Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай бол...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆
  1. Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.

Әдебиеттану ғылымы негізгі және жанама болып екіге бөлінеді.

Негізгі:

Әдебиет тарихы – кез келген халықтың әдебиетін, қай кезде пайда болғанын, көрнекті өкілдерін зерттейтін саласы.

Әдебиет теориясы көркем шығарманың табиғатын зерттейді: тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, образдар әлемі, көркемдегіш тәсілдер, әдебиеттәң тектері мен түрлері, өлең құрылысы, стиль мәселесі, әдеби ағымдар.

Әдебиет сынынң зерттеу объектісі – көркем шығарма. Әдебиеттің тірі процесіне дер кезінде үн қосып, авторға жазған шығармасының жетістіктері мен артықшылықтарын, кемшіліктерін көрсетіп жалпы әдебиет ғылымының дамуына үлкен септігін тигізетін әдебиет ғылымының бір саласы.

Жанама:

Историография – әдебиет теориясының, теорияның ғасырлар бойы тарихы мен дамуы туралы деректер жиынтығы.

Библиография – көркем әдебиеттің өзіне, әдебиет ғылымына байланысты көрсеткіштер, шолу, анықтамалар жиынтығы.

Текстология – әдеби туындының текстін зерттеп – тануының принципін және методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.

  1. Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай болды? Түрлеріне тоқталыңыз

Образ тудырушы 3 фактор бар:

  1. Әдіс: 1) романтикалық 2) реалистік

  2. Тек: 1) эпикалық 2) лирикалық 3) драмалық

  3. Тәсіл: 1) геройлық 2) фантастикалық 3) трагедиялық 4) юморлық 5) сатиралық

  1. Әдебиеттің негізгі салаларының өзіндік зерттейтін обьектілеріне жан-жақты тоқталып, анализ жасаңыз.

Әдебиеттану ғылымы негізгі және жанама болып екіге бөлінеді.

Негізгі:

Әдебиет тарихы – кез келген халықтың әдебиетін, қай кезде пайда болғанын, көрнекті өкілдерін зерттейтін саласы.

Әдебиет теориясы көркем шығарманың табиғатын зерттейді: тақырыбы мен идеясы, мазмұны мен пішіні, композициясы мен сюжеті, образдар әлемі, көркемдегіш тәсілдер, әдебиеттәң тектері мен түрлері, өлең құрылысы, стиль мәселесі, әдеби ағымдар.

Әдебиет сынынң зерттеу объектісі – көркем шығарма. Әдебиеттің тірі процесіне дер кезінде үн қосып, авторға жазған шығармасының жетістіктері мен артықшылықтарын, кемшіліктерін көрсетіп жалпы әдебиет ғылымының дамуына үлкен септігін тигізетін әдебиет ғылымының бір саласы.

  1. Кең көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама беріңіз.

Кең көлемді эпикалық текке роман мен эпос жатады.

Роман — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның ерекшелігі – көлемінің молдығы, композициялық құрылымының күрделігі, сюжетінің көпжелілігі, суреттеу, бейнелеу құралдарының алуандығы.

Эпос - тарихи тақырыпты кең қамтып, халық өмірінің өткен кезеңдерін көркем бейнелейтін жанр. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді.