Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

3.Капитал мәні, капитал туралы әр түрлі көзқарастарға талдау жасау.

Kапитал кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Капитал нарығы орташа мерзімді және ұзақ мерзімді несие капиталына сұраным мен ұсынымды қалыптастыру аясы, несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда орта және ұзақ мерзімді несие капиталына сұраным мен ұсыным қалыптасады. Екі бөліктен тұрады: бір жағынан, меншікті капитал нарығы, атап айтқанда, акциялар нарығы; екінші жағынан, несие нарығы қарыз капиталы нарығы. Бұл нарық қысқа мерзімді қаражат нарығына ақша нарығына және ұзақ мерзімді қаражат нарығына облигациялар нарығына ажыратылады. Материалдық өндіріс үшін аса маңызды фактор бұл –капитал. Капиталға көбіне өндіріс заттарын (құралдарын) жатқызамыз. Олар екі топқа бөлінетін материалдық ресурстар. Олар еңбек құралдары мен еңбек заттарына бөлінеді. Қаржы саласында капитал өз иесіне процент түрінде табыс алып келеді. Бұл процент немесе ссудалық процент. Судалық процент ставкасы ақшаны қолданғаны үшін баға болып табылады. Пайыздық табыс - ақшалай қаражатты немесе капиталды тиімді жұмсау шарасы. Банк депозитіне немесе салымына жұмсау кезінде — банкінің депонентке немесе салымшыға ақшаны пайдаланудан бас тартқаны үшін (салым бойынша пайыз) салынған қаражатқа пайыздық қатынас тұрғысынан белгілі кезендегі сыйақы ретінде төлейтін ақша сомасы. Бағалы қағаздарды сатып алу кезінде — купонның немесе дивидендтің (иесі белгілі бір кезенде алған) бағалы қағаздың атаулы құнына қатысты пайыз түрінде алынған сомасы.Мүліктік капитал салу кезінде — ақшалай да, мүліктей де салымның құнына пайыз түріндегі пайданың құндық бағасы. Пайыздық табысқа салық салынуына қарай жалпы табыс (салық есептелмегенде), таза табыс (салық есептелгенде) түрлеріне бөлінеді. Пайыздық табысты жылдық пайыз түрінде есептеу дәстүрге айналған. Бұл орайда есеп мақсатында купондардың, пайыздардың, сыйақылардың немесе бір жыл ішінде алынған пайданың сомасы алынады.

Капиталға түрлі ғылыми көзқарастар әртүрлі анықтамалар береді. Олар негізінен үш бағыттан құралады:

1) заттай иемесе натуралистік конценңиясы;

2) ақшалай немесе монетаристік концепңиясы;

3) «ақша капиталы» теориясы.

4. Шағын және орта фирмалардың экономикадағы рөлі, олардың тиімділігі.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Фирма көлеміне байланысты: шағын, орта және ірі бизнес болып бөлінеді.Шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.

Шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтары:

1.Кез-келген жағдайларда өзгерістерге жеңіл бейімделеді.

2.Тұтыну сұраныстың өзгеруіне тең жауап береді

3.Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады

4.Бәсеке дамуының негізін құрайды.

5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады

Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық жән саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. ҚР-ның сауда және индустрия министрлігінің мәліметі бойынша кіші және орта бизнеспен өндірілген өнім 3% -ды құрайды. Ал кіші және орта бизнестің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен.Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие: 1) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды. 2) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану. 3) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті. 4) Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]