- •3. Экономикалық бөлім
- •3.1 Жобаланатын спс экономикалық эффективтілігін есептеу
- •4.1 Еңбек қорғауы туралы жалпы жағдайлар
- •4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамалары
- •4.4 Оператордың жұмыс орнын жарықтандыру
- •4.5 Шу әрекеттері, діріл және электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
- •4.6 Өрт қауіпсіздік талаптары
4.4 Оператордың жұмыс орнын жарықтандыру
Жарықтандыру – заттарды көзбен қабылдауын немесе оларды жарық сезгіш құралдар мен қондырғылар арқылы тіркеуді қамтамасыз ететін , заттардың бетінің жарықтығын құру.
Жарықталғандылық – беттің бірлігіне түсетун жарық ағынының шамасы, люкстармен өлшенеді.
Еңбек қорғаудың басты мәселелерінің бірі өндірістік ғимараттар мен жұмыс орындарын оңтайлы жарықтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Оператордың жұмыс жасайтын бөлмесін жарықтандыру үшін аралас жарықтандыру қолданылады, яғни табиғи және жасанды жарықтандырудың бірігуі.
Табиғи жарықтандыру – ғимараттың сыртқы қабырғаларындағы терезелер арқылы іске асады.
Жасанды жарықтандыру – табиғи жарықтандырудың жеткіліксіз болуынан қолданылады және екі жүйе арқылы жасалынады: жалпыға ортақ және жергілікті жарықтандыру. Жалпыға ортақ деп ғимараттың барлық ауданын жарықтандыратын шырақтары бар жарықтандыруды айтады. Жергілікті деп, белгілі бір жұмыс орнына арналған жарықтандыруды айтады.
Оператордың жұмыс орны орналасқан ғимаратты жарықтандыруға жалпыға ортақ жарықтандыру жүйесі қолданылады.
Берілген жұмыстарға қалыпты жағдайлар ретінде жұмыс орындарының қажетті жарықтандырылуы ЕН=300 лк( айырмашылығы анықталатын объекттің өлшемі 0.3-0.5 мм болатын, жоғары дәлдікті жұмыстарға) тең.
ВЦ ғимараттары үшін қолайлырақ 20, 40 немесе 80 Вт қуатты люминесцетті шамдар АШ(ақ түсті) немесе ЖАШ( жылы-ақ түсті) болып табылады.
Тікелей жарықтық ағындар арқылы дисплей экрандарын жарықтандыруды болдырмау үшін жалпылық шамдар жұмыс орындарының бір жағынан, оператордың көру бағатына және терезелер бар қабырғаларға параллельді орналастырылады. Шамдардың осындай орналасуы табиғи жарықтандырылум мөлшеріне байланысты бірінен кейін бірінің қосылуына мүмкіндік береді және шамдардың көлденең орналасуынан пайда болатын жарық пен көлеңкелердің алмасатын жолақтарынан көздің түршігуін болдырмайды.
Еңбек жағдайларын оптимизациялау кезінде жұмыс орындарының жарықтандырылуы маңызды болып табылады. Жарықтандырылудың табиғи және жасанды түрлерін ажыратады.Жұмыс орындарын жарықтандыруды ұйымдастырудың тапсырмалары: қарастырылатын заттарды айыруды қамтамасыз ету, көру органдарының шаршауын және қысымын төмендету. Өндірістік жарықтандырылу бірқалыпты және орнықты болуы керек, жарық ағынының дұрыс бағытты болуы, жарықтың соқырландыру әсерлері мен кенет көлеңкелердің пайда болуын болдырмайды. Табиғи жарықтандыру Күннің сәулелік энергиясы және көкжиектің сәулелену шашырауы болып табылады және адамдар көп болатын бөлмелерде қолайлы болады. Табиғи жарықтандыру бүйірлі (сыртқы қабырғалардағы жарықтық қуыстар арқылы), жоғарғы (шамдар арқылы, беткі жағының жарықтық қуыстары арқылы, ғимарат биіктерінің құламалар қабырғаларының қуыстары арқылы), құрамдастырылған ( жоғарыда аталған әдістердің жиынтығы).
