- •Билет № 1
- •Қазақстан тарихы курсының пәні мен мінденттері.
- •Қоқан және Алаш автономиялары.
- •Билет № 2
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан.
- •1918 – 1920 Жж. Азамат соғысы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 3
- •Қола дәіріндегі Қазақстан.
- •Жаңа экономикалық кезіндегі Қазақстан.
- •Абылай ханның ішкі – сыртқы саясаты.
- •Билет № 4
- •Ерте Темір дәірі.
- •Патша Үкіметінің отарлау саясаты.
- •Қазақ акср – ның құрылуы және оның тарихи маңызы.
- •Билет № 5
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
- •Қазақтардың 1773 – 1775 жж. Е. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстандағы мәдени революциясы.
- •Билет № 6
- •Ғұндардың Қазақстан тарихындағы рөлі.
- •Кіші жүздегі Сырым Датұлы басқарған көтеріліс.
- •Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мақсаты және нәтижесі.
- •Билет № 7
- •Бөкей хандығының құрылуы. Оның Қазақстан тарихындағы және Ресей саясатындағы рөлі.
- •1920 – 1930 Жж. Қазақстанның индустриялы дамуы.
- •Билет № 8
- •Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік реформалары. XIX ғ. I – жартысында «Сібір қырғыздары ережесі», «Орынбор қырғыздары ережесі».
- •XX ғ. 1930 – 1950 жж. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталған репрессиялар.
- •Билет № 9
- •Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған ұлт – азаттық көтерілістер.
- •1941 – 1945 Жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан. Қазақстан – арсеналы. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының батырлары.
- •Билет № 10
- •Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт – азаттық көтеріліс.
- •Қазақтардың шет елдерге қоныс аударулары, себебі, негізгі кезеңдері.
- •Билет № 11
- •Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
- •Батыс Қазақстандағы отарлық саясатқа қарсы күрес. Сұлтандар Арынғазы және Қаратай, Жоламан, Есет билер басқарған көтерілістер.
- •1930 – 1950 Жж. Халықтың ұлттық құрамының өзгеруі.
- •Билет № 12
- •Билет № 13
- •Билет № 14
- •Қазақстанның XIX – XX ғғ. Басындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы.
- •Қазақстан қайта құру кезінде. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы.
- •Билет № 15
- •XX ғ. Қазақстанның мәдениеті.
- •Билет № 16
- •Тәуке хан кезіндегі Қазақстанның саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдары.
- •1905 – 1907 Жж. Орыс революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Ұлттық тәуелсіздік жөніндегі декларацияның қабылдануы.
- •Билет № 17
- •1995 Ж. Конституция ұлттық рәміздер қабылдануы.
- •Билет № 18
- •Қазақстан – 2030 бағдарламасы. Қр 2030 стратигиясы.
- •Билет № 19
- •1917 Ж. Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстан.
- •Билет № 20
- •XVII – XVIII ғғ. Қазақ – жоңғар соғыстары.
- •1917 Ж. Ақпан мен Қазан революциялары аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен қозғалыстар «Алаш», «Үш - жүз».
- •Қазақстанның экологиялық проблемалары.
- •Билет № 21
- •Қазақ билері. XVII – XVIII ғғ. Қазақ қоғамындағы олардың рөлі. Төле – би, Қазыбек – би, Әйтеке – би.
- •XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі.
- •Н. А. Назарбаев – Қазақстан Республикасының бірінші президенті.
- •Билет № 22
- •XVIII ғғ. Қазақ – орыс қатынастары.
- •Ресейдегі 1917 ж. Қазан төңкерісі.
- •Билет № 23
- •Қазақстанның Ресейге қосыла басиауы, себебі, кезеңдері.
- •Қазақстандағы ұлт – аралық қатынастардың дамуы.
- •Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (қазіргі кезеңдегі).
- •Билет № 24
- •XiVғ. Соңындағы Ақсақ – Темір мен Дешті – Қыпшақ тайпаларының өзара қатынастары.
- •Көшпелі өзбектер мемлекет. Өзбек ұлысының этникалық компаненттері.
- •Жоңғар хандығының күшеюі. «Ақтабан шұбырынды...» жылдары.
- •Билет № 25
- •Күштеп ұжымдастыру XX ғ. 30 жж. Қазақтардың көшіп кетуі.
- •А. Құнанбаев және оның қазақ мәдениетіндегі алатын орны.
- •Билет №26
- •Тас дәуіріндегі Қазақстан. Дәуірдің ерекшеліктері, шаруашылығы, әлеуметтік ұйымдары.
- •Тың және тыңайған жерлерді игеру және нәтижесі.
- •Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.
XX ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі.
