Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory_ekonomika_1 (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

67. Қазақстан Республикасында өндіріс факторларын пайдалану тиімділігі (эссе).

Табыстардың  құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық  экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін  тауар ретінде сату - сатып алу  туралы  экономикалық  қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына  тән қасиеттер:

-        жұмыс  орындарын ұсынатын  кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

-        әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің  ұсынысы);

-        еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын  және бірде - бір еңбекккердің  күш ықпалының жүрмеуі;

-        жұмыс күшінің жалақының  мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда  жалақыны кең және тар мағынада  түсіндіруге болады.  Кең мағынада жалақы  әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына  еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық  ақылары  кіреді. Тар мағынада,  жалақы –  пайдаланған еңбек  бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде  ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы  еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға  болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1.      Номиналды жалақыға.

2.      Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

68. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қызметі және дамыту жолдары (эссе).

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз ең алдымен жұмыс күшіне сұраным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Еңбек аясы қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды және көп қырлы саласы. Ол жұмыс күші нарығында және оның қоғамдық өндірісте пайдалануын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбек ақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу айқындалады. Бүгінгі еңбек мәселесіне келетін болсақ, біздің Республи-камызда еңбек нарығы әлі де күрделі және толық жетілмеген нарық түрі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселеге аса көңіл аударылады. Еңбек нарығының толық шешілмеген басты мәселесі деп жұмыссыздықты атап айту қажет.  Ғылыми жаңашылдығы мен қолданбалық маңызы. Осы мәселе туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, жұмыстан босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс орнындағы негізгі жалақының 50% кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерден жоғары және өмр сүру минимумынан төмен болмайтын, жәрдем ақша беруге кепілдік береді. Олармен бірге мемлекет, жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны шектеу, шетел жұмысшыларының репартациясын ынталандыру, жұмыс аптасының ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімнен бұрын құрметті демалысқа шығару сияқты жұмыс қамту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп, жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар жұмыссыз болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Еңбек нарығын реттеудің құқықтық механизмі жұмыспен қамту және әлеуметік-экономикалық қатынастарды реттеу бойынша заң және нормативтік актілерді шығару жүзеге асырып келеді. Осы орайда ауыл жағдайын жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу, ауылға позитивті өзгеріс енгізу мақсатында ел басының «Дипломмен ауылға» атты бағдарламасы алғаш қадам аттады. Бұл да өз алдына оқуды аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. 2009 жылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінен арнайы шаралар қабылданды. Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қосымша 140 миллиард теңге бөлінді, ал жергілікті бюджеттер тағы да 51 миллиард теңге бөлді. Осының барлығы Үкімет тарапынан жасалып отырған халыққа деген қолдау. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]