Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Билет № 2

  1. Тас дәуіріндегі Қазақстан.

Тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қоғамының қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған.

Тас дәуірінің археологиялық кезеңдері.

Палеолит. Ежелгі тас ғасыры.

а) Олдувай (ертедегі немесе төменгі палеолит) - 2,6 млн. - 700 мың жыл.

ә) Ашель - 700 - 150 -200 мың жыл.

б) Мустье (орта палеолит) - 150-200 - 35-30 мың жыл.

в) Кейінгі немесе жоғарғы палеолит- 40-35 мың жыл - б.з.д.Ю-мыңжылдық.

Мезолит (орта тас ғасыры немесе палеолиттен неолитке өту кезеңі) - б.з.д. 10 - 7-мыңжылдықтар.

Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 7-6 - 4-мыңжылдықтар. Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері бар. Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.

  1. XV – XVIII ғғ. Қазақтардың рухани мәдениеті.

Қазақ халқының тіршілік-тұрмы­сын­да қолөнер кәсібі үлкен маңыз­ды орын ал­ды. Өй­ткені мал ша­ру­ашы­лығы не­месе егіншіліктің да­муы қолөнер кәсіпшілігімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты бол­ды. Мал ша­ру­ашы­лығы үшін ер-тұрман, ат әбзел­дері, мал­ды ұстай­тын, бай­лай­тын жаб­дықтар, егіншілік үшін жер жыр­та­тын және тыр­ма­лай­тын, ас­тықты жи­най­тын және өңдейтін құрал­дар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайын­далды. Бұл кез­дегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қара­байыр ша­ру­ашы­лық еді. Үй­де істе­летін кәсіп бұйым­дардың көпшілігі та­уарға ай­нал­май­тын, өндірушінің өз от­ба­сын ғана қанағат­танды­руға пай­да­ланы­латын. Ха­лық өнері, әсіре­се, киіз үйдің жаб­дықта­рын, жиһаз­да­рын жа­са­уда ерек­ше өрістеді. Бұл кез­де оңтүстік Қазақстан қала­лары­ның, Ор­та Ази­ямен, Шығыс Түркістан­мен, Орыс мем­ле­кетімен са­уда-сат­тық бай­ла­нысы жан­данды. Осы­ның арқасын­да көшіп-қону­шы және оты­рықшы ха­лық топ­та­рының эко­номи­калық, мәде­ни-әле­уметтік қарым-қаты­насы кеңейе түсті. XVI-XVI­II ғасыр­ларда «Ұлы жібек жо­лы» бойын­да ор­на­ласқан Сығанақ, Са­уран, Оты­рар, Түркістан, Сай­рам, Жент т. б. қала­лар­дың тез­деп өркен­деуі, қазақ халқының біртұтас ел бо­лу­ына, же­ке хан­дық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Оты­рар, Та­раз, Сай­рам және тағы басқа қала­лар­дан та­былған күміс теңге­лер мен мыс ақша­лар Қазақ хан­дығы тұсын­да са­уда-сат­тық өркен­деп, ақша ай­на­лымы да­мыған­дығын көрсе­теді. Сығанақ пен Са­уран­ның, Ясы мен Оты­рар­дың ар­хи­тек­ту­ралық комп­лек­стері, Жәнібек пен Қасым­ның Са­рай­шықтағы, Қазанғап­тың Ұлы­тау жеріндегі ке­сене­лері, Маңғыс­та­удағы, Сыр­да­рия алқап­та­рын­дағы және Қара­тау қой­на­ула­рын­дағы ма­зар­лар өзіндік сәулет-си­паты­мен, ар­хи­тек­ту­ралық фор­ма­лары­ның жи­нақылық әрі айқын­шы­лығымен ерек­ше­ленді. Ұлан бай­тақ кең да­лада мал бағып, күндерін та­биғат құшағын­да мал өрісінде, түндерін жұлдыз­ды ас­пан ас­тындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлем­дегі та­биғат құбы­лыс­та­рын үнемі бақылап отырған. Осы бақыла­удың нәти­жесінде ха­лықтың көпжыл­дық тәжіри­белері қоры­тылып, жұлдыз­ды ас­пан ту­ралы аст­ро­номи­ялық түсініктер мен білімдер жи­нақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалып­тасты. Қазақ халқы ас­пан әлемін бақылау арқылы «құс жо­лы», «құй­рықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайын­да ұғымын кеңей­тті.