4.5 Шу әрекеттері, діріл және электрлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Шу – амплитуданың, жиіліктің және т.б. өзгеруімен сипатталтын әртүрлі физикалық табиғатты ретсіз дыбыстық тербелістер. Шу адам ағзасына зиянды әсер етеді.
Ғимараттарда шу деңгейі 60 дБ-ге дейін, шамадан аспайды; діріл (қатты денелердің механикалық тербелістері) болмайды. Шу адам ағзасына жағымсыз ықпал етеді, жұмыс істеу қабілетін төмендететін, жалпы және кәсіби сырқаттың және өндірістік жарақаттанушылық бастамасын тжасайтын психикалық және физиологиялық бұзылуды тудырады.Физиологиялық көзқарас бойынша шу ретінде адам қабылдауына жағымсыз, ұнамсыз дыбыс ретінде қарастырылады.
Өндірістік ғимаратқа сырттан енген шудың деңгейін төмендету бөгеттейтін конструкциялардың дыбыс жібермеуді жоғарылату арқылы, терезе жақтаулары мен есіктерін периметр бойынша тығыздау.
Осылайша, жұмыс орындарында пайда болған шуды мен сырттан келген шуды азайту үшін жасау керек:
– шу көздерінен шыққан шуды азайту ( дыбысты бөгеттейтін қаптарлар мен экрандарды пайдалану);
– бейнеленген дыбыстық толқындардыі жиынтық әсерінің эффектісін азайту(конструкцияның дыбысты жұтатын қабаты);
– қондырғының оңтайлы орналасуын қолдану;
– шу көздерін оқшаулауда сәулетті-жоспарлық технологиялық шешімдер қолдану.
Жоғарғы интенсивті шуды ұзақ уақытта қолдану дыбыс мүшесінің патологиялық жағдайына, оның шаршауына соқтырады. Шаршау біртіндеп бірнеше жылдан кейін байқалатын құлақ мүкістігіне және кереңдікке алып келуі мүмкін. Есту қабілеті рецепторының ауруға шалдығуының белгісі бас ауруы және құлақ шулауы, кейде тепе-тендікте тұра алмау мен жүрек айнуы болып табылады. Интенсивті шу жүрек қысқартуының тонусы мен ырғағының бұзылуымен бірге жүретін жүрек-тамыр жүйесінің өзгерісін тудырады.Шу асқазанның қалыпты қызметінің бұзылуына алып келеді – асқазан сөлі бөлінуі төмендейді және қышқылдық( гастрит пайда болады). Әсіресе орталық жүйке жүйесі зардап шегеді.
Діріл (лат. vibratio — тербеліс), техникадағы механикалық тербелістер( машиналарда, механизмдерде, конструкцияларда және т.б.). Дірілден қорғау үшін діріл оқшаулағыштар пайдаланылады. Дірілдің ағзаға әсері діріл жиілігіне байланысты жағымды да жағымсыз(діріл ауруы) болуы мүмкін.
Жұмыс орындарындағы құрылғы дірілі « Жұмыс орындарындағы дірілдің санитарлы нормалары » орнатқан мүмкін шамалардан аспауы керек.
Ғимараттарда дірілді азайту үшін құралдар мен жабдықтар нормативті құжаттарда сипатталған арнайы іргетастар мен амортизациялайтын төсемдерге қалануы мүмкін.
Діріл денені немесе оның құрамдық бірліктерін тербелмелі қозғалыстарға алып келеді. Тербелістердің бойлық, көлденең және бұраушы түрлері ажыратылған. Адамға әсеріне байланысты дірілді жергілікті және жалпы деп бөледі.Жалпы діріл адам шайқалуын тудырады, жергілікті тек кейбір адам мүшесін тербеліске келтіреді.
Электрлік қауіпсіздік – электр тогы, электрлік доға,электромагнитті өріс және статикалық электр қуатынан пайда болатын зиянды және қауіпті әсерінен қоғайтын ұйымдасушылық және техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Барлық ЭЕМ жабдықтары жататын электрлік қондырғылардың қолданысы барысында немес алдын алу жұмыстарында, адам кернеуде тұрған кейбір бөліктеріне тиіп қалу қаупі болатындықтан, адамға үлкен потенциалды қауіп төндіру мүмкін.
