- •Әңгіме жанрының қиындығы неде?
- •Очерк жанрының әңгіме жанрынан ең басты ерекшелігі неде?
- •Повесть жанрының ерекшелігі.
- •Проза тілі мен поэзия тілінің айырмашылығы неде?
- •Поэма жанрының ерекшелігі.
- •Образдың түрлерін белгілеудің (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары неге байланысты?
- •Роман жанрын а.Байтұрсынұлы қалай атаған? Бұл жанрдың ерекшелігі неде?
- •Кең көлемді эпикалық тек, түрлері, ерекшелігі.
- •Құбылту түрлеріне нақты бір шығармадан мысал келтір, олардың көркем шығармадағы ролі анықтаңыз.
- •Классицизм ағымының ерекшелігі мен кемшілігі неде? Өкілдері кімдер?
- •Реалистік образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Романтикалық образдың негізгі ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
- •Әдеби стиль. Стиль тек әдебиетке ғана қатысты ұғым ба? Дәлелдеңіз.
- •Натурализм ағымының негізін салушы кім болды, қай шығармасымен?
- •Қара өлең ұйқасына мысал келтіре отырып, анықтамасын шығарыңыз.
- •Әдебиет теориясы ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз.
- •Сөз, сурет, сәулет, мүсін өнерінің бірлігіне өмірден, табиғаттан мысалдар келтіріп дәлелдеу.
- •Лирикалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Драмалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Образ түрлерін анықтау қаншалықты дәрежеде шартты. Бір образдың бойынан түрлі қырлар көрінуі мүмкін бе? Нақты бір шығарма негізінде салыстырыңыз.
- •Әдебиеттегі айшықтаудың (фигура) түрлері, мысал келтіріңіз.
- •Қайталау:
- •Орта көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама жасаңыз.
- •«Әдебиет танытқыш» бойынша троп түрлерінің «Сөз өнеріндегі» троп түрлерінен айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
- •Өлең өлшемі. Ұйқас түрлері.
- •Әдебиет теориясында мінездеудің түрлері нешеу, не себепті бұлай бөлінген?
- •Образдың жасалу жолдары.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Әдебиеттің негізгі салаларының өзіндік зерттейтін обьектілеріне жан-жақты тоқталып, анализ жасаңыз.
- •Кең көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Геройлық образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Фантастикалық образдың ерекшелігі
- •Сатиралық образдың ерекшелігі
- •Юморлық образдың ерекшелігі
- •Эпигон жазушылар деп қазіргі әдебиеттен кімді атар едіңіз. Дәлелдеңіз
- •"Эпикалық образ - кең тынысты образ" дегенмен келісесіз бе?
- •Лирикалық образ - ақынның өз бейнесі дегенді қалай түсінесіз?
- •А.Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымына енгізген терминдері мен з.Қабдоловтың енгізген терминдері арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар, салыстырып, талдаңыз.
- •Юморлық образ бен сатиралық образдың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •Драмалық образдың қиындығы мен күрделігі, көрерменге тигізер әсері
- •Көркемдеуіш құралдар троп және фигура түрлерінің бірін-бірі толықтыратын немесе дара сипаттары неде?
- •Драмалық образдың ғұмыры - бір күндік деген ұғыммен келісесіз бе?
Реалистік образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
Романтикалық образдың негізгі ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
Романтикалық образ – әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, оның «әрі өнген топырағы, әрі байлық қоры» боп табылатын мифте, қала берсе, қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Әрқашан алға, алысқа, арманға асыққан халықтың қиялы да телегей-теңіз. Ал романтикалық образдың негізінде қиял жатады. Романтикалық образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.
Әдеби стиль. Стиль тек әдебиетке ғана қатысты ұғым ба? Дәлелдеңіз.
Стиль (грекше - stylos) деген терминнің мағынасы әр түрлі: байырғы римдіктер сырлы тақтаға сөз жазатын бір ұшы қалақша, бір ұшы сүйір таяқшаны стиль деген болса, кейін әркімнің қолтаңбасы, жазу өрнегі, одан бертін келе сөз мәнері, сөйлеу машығы, ақыр аяғында әр суреткерге тән өнер ерекшелігі стиль атанған.
Стиль деген ұғым ғылым мен өнерде ғана емес, өмірдің өзінде де көп кездеседі. Мысалы:
жұмыс стилі
кеңсе стилі
газет стилі
Натурализм ағымының негізін салушы кім болды, қай шығармасымен?
Натурализм ХІХ ғасырда пайда болған. Ең алғаш «Нана» шығармасымен негізін салған француз жазушысы Эмиль Золя. Натурализм – бәрінен бұрын, әдебиет пен өнердегі принципсіздік; эстетикалық талғамның жоқтығы; ақиқат шындыққа енжар бейтараптық. Сондықтан әдебиеттегі натурализм де – философиядағы буржуазиялық позитивизм секілді лайсаң ағым. Натурализм өмірде ірі мақсаттар да, асыл мұраттар да жоқ, тіршілік ұсақ-түйектен ғана тұрады деген кертартпа ұғымға негізделген.
Қара өлең ұйқасына мысал келтіре отырып, анықтамасын шығарыңыз.
Қара өлең ұйқасы - бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған. Бұл ұйқасты күні бүгінге дейін көп жайылған ұйқас деп айтуға болады. Қара өлең ұйқасының өзінше ерекшелігі 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ылғи ұйқассыз, бос қалып отырады.
Қаратаудың басынан көш келеді, - а
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. - а
Ел-жұртынан айрылған жаман екен, - ә
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді. - а
Жинақтау қандай образға қатысты қолданылады? Себебін түсіндір.
Әдебиеттің көркемдегіш тәсілдері.
Әдебиеттің көркемдегіш тәсілдері: ажарлау, құбылту (троп) және айшықтау (фигура)
Ажарлау:
Теңеу
Эпитет
Ирония
Сарказм
Аллитерация
Ассонанс
Құбылту:
1. Метафора
2. Метонимия
3. Символ
4. Кейіптеу
5. Синекдоха
6. Гипербола
7. Литота
Айшықтау:
Арнау :
Жарлай арнау
Зарлай арнау
Сұрай арнау
Риторикалық
Қайталау:
Жай
Еспе
Әдепкі
Кезекті
Шендестіру (Антитеза)
Дамыту (Градация)
Инверсия
Эллипсис
Көркем әдебиеттің табиғатын анықтаңыз.
Көркем әдебиеттің өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік-идеялық мәнін, қоғамдық сипатын бүгінгі таңдағы әдебиеттің халықтық, таптық, әлеуметтік мәнін салыстыруға бола ма?
Өнердің сөз өнері ретіндегі өзіндік ерекшеліктері қандай?
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі.
