша 25000

14)Азаматтар Дүйсенов А., Маратов Л., Берiков. Мейрам

15) Қытай кәсіпкерлері Қазақстандық кәсіпкерлерге төсек

16) Азамат Сарақанов шаруа қожалығын құру туралы шешім

17)«Бағбан» Өндірістік кооперативіне серіктестікті мүше етіп

18)«Барыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

19) Азаматтар Мақанов, Саламатов, Бекенов, Сариев

20) «Зерде»  акционерлік қоғамының  «алтын акциясын»  ұстаушы  21) Қарамағында алты жалдамалы жұмысшысы бар шағын 22)Жеке  кәсіпкерлерді қандай мемлекеттік органның тіркеуге алып

23)Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің экономика және бизнес

24) Жеке  кәсіпкер  Зейнолда Арон мемлекеттік кәсіп орын құрса

25) Мүгедектігіне байланысты еңбекке қабілетсіз болып қалған

26) Алматы қаласының тұрғыны зейнеткер Асан Исмаил

27) Алматы обылысының әр түрлі аудандарында ауыл БҰНЫҢ ЖАУАБЫ ЖОҚ

28) Жеке  кәсіпкер Ұлан Асқар жеке меншік БҰНЫҢ ЖАУАБЫ ЖОҚ

29)Жасы 17-ге толған  колледж студенті  Асқар Мырзахан БҰНЫҢ ЖАУАБЫ ЖОҚ

30) Азамат Жексенбі Марат  өзі мүшесі болып БҰНЫҢ ЖАУАБЫ ЖОҚ

1)Азамат Атаев фермер Омаровтан 72530 тенгені малды күтіп баққаны және оған жұмсалған шығын және өзінің жеке еңбегі үшін өндіріп алу туралы сотқа ... Сот шешімі дұрыс па? Бұл қызметтің түрін анықтаңыз. Шарттағы тараптардың кәсіпкер ретінде тіркелуі міндетті ме?

ЖАУАБЫ:

Атаевтың малды ақылы түрде уақытша баға тұру әрекетін кәсіпкерлік қызмет деп бағалауға болады. Сол себепті, бұл жағдайда Атаевты кәсіпкер ретінде танимыз, және ол кәсіпкер ретінде тіркеуден өтуі тиіс. Кәсіпкерлік қызмет туралы шарттардың барлығы жазбаша нысанда жасалуы тиіс болғандықтан, соттың тараптар арасында жасасқан ауызша шартты жарамсыз деп тануы –дұрыс шешім.

2) Азамат Таранов лизинг компаниясына СМА компаниясынан он компьютер сатып алу туралы өтініш жасады. Шарт жазбаша нысанда 1 жылға жасалды және... Лизинг шарты қандай нысанда жасалады?  Іс қалай шешіледі?

ЖАУАБЫ:

Лизинг алушы лизинг шартының нысанасы болып табылатын мүлiктi сатушыға - сатушы мен лизинг берушiнiң арасында жасалған сатып алу-сату шартынан туындайтын, атап айтқанда, мүлiктiң сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзiмiне қатысты және сатушы шартты тиiстi түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптарды тiкелей қоюға құқылы. Сатушыны таңдау құқығы лизинг берушіде болған жағдайды қоспағанда, лизинг берушi лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшiн жауап бермейдi. Лизинг шарты жазбаша нысанда жасалу керек.

3) Азаматша Жақыпова бірінші қабатта орналасқан өзінің бір бөлмелі пәтерінде шаштараз ашып, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шешім қабылдады. Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай әрекеттерді жүзеге асырады?

