Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
50 Кб
Скачать
☆

2. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, департамент университетте өткізілетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды үйлестіреді, сонымен қатар жоғары білікті кадр мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Департамент университеттің барлық ғылыми-зерттеу құрылымдарын, факультеттерін, ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми орталықтарды Технопарк және т.б. біріктіретін бірегей ғылыми құрылым болып табылады.

Департамент университеттің Даму стратегиясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің және Ғылыми-техникалық кеңесінің шешімдері негізінде университеттің ғылыми және инновациялық қызметін анықтайды.

Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент мынадай бөлімдерден тұрады:

-Ғылыми зерттеу жұмысы жөніндегі бөлім;

-Инновациялық қызмет жөніндегі бөлім;

-Ғылыми мамандарды дайындау және аттестациялау бөлімі.

3. Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент негізінен университеттің мәдени, мерекелік іс-шараларының жүргізілуін, университеттің факультеттері және құрылымдылық бөлімшелермен тығыз байланыстағы жұмыстарын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті – тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі, жастар ұйымдары комитеті және студенттер клубы қызметін үйлестіреді және жүзеге асырады. Бұл департамент құрамына мынандай бөлімдер кіреді:

-Тәрбие жұмысы және тіл саясатын ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі - университеттің мәдени-көпшілік және мерекелік іс-шараларының жоспарын жасау, олардың орындалуын қамтамасыз ету; университеттің факультеттері және құрылымдылық бөлімшелермен тығыз байланыстағы жұмыстарын ұйымдастыру, студенттердің бос уақыттағы қызығушылығы мен талаптарын зерттеу; факультеттер мен жатаханаларда соғыс және еңбек ардагерлерімен, белгілі ғалымдармен және  мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер, дебаттар, тақрыптық, шығармашылық кештер ұйымдастыру; тәрбие және әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша жоғарғы және басқа ұйымдардың хаттарына жауап дайындау; университет қызметкерлерін мәдени-көпшілік іс-шараларға,   студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға тарту; университет қызметкерлері мен студенттерінің флюорографиялық тексеруден өтуін қадағалаумен шұғылданатын бөлім.

-Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім;

-Студенттер клубы.

4.Халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң негiзгi міндеті әлемдiк деңгейдiң қазiргi ЖОО сияқты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың лидерлiк позицияларын күшейтуге және ары қарай дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Университеттiң халықаралық қызметiнiң басты бағыттарының бiрi ғылыми жоба және бiлiм беретiн шетел университеттерiмен жүзеге асырылатын академиялық халықаралық әрiптестiк болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бүгiнде 400-ден астам әлемнің ең iрi университеттерімен UNESCO, CRDF, NATO, InWEnt, МАГАТЭ т.б. бiлiм беру халықаралық ұйымдарымен келісімдер жасалған.

Халықаралық ынтымақтастық департаменті мынадай бөлімдерден тұрады:

-Стратегия және халықаралық ғылым мен білім істері жөніндегі бөлім;

-Халықаралық академиялық мобильдікті қамтамасыз ету бөлімі.

5.Ақпараттық технологиялар департаментінің басты мақсаты - университеттегі оқу үдерісін ақпараттық және техникалық қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық технологияларды оқу үдерісіне енгізу, техникалық жабдықтармен университетті қамтамасыз ету.

Ақпараттық технологиялар департаментінің қызметі даму стратегиясы бойынша университтетті ақпараттандыруға, Жалпыуниверситеттік ақпараттық инфражүйені дамытуға, жаңа ақпараттық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге, қаржы-экономикалық қызметін, іс жүргізу жұмысын және университеттің іс-қағаздарын автоматтандыруға бағытталған. Департаменттің негізгі қызметтерінің бірі интеграцияланған жаңа ақпаратық жүйе құру, ақпараттық Интернет кеңістігінде университет өкілдерін ұйымдастыру, студенттер мен оқытушыларды жаңа электрондық қызметтермен таныстыру, оқу орынында толықтай ақпараттық-білім бірлескен корпоративтік портал құру.  Негізгі бөлімдері: бағдарламалық құралдарды әзірлеу бөлімі, бағдарламалық құралдарды қолдау бөлімі, ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету бөлімі, оқу интернет орталығы және жағдайды бақылау орталығы.

6.Экономикалық және бюджеттік жоспарлау департаменті. Университеттің қаржы қорын басқару үдерісінің негізгі құралы – оның бюджеті. Университеттiң қаржы қорларының басқару процесстерi оның стратегиялық және тактикалық табысына бағытталған.  

Міндеті: 

Басқарудың екі деңгейінің жүзеге асырылуы:

-стратегиялық (басым бағыттар мен білім және ғылым саласындағы ЖОО-ның негізгі жарғысындағы міндеттерді орындау мақсатында қаржы қорларын инвестициялаудың тиімді әдістерін анықтау);

-тактикалық (айналымдағы активтер мен ЖОО-ның қысқа қаржы міндеттерін ұтымды басқару, нәтижесінің қаржы нәтижесіне ықпал ету тұрғысынан алғанда баға белгілеу, салық жоспарлау және тағы басқалары төңірегінде оңтайлы шешімдер қабылдау. 

 Экономикалық және бюджеттік жоспарлау департаментінің басқармалыры:

  • Бухгалтерлік есеп және есеп беру бақармасы

Бюджеттік саясат және экономикалық жоспарлау басқармасы

7. Өндіріс  департаменті  ҚР  заңына  сәйкес  және  Ректораттың  шешімімен  ғимараттарға  күрделі  жөндеу  жұмыстарын  жүргізеді.  Осы  жобаның  қажетті  құжаттарын  дайындау  жұмыстарымен  де  айналысады, ғимараттарды іріктеп, жөндеу жұмыстарын  жүргізеді. Сонымен қатар күрделі  жөндеу  жұмыстарына  кеткен  шығынға  стратегиялық  тұрғыдан  есеп  беріп, тиісті  орындарға  бекітілген  мерзім  бойынша  өткізеді, территориядағы  тазалық  пен  тәртіпті  қадағалайды.

Университетте қазіргі таңда 14 факультет жұмыс істейді: