Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3_Ekonomicheskaya_chast.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
59 Кб
Скачать
☆

4.1 Еңбек қорғауы туралы жалпы жағдайлар

Еңбек қорғау – сәйкес заңшығарушылық және басқа нормативті актілері негізінде орындалатын және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, денсаулық сақтауға және еңбек ету процесінде адамның жұмысқа қабілеттілікке бағытталған шаралар және құралдар (әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, емдік-алдын алу) жүйесі.

24ақпан 2004жылғы Қазақстан Республикасының «Қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы» заңы Қазақстан Республикасындағы еңбек қорғау облысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, еңбек ету процесіндегі қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сонымен қатар қауіпсіздік және еңбек қорғау облысында мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдарын орнатады.

Бұл заң еңбек қорғауда, қызметшілерге қайғылы жағдайларды және өндірісте денсаулыққа зақым келтіруді ескертуге, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды минимум мәнге келтіруге мақсатталады және меншіктер формасынан тәуелсіз барлық шаруашылық қызметтер және өндіріс орындарында таралады.

Еңбек қорғауға өндіріс орындарымен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлік шаруашылықтармен және жеке жалдаушылармен қоса , басқа әртүрлі меншікті формалы ұйымдармен еңбек қатынастарында тұратын барлық қызметшілердің құқықтары бар.

Қазақстан Республикасының еңбек қорғау туралы заңнамасы «Қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы» заңынан сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасы және өндірістік орта жөнінде басқа заңнамалық және нормативтік актілерден тұрады.

Қауіпсіздік және еңбек қауіпсіздігі облысындағы негізгі ұстанымдар:

  • өндірістік қызметтер нәтижелеріне қатысты қызметшінің өмірі мен денсаулығының басымдылығы;

  • қызметшінің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторларлың зиянды әсерлері арқасында пайда болатын қайтымсыз зардаптардың алдын алу;

  • қауіпсіздік және еңбек қорғау талаптарына сай, еңбек шарттарына қызметшілердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мемлекеттің кепілдік беруі;

  • нормативті құқықтық актілерді құру және шешу арқылы қауіпсіздік және еңбек қорғау облысында бірыңғай талаптар орнату;

  • қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелерін мемлкеттің реттеуі;

  • уәкілетті мүшелер, олардың аумақтық бөлімшелерімен және жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдері арасындағы қауіпсіздік және еңбек қорғау облысында келісілген әрекеттер жүргізуді қамтамасыз ету;

  • қауіпсіздік және еңбек қорғау күйі туралы мәліметтің жариялылығы,толықтығы және дұрыстығы;

  • мемлекеттік бағдарламаларды қаражаттандыруда, нормативті құқықтық актілерді орнатуда, қауіпсіздік және еңбек қорғау облысында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргізуде мемлекеттің қатысуы;

  • қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша, мемлекеттік бағдарламалар құруда, қауіпсіздік және еңбек қорғау нормаларынан тұратын нормативті құқықтық актілерді орнатуда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбек қорғау туралы заңнамасының ұстануда бақылау жүргізуде жұмысшылар өкілдерінің қатысуы.