ЖАУАБЫ:

Ең біріншіден «бизнес жоспар» құрылуы тиіс. Екіншіден, пәтерде шаштараз ашуға болмайды. Тек пәтер тұрғын емес үй қорына өтіп, оның кіретін есігі бөлек болған жағдайда ғана шаштараз ашуға болады. Шаштараз тұрғын үй ғимаратының бірінші немесе цокольдік қабаттына ғана орналаса алады. Ескеретін жайт, шаштараз ашу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудан және өртке қарсы инспекциядан анықтама алу бойынша стандартты процедуралардан өту қажет. Стандарттарға сәйкес шаштаразда бір адамның жұмыс орны 8 м2 .Үшіншіден, азаматша тиісінше Жеке Кәсіпкер ретінде мемлекеттік органдарга тіркелу керек. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өту үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік табыстар министрінің « Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлік алуға өтініш нысанын бекіту туралы» 2002 жылғы 21 наурызындағы № 379 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1820 болып тіркелген ) бекітілген форма бойынша жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы Куәлікті алуға арыз; 2) 3х4 сурет (2 данада); 3) Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуге жиын соммасын бюджетке төлегенін растайтын құжат (жиынды төлеу туралы квитанция); Төртіншіден, егер азаматша Жақыпова шаштараз өнерімен айналысамын деп шешсе, онда оқу курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификат алу қажет, болмаса шаштараз қызметімен айналысуға сәйкесінше сертификаты бар адамды жұмысқа жалдау.Бесіншіден, осы қызметті жүзеге асыру үшін ғимаратты қалпына келтіру және қажетті жабдықтармен қамту.

4) Азамат Маратов нан пісіру қызметімен айналысатын ЖШС құру туралы шешімге келді. Маратов ЖШС құру үшін қандай әрекеттер жасау тиіс?

ЖАУАБЫ:

Тіркеу тәртібі мынадай әрекеттердің ретінен тұрады:

1. ХҚО-ға белгіленген үлгідегі өтінішті береді.

2. Жарғыны, құрылтайшылық шартты қазақ және орыс тілдерінде үш данада қоса береді. Егер Маратовтың ЖШС-ның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болса, онда салық органынан қарыздың жоқ екендігі туралы анықтама беру керек.

3. Заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжатты ұсынасыз (жалдау шарты; сатып алу-сату шарты; жылжымайтын мүлік құқығына тіркеу жүргізілгендігі туралы мөр басылған жылжымайтын мүлікке құқығын растайтын құжат; егер орын-жайдың меншік иесі жеке тұлға болып табылса, жеке тұлғаның орын-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде берілгендігі туралы нотариалды куәландырылған келісімі беріледі);

4. Мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке төленетін алымның төленгендігін растайтын түбіртек немесе құжатты қоса беруі тиіс (2 АЕК, егер сіз шағын кәсіпкерлік субъектісі болсаңыз; басқа жағдайларда алым сомасы 6,5 АЕК-ті құрайды);

5. Құрылтайшылық және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексерген, соң тіркеуші орган Маратов мырзаға заңды тұлғаның тіркелгендігі туралы куәлік береді және тіркелген деген мөрі бар Жарғыны қайтарады.

Сонымен қатар, Маратовқа заңды тұлғаның статистикалық картасын және салық төлеуші куәлігін беріледі.

Ғимарат. Нан өнімдерін пісіру бойынша бизнес ашу үшін бастапқы капитал ҚР Денсаулық Министрінің 2003 жылғы 31 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген № 4.01.064.03 «Нан, ұннан жасалатын тағамдар, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру бойынша санитарлы-гигиениялық және эпидемияға қарсы талаптар» атты санитарлық ережелер мен нормаларға сай, кем дегенде 50 м²-лік ғимарат керек. Сату нүктесінің орналасатын жері белгілі болғаннан кейін, онда сауда жасауды жүзеге асыру үшін СЭС қорытындысын алу керек. Жұмыс жасайтын сатушылардың әрқайсысында санитарлық кітапшаның болуы міндетті және ғимарат өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

5 ) Той басқарумен айналысатын асаба Жанбаевқа салық органдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін салық төлемегендіктен.. Салық органдарының әрекеттері дұрыс па? Асабалықпен айналысу кәсіпкерлік қызмет түріне жатады ма?