Оқшаулаудың зақымданудың нәтижесінде кернеуде тұрған ток өткізететін өткізгіштері, ЭЕМ тағандарының корпустары және басқа жабдықтар адамға қауіп жөнінде ешқандай сигнал жібермейді.Адамның электр тогына реакциясы тек соңғысының адам денесінен өткен кезінде пайда болады. Электрлік зақымданудан қорғау үшін ерекше маңызды болып жөндеу, реттеу және алдын алу жұмыстарының жүргізілуі табылады. Бұл кезде дұрыс ұйымдастыру ретінде « Тұтынушының электрлің жабдықтармен техникалық пайдалану ережелері мен тұтынушының электрлің жабдықтармен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері»(тұтынушының ТПЕ және ҚТЕ) және «Электрлік жабдықтарды орнату ережелері»(ЭОЕ) күшімен қатаң түрде іске асқан ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдарды айтады.
Ғимарат дәрежесіне байланысты электрлік жабдықты пайдалану мен жқндеу кезіндегі жеткілікті электрлің қауіпсіздікті қамтамасыз ететін белгілі бір шаралар қабылдау қажет.
Ток өтушілік бөліктер мен олардың жанындағы кернеу алып тасталынбаған жұмыстар, осы бөліктерде өткізілген немесе ЭОЕ орнатқан ара-қашықтықтан кем шамаға жақындауы кезіндегі жұмыстар. Бұл жұмыстарға жеке түйіндер, блоктарды жөндеу жұмыстарын жатқызуға болады.
1000 В дейнгі электрлік жабдықтарға осындай түрдегі жұмыстарды жасауда анықталған техникалық және ұйымдастырушылық шараларды қолдану керек, мысалы:
– байқаусыз тиіп кетуі мүмкін ток өткізетін бөліктер мен жқмыс орындары жанына орнатылған қоршаулар;
– диэлектрлік қолғаптарда немесе диэлектрліктік кілемшелерде жұмыс істеу; оқшаулайтын саптары бар құралдарды қолдану, бұл құрал болмаған жағдайда диэлектрлік қолғаптарды қолдану.
Бұл түрдегі жұмыстар кем дегенде екі жұмыскермен орындалуы қажет.
Статикалық электртогының разрядттік токтары ЭЕМ кез келген элементіне тиіп кеткенде пайда болады. Ондай разрядттар адам өміріне қауіпсіз, бірақ жағымсыз сезіммен қоса ЭЕМ жұмыс қалпынан шығаруы мүмкін.
Статикалық электр тогының заряд мөлшерін азайту үшін технологиялық жерлер бірқабатты поливинилхлоридті антистатикалық төсеніштен жасалуы керек.
Жерге қосу – электр тогының қауіпті әсерінен сақтау үшін, кейбір жағдайларда жерді тоқ өткізгіш немесе симметриялық емес дірілдеткіштің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жермен аппараттарды, машиналарды және т.б. электрлік байланыс үшін арналған құрылғы. Жерге қосқыш (жермен тікелей байланысты қамтамсыз ететін) пен өткізгіштен тұрады
Нөлдеу – Кернеулі ток өткізбейтін қондырғының металл бөліктерін нөлдік қорғаушы сымға алдын ала электрлі қосылу. Нөлдік қорғауыш өткізгіш - нөлдік бөліктер мен ток көзінің жерге тұйық қосылған бейтарап нүктелі түйінімен және оның эквивалентімен жалғастыратын сым.
Нөлдеудің мақсаты: корпусқа тұйықталу кезінде токпен зақымдылу қаупінен сақтау.
Нөлдеудің жұмыс істеу принципі - корпусқа тұйықталуды бірфазалық қысқа тұйықталуға айналдыру, яғни қорғауды іске қосу арқылы зақымданған құрылғыны қоректенетін желіден өшіру қабілеті бар фаза мен нөлдік өткізгіш арасында улкен ток пайда болу мақсатымен тұйықталу.
