- •2.Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығы деген не?
- •4.Тікелей өлшеулердің нәтижесін өңдеу
- •5.Тұтқырлықтың пайда болуын қалай түсінесіз?
- •6.Дискінің инерция моментін тербеліс әдісімен анықтау.
- •7.Жанама өлшеулердін нәтижесін өңдеу
- •8.Өске қатысты дененің инерция моментінің формуласын жазыңыз?
- •9.Қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңын Обербек маятнигінің көмегімен зерттеу
- •10.Рейнольдс санының формуласын жазыңыз?
- •11.Физикалық маятниктің тербеліс заңдарын зерттеу
- •12.Қозғалмайтын өске қатысты қатты дененің айнымалы қозғалысының негізгі теңдеуін қорытып шығарыңыз
- •17Көлденең қимасы айнымалы құбырдың бойымен сұйықтың стационар ағысын зерттеу. Бернулли теңдеуін қорыту
- •18.Гюйгенс-Штейнер теоремасының негізгі өрнегін қорытып шығарыңыз
- •21.Айналмалы – баллистикалық маятниктің көмегімен дененің ұшу жылдамдығын анықтау
- •22.Обербек маятнигінде туындайтын күш моментін қорытып шығару
- •24.Стокс әдісі бойынша сұйықтың тұтқырлығын анықтау
- •25.Көлденең қимасы айнымалы құбырдың бойымен сұйықтың қозғалысы кезінде туындайтын қысымдарды эксперименттік түрде өлшеу механизмдері.
- •36. Сұйық ішіндегі қозғалып келе жатқан шардың қозғалыс теңдеуін қорытып шығарыңыз:
- •37.Тәжірибе кезінде жіберілген қателіктің түрлері.
- •1. Жүйелік қателік.
- •39.Дискінің, оның массалық центрінен өтетін өске қатысты инерция моментін анықтау (теориялық есептеу)
- •40.Микрометрдің және штангенциркульдің приборлық қателіктері неге тең?
- •42.№6 Жұмыс. Ағын сызығы. Ағын түтігі. Тұрақталған және тұрақталмаған ағыстар.
- •43.Биіктігі 1 метр судың бағанасының қысымын Паскальмен есептеңіздер
- •44.Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •45.Физикалық маятниктің тербелісін сипаттайтын қозғалыс теңдеуін жазыңыз.
- •46.Өлшеу нәтижелері бойынша гистограммаларды тұрғызу механизмі
- •47.Тура және жанама өлшеулерге мысалдар келтіріңіз
- •49.№10 Жұмыс. Абсолютті серпімді және серпімсіз соғылыстарда қандай сақталу заңдары орындалады?
- •50. Егер де кездейсоқ қателік нөлге тең болса, онда өлшеудің абсолюттік қателігі неге тең болады?
- •51 .Физикалық және математикалық маятниктерге анықтама беріңіз
- •53 Және 53 сұрақтарды ертен апайдан сұраймын жауабын кітаптан да, инеттен де,юасқа группадан да таппадым
- •52.Ұзын таяқшаның, оның массалық центрінен өтетін өске қатысты инерция моментін анықтау (теориялық есептеу)
- •53..№5 Жұмыстағы таяқшаның әр түрлі іліну нүктелерінің өске қатысты инерция моменттері әр түрлі ме, әлде жоқ па?
- •55.Қатты дененің күрделі қозғалысын қарапайым қозғалыстарға жіктеу (ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстардың анықтамалары)
- •Ілгерілемелі қозғалыс
- •Айналмалы қозғалыс
- •56.Стокс әдісінің экспериментте қолданылуы
- •57.№11 Жұмыс. Сұйықтың тұтқырлығы қандай шамаларға тәуелді? Сұйық ішіндегі шарға қандай күштер әсер етеді?
- •58.№6 Жұмыс. Бернулли теңдеуі. Түтік ішіндегі ағып жатқан сұйықтың статикалық қысымын қалай өлшейді?
- •59.Физикалық маятниктің келтірілген ұзындығының физикалық мағынасы
- •60.№6 Жұмыс. Үзіліссіздік және Бернулли теңдеуінің физикалық мағынасын түсіндіріңіз?
