- •Халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы Оқу тәжірибесі туралы есеп
- •Мазмұны
- •2. Ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі департамент
- •Механика-матиматика факультеті
- •Физикa-техникалық факультеті
- •Биология және биотехника факультеті
- •Журналистика факультеті
- •География және табиғатты пайдалану факультеті
- •Химия және химиялық техналогия факультеті
- •Философия және саясаттану факультеті
- •Тарих, археология және этнология факультеті
- •Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
- •Заң факультеті
- •Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
- •Халықаралық қатынастар факультеті
- •Шығыстану факультеті
- •Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
- •Әскери кафедра
- •Еуропалық құжаттама орталығының жұмысына сипаттама
- •Еуропалық Ақпараттық Орталықтың құжатпен қамтамасыз етілуі.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі іс-әрекетінің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде: болашаққа қарай интеллектуалды серпін» тақырыбындағы дәрісінде және «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебі - 1949 жылы Қазақстандағы жоғары білімді экономист мамандарды даярлайтын ең алғашқы факультет болып ашылды.
Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде 3000-нан астам студенттер дәріс алады, олардың 2800-ден астамы күндізгі бөлімде оқиды. Сонымен қатар, Экономика және Бизнес Жоғары мектебі мамандарды қысқартылған курс бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беру базасы негізінде дайындайды.
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар факультеті - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 1995 ж. құрылған ең жас факультеті. Факультет келесі 4 мамандық бойынша бакалаврлар, магистрлер мен Ph.D докторларын дайындау орталығы болып табылады:
- Халықаралық қатынастар;
- Халықаралық құқық;
- Аймақтану;
- Әлемдік экономика.
Мамандарды дайындау факультеттің екі түлек даярлаушы және бір тіл кафедрасында жүзеге асырылады:
- халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы;
- халықаралық құқық кафедрасы;
- дипломатиялық аударма кафедрасы.
Шығыстану факультеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті шығыс тілдерін меңгерген жоғары білікті мамандарды дайындаудың республикалық ірі орталыққа айналды. Шығыс тілдерін үйрену (соның ішінде араб тілі) университет қабырғасында ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады. 1989 жылы Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы мен араб тілі кафедрасының негізінде ашылған шығыстану факультеті шығыс елдерінің тілі мен тарихын оқытудың 40 жылдан астам қалыптасқан дәстүріне сүйенеді.
Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті – бұл қазақстандық жас ұрпақтың жоғарғы технологиялық әлемде өмір сүруін қамтамасыз ететін бірыңғай білім беру кластері.
Мақсаты - заманның талаптарына сай және тиімділігі дәлелденген жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындықтың біртұтас жүйесін құру.
Міндеттері:
«Мектеп – колледж – университет» түріндегі үздіксіз білім беру жүйесін құру;
жеке білім беру бағдарламаларын құру арқылы ҚазҰУ-ге түсуге қажетті сапалы дайындық сұранысын қанағаттандыру;
шетел азаматтарын қоса алғанда бағдары айқын студенттік контингентті құрудағы кәсіби бағдар жұмысының перспективті бағыттарын жүйеге келтіру және интеграциясы.
Әскери кафедра
Әскери кафедрада студенттермен әскери - патриоттыққа тәрбиелеу бағыттында жұмыстар жүзеге асыратын бағыттар:
1. Студенттер арасында мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын кең насихаттау;
2. Бейбітшілік пен халықаралық достастықтың саясатын, біздің еліміздің экономикасының дамуы ғылым мен мәдениеттің жеткен жетістіктері, халықтың әл-ауқаттын көтеруді насихаттау;
3. Жастарды биік қырағылыққа және әрқашан Отан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу;
4. Заманауи әскери-саяси жағдайдың ерекшеліктерін түсіндіру, халқымыздың жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін насихаттау;
5. Алдыңғы ұрпақтарымыздың ерліктерін артындағы жастарға мақтаныш сезіммен айтып және оларға еліктеуге тәрбиелеу;
6. Туған мемлекетін қорғауды насихаттау.
