- •1. Химияның негізгі түсініктері: атом, молекула, атомдық және молекулалық массалар, жәй және күрделі зат, химиялық эквивалент, моль.
- •2.Химияның негізгі заңдары
- •3.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
- •4.Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі, оның құрылымы.
- •5.Атом құрылысының квант-механикалық моделі.
- •6.Электрондық бұлт туралы түсінік.Толқындық функция.
- •8.Орбитальдардың элетрондармен толтыру реті.Энергияның кішіреуі принципі.Паули принципі.Хунд ережесі.Клечковский ережесі.
- •9. Энергетикалық денгейлермен денгейшелердін сиымдылығы.Атомдардын электрон қауыздарынын құрлысы.Периодтық жүйенің атом құрлысымен байланысы.
- •10. Периодтық жүйе бойынша элементтердің өзгеретін және өзгермейтін қасиеттері.
- •11.Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
- •12.Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
- •13 Коваленттік байланыс
- •14 .П және σ байланыстар . Бай/с ұзындығы мен энергиясы
- •16. Иондық байланыс
- •17.Металдық байланыс.Оның түзілу механизмі.
- •18.Сутектік байланыс.Оның түзілу механизмі
- •Тотықтырғыш
- •20. Әр түрлі топтар мен периодтар элемент атомдарының валенттік мүмкіндіктері.
- •21.Ерітінділер, анықтамасы, жіктелуі. Ерітінділердің концентрациялары туралы түсінік,оларды өрнектеу жолдары.
- •22. Электролиттік диссоциация теориясы.Электролиттік дисссоциалану дәрежәсі мен тұрақтысы. Освальдтың сұйылту заңы.
- •23. Күшті және әлсіз электролиттер.
- •24.Су.Судың иондық күші,сутекті көрсеткіш.
- •25 Акивілік акивтілік коэффицені. Ерітінділердің иондық күші. Активтілік коэффицент пен ерітіндінің иондық күшінің арасындағы байланыс.
- •26 Тұздар гидролизі. Гидролиздену дәрежесімен тұрақысы
- •27Химиялық реакциялардың жылдамдығы.Реакция жылдамдығына температураның әсері.Вант – Гофф ережесі.Аррениус теңдеуі.Реакциялардың молекулалығы мен реті.Активтендіру энергиясы,оның физикалық мағынасы.
- •28 Реакция жылдамдығына реагенттер концентрацияларының әсері.Әрекеттесуші массалар заңы.Химиялық реакция жылдамдығының тұрақтысы,оның физикалық мағынасы.
- •33.Газ электродтары.Сутектік және оттектік электрод/ң потенциал/н есептеу.
- •34.Тотығу-тотығсыздану потенциалдары
- •35Лектро/қ процес/ң/ң кинетикасы.
- •36 Электрод/ң ертіндісі н/е балқымасы арқылы тұрақты ток өткен кезде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциаларын электрлиз д.А.
- •37 Қоршаған ортаның әсерінен металдың жаңа химиялық қосылыс түзе күйреуін – коррозия дейміз. Коррозияның күнде кездесетін мысалы- темірдің таттануы-темір ауадағы оттекпен тотығып, беті таттанады.
- •38.Коррозияның термодинамикасы мен кинетикасы.
- •39. Металдардың физика-химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі әдістері.
- •40.Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.
11.Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
Негізгі күйдегі бейтарап атомнан бір электронды бөліп алу үшін жұмсалатын энергияның шамасын иондану энергиясы (І) деп атайды.Иондану нәтижесінде атомдар оң зарядталған ионға айналады.
Na = Na+ +e- І = -490 кДж/моль
Иондану энергиясы периотарда солдан оңға қарай артады.
Негізгі күйдегі бейтарапты атомға электронды қосқанда жұмсалатын немесе берілетін энергияны электронға тартқыштық( E) деп атайды.
Cl + e- = Cl- E=+362 kДж/моль
Иондану энергиясымен электронға тартқыштық оғшауланған атомдардың күйін сипаттайды.Атомдардың оқшауланған күйін электртерістілік шаммасы сипатайды.
Электртерістілік - қосылыстағы басқа атомдармен салыстырғандағы электрондық тығыздылықты элемент атомдарының өзіне тарта білу қабілеттілігі
χ=1/2 (І+Е)
Период бойынша элеметтер электртерістілігінің жалпы өсуі, ал топшаларда оның азаюы байқалады.Элементтің электртерістілік мәні неғұрлым жоғары болса,соғұрлым атом зарядталған ионға оңай айналады.Электртерістілік мәні ең жоғар элементті-фтор: χF=4,00
12.Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
Молекулалардың, иондардың, радикалдардың,сондай-ақ кристалдардың түзілуіне әкелетін атомдардың әрекеттесу құбылысын химиялық байланыс деп атайды.Осы тустағы міндетті болатын жағдай- әрекеттесуші атомдар жүйесінің потенциалды энертиясының азаюы.Екі атомдық жүйедегі потенциялдық энергияның ядролар арасындағы қашықтықтан тәуелділігін көрсететін потенциялды қисықты қарастырайық..Егер электрондардың спиндері антипаралелді болса,онда атомдар жақындаған кездегі жүйенің потециалды энергиясының азаюы орын алады және r=r0 болғанда тартылу күші тербелу күшіне теңеледі . Осы тұста жұйеның энергиясы өзінің ең кіші мәнін қабылдайды және турақты химиялық байланыс түзіледі. Егер спиндер паралелді болса, онда өзара жақындап келе жатқан атомдардың кез келеген арақашықтығы кзіндегі жүйенің потенциалдық энергиясы жеке-жеке алынған екі атом энергиясының қосындысынан артық болады.
Валентілік – атомның химиялық байланыс түзуге қабілеттілігі. Бір элементтің өзі коваленттік не болмаса иондық қосылыстар түзеді. Тотығу дәрежесі деп молекула қурамындағы атомдарды шартты түрде электртерістілігіне сай оң және ионға айналады деп есептегендегі атомның зарядын айтады. Ол “+”немесе “-” таңбаларымен алынған рим сандарымен белгіленеді.
13 Коваленттік байланыс
КОВАЛЕНТТІК БАЙЛАНЫС ДЕП жалпы электрондық жұптар арқылы іске асатын хим/қ бай/сты айтады.
Коваленттік бай/с тек қана қасиеттері бір біріне жақын атомдар арасында түзіледі және бұл атомдардың жұптаспаған электрондары болу керек. Коваленттік байланыстың екі түрі болады полюсті және полюссіз
Ковалентті полюссіз бай/с сутегі, азот молекулалары сияқты электр терістігі екі бірдей атомдардың арасындағы жалпы электрон жұбы арұылы түзілетін бай/с .мұнда электронды жұп атомдарының екеуіне бірдей қатысады.
Ковалентті полюсті бай/с әр түрлі екі атом арасында түзіледі сонда электрондық бұлт электр терістілеу атомға қарай ығысады
Ковалентті бай/стардың қасиеттері
1 Қаныға алатындығы-- Ковалентті бай/стардың
Шектеулі санын түзуіне атомның қатынасуға қабілеттілігі
2 Бағытталғандығы—молекуланың кеңістікт егі құрылымын шарттастырады, электрондық бұлттардың қайта жабылуы тек орбитальдардың өзара белгілі бір бағытталу тұсында жүреді, бұл
Өз кезегінде электрондардың қайта жабылуындағы ең үлкен электрондық тығыздылығты қамтамасыз етеді