ЖАУАБЫ:

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық табысы барлар міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады делінген. Мемлекеттік тіркеусіз аталған жеке тұлғалардың қызметіне тыйым салынады. Яғни, белгілі бір мөлшерде табыс табатын тұлғалар ҚР Салық кодексінің 560, 565-баптарына сәйкес жеке тұлғалар жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін салық органында кәсіпкерлік субъект негізінде тіркелуі қажет. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі екендігі көрсетілген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 357-1 бабында тиісті тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысқан жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың нысаны немесе құралы тәркіленіп, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу қарастырыл­ған.Сондықтан кәсіпкерлікпен айналысу үшін міндетті тіркелу қажеттігін ескертеміз.

6 ) Уалиханов Алматы - Жамбыл қалалары арасында жолаушыларды тасымалдаумен... Бұл қызмет болып табылады ма? Кәсіпкерлік қызмет қай жерде тіркелуі тиіс?

ЖАУАБЫ:

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңында жеке тұлғалар үшін белгіленген жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық табысы барлар міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады делінген. Мемлекеттік тіркеусіз аталған жеке тұлғалардың қызметіне тыйым салынады

Қазіргі жағдайда мағнасыз деген желеумен тіркеуден бас тартуға тыйым салынады (тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс жоқ, зор бәсекелестік,т.б.). Тіркелу үшін кәсіпкер-өтініш беруші тек қана бір тіркеуші органға жүгінуге тиіс.Егер заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңмен талап етілетін құжаттар ойдағыдай құрастырылған болса, тіркеуші органның тіркеуден бас тартуға немесе өтініш берушіден небір қосымша бұрыштамалар, келісімдер, рұқсат және т.б. талап етуге құқығы жоқ. Осы заңның 6 бабы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібін қарайды.

Заңды тұлғаны тіркеу үшін тіркеуші органға ҚР Әділет министрлігі белгілеген форма бойынша өтініш беріледі және мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған үш дана құрылтай құжаттары қосымша беріледі. Өтінішке ҚР-ң заңнамасы белгілеген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарды қосымша берумен бірге құрылтайшы немесе өкілетті құрылтайшы қол қояды. Сол мезетте тіркеуші органға заңды тұлғаның орналасқан орнын куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу үшін жинақты бюджетке төлегенін куәландыратын түбіртек немесе құжат тапсырылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері олардың орналасқан орнын куәландыратын құжат тапсырмайды. Заң және басқа заңнамалық актілермен қарастырылғаннан басқа небір құжаттар мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады. Тіркеудің мағнасы жариялылық жағдайын жасайтынында, себебі тіркеуші орган арқылы кез келген мүдделі тұлға заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен танысуға құқылы, егер олар жабық немесе мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болып табылмаса. Коммерциялық құпияны сақтауды заңды қамтамасыз ету кәсіпкерлер мүддесін қорғаудың (ҚР АК 42 бабы) маңызды шарасы болып қызмет етеді.

7) Ерлі-зайыптылар Асановтар өздерінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында кәсіпкерлік қызметпен айналысу туралы шешім қабылдады. Бірақ жұбайы 3 жасар балаларының күтімімен айналысатындықтан, Асановтың бір өзі ғана кәсіпкерлікті жүзеге асыруға мәжбүр болды. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігінің ерекшелігі неде?

ЖАУАБЫ:

Кәсіпкерлік құқық бойынша оның нысаныда көрсетілгендей бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Ерлі-зайыптылардың іскерлігі деп қарастырылған бұл жағдайда ерекшелігі ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігіне жатпайды. Өйткені біреуі іскерлікпен айласпайтындықтан ол дара кәсіпкерлік болып табылады. Тағы айтатын болсақ ерлі-зайыптылар кәсіпкерлікпен айласатын жағдайда олардың өзара келісімдері болуы керек.

8) Аманкелді ауданының салық комитеті "Рауан" шаруа қожалығының салық төлемегенін басшылыққа ала отырып банкрот деп тану жөнінде арызбен сотқа шағымданды. 2009 жылғы 01.09. дейін алғанда бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша 749138 тенге қарызы бар. Сот "Рауан" шаруа қожалығына қатысты қандай шаралар қолдануы мүмкін?