17Көлденең қимасы айнымалы құбырдың бойымен сұйықтың стационар ағысын зерттеу. Бернулли теңдеуін қорыту
Сұйықтардың немесе газдардың қозғалысы күрделі қозғалысты білдіреді. Оны сипаттау үшін, әр түрлі жеңілдететін болжаулар (модельдер) қолданылады. Қарапайым модельде сұйық (немесе газ) сығылмайтын және идеал (яғни, қозғалған қабаттардың арасында ішкі үйкеліс болмайтын) болып есептеледі. Идеал сұйықтың қозғалысы кезінде механикалық энергия ішкі энергияға айналмайды, сондықтан механикалық энергияның сақталу заңы орындалады. Осы заңның идеал және сығылмайтын стационарлы ағыны үшін салдары болып Бернулли теңдеуі (1738 ж) табылады. Стационарлық ағын деп құйындар пайда болмайтын сұйықтардың ағынын айтады. Стационар ағында сұйық бөлшектері ток сызықтары деп аталатын өзгермейтін уақыт траекториялары арқылы қозғалады. Тәжірибе көрсеткендей, стационар ағындар сұйықтың аз жылдамдықпен қозғалуы кезінде ғана болады. Көлдеңен қимасы өзгеріп тұратын түтік арқылы идеал сығылмайтын сұйықтың қозғалуын қарастырайық .Түтіктің әр түрлі бөліктері әр түрлі биіктікте орналасуы мүмкін).
Δt уақыт аралығы ішінде қимасы S1 болатын түтік арқылы сұйық l1 = υ1Δt шамасына, ал қимасы S2 түтік арқылы l2 = υ2Δt шамасына орын ауыстырсын. Мұндағы υ1 и υ2 - түтіктердегі сұйық бөлшектерінің жылдамдықтары. Сығылмаудың шарты
ΔV = l1S1 = l2S2 немесе υ1S1 = υ1S1
түрінде жазылады.
Мұндағы ΔV – S1 жәнеS2 қималары арқылы аққан сұйықтың көлемі. Сонымен, қимасы үлкен түтік бөлігінен қимасы кіші түтік бөлігіне өткен кезде, сұйықтық қозғалу жылдамдығы өседі, яғни сұйық үдеумен қозғалады. Соның салдарынан, сұйыққа күш әсер етеді. Горизонталь түтікте бұл күш тек кең және тар түтік бөліктеріндегі қысымдардың айырымынан ғана пайда болуы мүмкін. Түтіктің кең бөлігінде қысым көбірек болады. Егер түтіктің бөліктері әр түрлі биіктікте орналасса, онда сұйықтың үдеуі ауырлық және қысым күштерінің әсерінен пайда болады. Қысым күші – бұл сұйықтың серпімді сығылу күші. Сұйықтың сығылмауы сұйықтың кез келген бөлшегінің көлемінің кішкентай өзгеруінің нәтижесінде серпімді күштердің пайда болатындығын білдіреді. Сұйық идеал деп саналатындықтан, ол түтік арқылы үйкеліссіз қозғалады. Сондықтан оның қозғалысы үшін механикалық энергияның сақталу заңын қолдануға болады. Сұйық қозғалған кезде, қысым күші
ΔA = p1S1l1 – p2S2l2 = p1S1υ1Δt – p2S2υ2Δt = (p1 – p2)ΔV.
жұмысын атқарады.
Қысым күшінің ΔA жұмысы кері таңбамен алынған сұйықтың серпімді деформациясының потенциалдық энергияның өзгерісіне тең болады. Бастапқы уақыт мезетінде S1 және S2қималарының арасындағы Δt уақыт аралығында болған өзгерістер стационар ағында массасы Δm = ρΔV сұйықтың қимасы S1 бөлігінен қимасы S2 түтік бөлігіне өтеді. Осы масса үшін механикалық энергияның сақталу заңы:
E2 – E1 = ΔA = (p1 – p2)ΔV,
түрінде жазылады, мұндағы E1 және E2 – Δm массасының тартылыс өрісіндегі толық механикалық энергиялар.
Бұдан:
|
шығады. Бұл – Бернулли теңдеуі. Осыдан
|
қосындысы бүкіл түтіктің бойында тұрақты болатыны шығады. Дербес жағдайда, горизонталь орналасқан түтік үшін (h1 = h2) Бернулли теңдеуі:
түрінде жазылады. p шамасы – сұйықтағы статикалық қысым. Ол сұйықпен бірге қозғалатын манометрдің көмегімен өлшене алады. Түтіктің әр түрлі бөліктеріндегі қысым түтіктің төменгі ұштары сұйық бөлшектерінің жылдамдықтарына параллель болатындай, сұйық ағынына бүйір қабырғалары арқылы кіргізілген манометрлік түтіктер арқылы өлшенеді . Бернулли теңдеуінен келесі тұжырым шығады:
Қимасы әр түрлі горизонталь түтіктегі сұйықтың қысымы сұйықтың жылдамдығы кіші болған жерде көбірек болады, және керісінше, жылдамдық көбірек болған жерде қысым да аз болады.
