- •2)Қазақстан аумағындағы Тас дәуірі - Палеолит, мезолит, неолит дәуірлері.
- •11)Оғыз мемлекеті этносаяси тарихы,шаруашылығы,мәдениеті.
- •16 Моңғолдар мемлекетінің құрылуы. Шыңғыс-хан шапқыншылығы.
- •21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті
- •23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.Б. Тарихы
- •25 )Қазақ хандығының құрылуы.
- •26)Алғашқы билеушілері Қасым мен Бұрындық
- •27)Қазақ хандығының қалыптасуының аяқталуы.Қазақ этнонимі.
- •28)Хақназаор хан мен Тәуекел хан
- •31 )Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық күресі.
- •35)18 Ғ. 1 жартысы Қазақсытн ішкі саяси және әлеуметтік жағдай
- •36 )Кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдау.
- •38) Абылай және оның билігінің нығаюы.
- •39)Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
- •43) Патша өкіметінің аграрлық саясаты. 1867-1868 жж. Реформалар.
- •56) Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
- •57)Қазақ зиялыларының қызметі. Қазақ,Айқап журналдары
- •59) Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.
- •60)Қазақстан саси партиялар ме нқоғамдық қозғалыстар
- •61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
- •67 )Кіші қазан саясаты.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру .
- •68) Индустрияландыру
- •69) Қазақ акср – інің құрылуы.
- •72 )Майдандағы қазақстандықтар.
- •73)Соғыс кезіндегә еңбек ерліктері
- •76 )Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
- •77)Тың және тыңайған жерді игеру
- •83) Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
- •84) Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)
61 )Азамат соғысы.Әскери коммунизм
Азамат соғысының салдарлары: 1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты 2) Мал саны күрт азайды 3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады. 4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды. Әскери коммунизм саясаты: Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды азық – түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тарихта Әскери коммунизмі деген атпен әйгілі және уақытша сипаты болған экономикалық саясат орнады. Бұл саясаттың ең бірінші міндеті өнім өндірісі мен бөлісін толық орталықтандыру, еліміздің азық – түлік, шикізат және басқа ресурстарын мемлекеттің қолына жинап, қорғаныс мүдделері үшін дұрыстап пайдалану болды. «Әскери – коммунизм саясатының» негізгі белгілері: 1) Азық – түлік салғырты енгізілді. 2) Жеке саудаға тыйым салынды. 3) Азық – түлік теңгерме ұстанымы бойынша бөлінді. 4) Ірі, орта және ұсақ өнеркәсіптер мемлекет меншігіне көшірілді. 5) Жалпыға бірдей еңбек міндеттілігі енгізілді. 6) Басқару ісі орталықтандырылды. 7) Коммуналдық жол – қатынасы қызметі (услуга) тегін болды. 1919 жылы 11 қаңтарда азық – түлік қиыншылықтары бұрынғыдан да бетер шиеленісе түсіп, мемлекеттің қолындағы өнеркәсіп товарларының қоры одан әрі азайған жағдайларда Кеңес үкіметі әлеуметтік принцип негізінде жүргізілген азық – түлік салғыртын енгізу туралы декрет шығарды. Оның мәні: ауыл шаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Қостанай уезінен 6 млн. пұт астық жиналды. Қарғалы шуға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 жылдың басында «Майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық киім – кешек жиналды. 1920 жылы Атыраудан Орталық Россияға 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытынан тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Россияда алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып, паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті. 1919 жылы желтоқсанда Александров – Ғай – Ембі темір жол желісі салынды. Оның маңызы Орал – Ембі мұнайлы ауданын Орталық Россиямен жалғастырды. Бұдан басқа Жетісу темір жолы, Петропавл – Көкшетау темір жол желісі салынды. Маңызы:елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті.Сөйтіп, осының бәрі Қызыл Армияны ұйымдастыруға, жау басып алған облыстар мен аудандарда партизан қозғалысын өрістетуге көмектесті
65 )ХХ 20-30 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туадыдегенсенімдеболды.Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды. Уақыт талаптарына сай Түркістанның саяси басшылары 20 жылдардың басыңда ірі станционарлы педагогика оқу мекемелерін ұйымдастыру арқылы республиканың ұлттық-кеңестік мектептеріне білікті мұғалім кадрларын дайындай бастады. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижелігін өсіру мақсатымен ...
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Ғылымның дамуы
XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Н. Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды.
1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды.
Қазақ КСР-де ғылымды дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академиктер мол үлес қосты.
1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істерге жұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды.
Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.