ЖАУАБЫ:

Рауан шаруа қожалығы бойынша шаруашылық банкрот және қарыз болғандықтан соттың шарасы заңға сәйкес жүзеге асылылуы тиіс. Бір сөзбен айтқанда заңға сәйкес шешім шығаруы керек. Рауан шаруашылығы банкрот болып табылғандықтан және қарызы болғандықтан заңға сәйкес банкрот болған жағдайда шаруашылықты тоқтатуы тиіс болып табылады.

9) Кәсіпкер Асанов балаларға арналған тамақ өнімдерін шығару кезінде кәсіпкер Жолдасовтың осындай тауарларынан басты айырмашылығы тамақ құрамыныда витаминдердің... Кәсіпкер әрекеті дұрыс па? Дұрыс болмаса қандай заңға қайшы әрекеттер орын алған?

ЖАУАБЫ:

Кәсіпкердің бұл әрекеті заңға қайшы,себебі жалған ақпарат таратты. Қ.Р «Әкімшілік құқық бузышылық туралы» заңына сәйкес бұл кәсіпкерге 150 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынады. Егер бұл әрекет қайталантын болса, кәсіпкерлікпен айналысуға 1 жыл көлемінде тыйым салынады.

10) Шетел азаматы Джордж Мэлл алматы қаласында ағылшын орталығын ашу туралы шешімге келді... Шетел азаматтары қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналыса ала ма?

ЖАУАБЫ:

Қ.Р.-ның «Жеке кәсіпкелік туралы» заңында Қ.Р-ң азаматтарына және оралмандрға жеке кәсіпкерлікпен заңды тұлға құрмай-ақ айналысуға болады делінген, алайда Қ.Р-ң азаматы емес тұлғаға жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін заңды тұлға құру міндетті болып табылады.

11) Азамат Даменов қосымша кірістер алу үшін аяқ киім жөндеу қызметімен айналысу үшін өзінің тұрғылықты жеріндегі салық органдарына тіркелу үшін келді.Даменовтың әрекеті дұрыс па?Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу қандай жағдайларда міндетті?

ЖАУАБЫ:

Әрекеті дұрыс. Себебі қосымша кіріс табу үшін оның қызметі заңды түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері:

*жеке кәсіпкерлік еркіндігінің кепілдігі және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; * кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға барлық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі; * жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне) қол сұғылмауы мен оны қорғаудың кепілдігі;*Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы; *жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуы болып табылады.

12) ЖШС «Айсара» нан өнімдерін өндірумен айналысады және жұмысшылар саны 60 адам, 2008 жылғы активтерінің жалпы құны 400000 тенге. «Айсара» ЖШСқандай жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылады?Басқа жеке кәсіпкерлік субъектілерінен айырмашылығы неде?

ЖАУАБЫ:

ЖШС «Айсара» орта кәсіпкерлік субъектісі б.т. Ол Қ.Р жеке кәсіпкерлік туралы заңына сәйкес: Заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елу адамнан астам дара кәсіпкерлер және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны елуден астам, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын немесе жыл бойғы активтердің орташа жылдық құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

13)Студент Саматов «Универмагтан» өз қалауы бойынша 25000 теңге тұратын көк түсті жастар стилімен тігілген костюм ... Тұтынушының сатып алынған затын ауыстырып алуға байланысты құқықтары қандай?

ЖАУАБЫ:

Тұтынушы азық-түліктік емес тауар өзіне берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, егер сатушы (дайындаушы) бұдан да ұзақ мерзім жарияламаған болса, сатып алынған тауарды оның бағасында айырма болған жағдайда сатушымен (дайындаушымен) қажетті қайта есеп айырыса отырып, мөлшері, нысаны, ауқымы, пішіні, түсі, жиынтықталымы жағынан басқа, соған ұқсас тауарға айырбастап алуға құқылы. Сатушыда (дайындаушыда) айырбастауға қажетті тауар болмаған жағдайда сатып алушы сатып алынған тауарды сатушыға (дайындаушыға) қайтарып беруге және оған төленген ақшалай соманы қайтарып алуға құқылы.

14)Азаматтар Дүйсенов А., Маратов Л., Берiков. Мейрам өндiрiстiк кооперативiн құрды. ӨК-ң төрағасы болып  Дүйсенов А. сайланды. ӨК Мейрам ЖШС Сәлеммен 20 орындық жасауға және жеткiзуге шартқа отырды. ӨК екi апта бұрын шартты орындады, бiрақ ЖШС оны қабылдаудан бас тартты. Шешiмiн табыңыз.

ЖАУАБЫ:

ӨК азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және ӨК мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне ерікті. ӨК коммерциялық ұйым болып табылады. ӨК жеке тұлғалардың жалпы жиынтығынан пайда болады.

15) Қытай кәсіпкерлері Қазақстандық кәсіпкерлерге төсек жапқыштарын арзан бағамен сатуға шарт жасады. ...Демпинг дегеніміз не?Демпингке қарсы істі қарау жөніндегі ақпарат мерзімдері.

ЖАУАБЫ:

Экономика тілінде «демпинг» (ба­ғаны мақсатты түрде төмендете отырып, қарсыласты қатардан шығару)

Демпинг (нем. dumping' - сөзбе-сөз мағынасы: лақтырып тастау)

  1. тауарлардың сыртқа едәуір төмен бағамен (кейде оны "тастанды" баға деп атайды) шығарылуы;

  2. тауарлардың ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы. Мазмұнына қарай екі нысанға бөлінеді: тауар демпингі - тауарларды басқа елдің нарықтарында төмендетілген бағамен сату, яғни ол дағдылы коммерциялық операцияларда қолданылады; валюта демпингі, мұнда валютамен неғүрлым қамтамасыз етілген елден валютасының тұрақтылығы жоғары елге тауарлар төмен бағамен шығарылады.

Демпингке қарсы iстi қарау кезiнде барлық мүдделi тұлғалар өз мүдделерiн қорғауға құқылы. Осы мақсатта уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардың өтiнiмi бойынша iстi қарау материалдарын талқылау, қосымша ақпарат беру үшiн мүдделерi қарама-қайшы тараптардың кездесуiне мүмкiндiк беруге тиiс. Негiздемелер болған кезде мүдделi тұлғалардың қосымша ақпаратты ауызша беруге құқығы бар.       Мұндай кездесулерде қандай да болсын мүдделi тұлғалардың болмауы iстiң қаралуын жүргiзу кезiнде олардың мүдделерiне залал келтiруге әкеп соқпауға тиiс.       2. Уәкiлеттi орган ауызша ақпаратты кездесуден кейiн он күннiң iшiнде ол жазбаша расталғаннан кейiн назарға алады.       3. Уәкiлеттi орган барлық мүдделi тұлғаларға демпингке қарсы iстi қарауда олардың iстерi бойынша дәлелдер дайындау үшiн уәкiлеттi орган пайдаланатын барлық құпия емес ақпаратпен уақтылы танысуға мүмкiндiк бередi.";

16) Азамат Сарақанов шаруа қожалығын құру туралы шешім қабылдады. Жергілікті... Қандай құжаттар шаруа қожалығын құру үшін қажет?  Тәртібі қандай?

ЖАУАБЫ:

Шаруа қожалығын ұйымдастыру. Шаруа (фермерлік) қожалығын жер үлесіне құқығы бар адамдармен қатар кез-келген Қазақстан Республикасының азаматтары ұйымдастыра алады. Ол үшін шаруа (фермерлік) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы өтініш жазу қажет. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) ауылшаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;

2) шаруашылық басшысының ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын немесе тиісті мамандық немесе арнаулы дайындықтан өткенін (шартты жер үлесі құқығына ие емес азаматтар үшін) растайтын құжат;

3) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

4)   шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының мекен-жайы.