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары сан жағынан көп болған жоқ. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ қоғамында жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды иемденген мамандардың саны жүз отыздан, ал арнайы орта оқу орындарын бітіргендердің саны жеті жүзден асып жығылатын еді. Қазақстанда бірлі-жарым орта білімді мұғалімдер даярланатын курстар мен училищелерді есепке алмағанда, арнайы оқу орындары болған емес. Түрлі мекемелерде, өкімшілік орындарында қызмет жасаған қазақ мамандары, негізінен, ресейлік оқу орындарында білім алды. Патша үкіметі қазақ халқының жалпы мәдени деңгейінің өсуіне мүдделі болған жоқ, керісінше, қараңғылықта үстау оған тиімдірек көрінді. Ал XIX ғасырдың соңғы ширегінде ашыла бастаған азын- аулақ мектептер мен гимназиялар жергілікті жұртты ислам дінінің «зиянды әсерінен» сақтау және далада орыс ықпалын дамыту үшін керек болды. Сонымен бірге отаршыл әкімшілік ресейлік оқу орындарынан бірлі-жарым орынды қазақ жастарына бөлуге мәжбүр болды. Мұндай қадамға бара отырып, ол жыл сайын өсе түскен басқару жүйесінің жергілікті ұлттан шыққан мамандарға мұқтаждығын канағаттандыруды көздеді. Осы мақсатта генерал-губернаторлык кеңселері жанынан қазақ студенттеріне жылына 3-4 стипендия белгіленіп отырды. Міне, осы белгіленген стипендияға және қазақ ауқатты топтарының өз еркімен жәрдемге жиған қаржысына сүйеніп қазақ жастары Мәскеу, Петербург, Қазан, Орынбор, Омбы, Варшава сияқты қалалардағы оқу орындарында түрлі мамандыктар бойынша білім алды. Мәселен, тек Қазан университеті мен мал дәрігерлік институтын 1917 жылға шейін 35 (20 және 15) қазақ жастары аяктап шыққан. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында қазақ жастары үшін ірі білім орталығы міндетін Петербург қаласы атқарды. Империяның саяси өмірінің де астанасы болған бұл қалада осы мезгілде Ә. Бөкейханов (Орман шаруашылығы институты), М. Тынышпаев (Темір жол көлігі институты), Х.Досмұхамедов, С.Асфендияров (Дәрігерлік академиясы), Б.Қаратаев, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай (Петербург университеті) сиякты ұлт-азаттық қозғалысында өшпес із қалдырған қайраткерлер білім алды. Қазақ жастары, сондай-ақ Стамбұл, Каир университеттерінде де оқыды.
Қазақ зиялыларының үлкен бөлігі гимназия, дәрігерлік училище, мұғалімдер даярлайтын семинария түлектерінен тұрды. Бұл топтың қатарында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, С. Торайғыров, Ғ. Қарашев сияқты көптеген ірі тұлғалар бар еді. Қазақ жастарының белгілі бір бөлігінің ірі орталықтарда оқып, саяси оқиғаларға тікелей араласуы, орыс демократиясының ыкпалында болуы оның қоғамдық көзқарасының кемелденуіне, саяси белсенділігінің артуына әсер етпей коймады. Саяси қызметке араласу тек ірі қалаларда оқитын студенттерге ғана тиесілі құбылыс емес-тін. Қоғамда болып жатқан саяси оқиғаларға ден қою, түрлі саяси үйірмелер ісіне араласу Омбы, Семей, Орал сияқты жергілікті орталықтарда оқып жүрген жастарға да тән әрекет еді. XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке даярлықпен келді, ал олардың дербес саяси күш ретінде белсенді әрекетке көшуі 1905 жылғы революциялық оқиғаларға тұспа-тұс келді. Оған қазақ халкының орыс отаршыл әкімшілігіне тәуелділігі және қоғамдық дамуда ортағасырлық деңгейде қалып қоюы түрткі болған еді. Саяси қызметі тура осы мезгілде басталған Міржақып Дулатұлы 1929 жылы кеңестік абақтыда тергеушілерге берген жауабында жалпы ұлт зиялыларына ортақ мынадай пікір білдірді: «...Ол жылдардағы қазақ халқының қараңғылығы мен надандығын айтып жеткізу қиын. Қазақ бұқарасы губернаторлар мен уезд бастықтарын айтпағанда, ең төменгі урядниктің алдында діріл қағып, адам төзгісіз қорлыққа шыдады, оның бұл халге жетуіне өз арасынан шыққан надан тілмаш шенеуніктер, болыс басқарушылары және басқалары өз үлестерін қосып, ауыр салық, зорлық, парақорлық, құпия өсектер үйреншікті көрініске айналды; қазақ әйелі күң жағдайында болды, ең құнарлы жерлер ешқандай есепсіз қоныс аударушыларға алынып берілді, ал қазақтар шөлге ығыстырылды; патша үкіметі мектептер аштыруға бас-көз қамқоршы болудың орнына, қазақтарға өздері жиған қаржыға мектеп салуға тыйым салды; мектеп ашуға әрекет жасағандар Якут облысына жер аударылды (мысалы, Қосшығұлов, Науан хазірет, т.б.), дәрігерлік көмек жөнінде халықта түсінік те болған емес... Қазақ елі, міне, осындай түнекте ғұмыр кешті. Патша үкіметінің отаршыл саясаты гүлдеу шегіне жетті. Осының бәрін көре түрып өзімнің азын-аулақ біліміме қарамастан, қолымдағы барыммен ар-намысы аяқ асты болған сорлы халқыма көмектесуді өз борышым санадым». 1905 жылғы жазға қарай Қазақстанның барлык өңіріндегі жәрмеңкелерде қазақ жұртының мұқтаждықтарын талқылаған съездер өте бастады. Бірден жандарм мекемелерінің назарына іліккен бұл жиындарда патшаға, ортақ билік орындарына арналған арыз-тілектер жазылды; Жетісу және Семей облыстары атынан жазылған шағымдарды талқылауға 25 мыңнан астам адам қатысты. Бұл талап-тілектерде қазақ елінің қоғамдық өмірдегі ең негізгі мұқтаждықтары, яғни жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру, ұждан және дін бостандығы, бақылаусыз газет шығару және баспахана ашуға рұксат беру, қазақ елінің жоғарғы заң шығарушы орындарға депутат сайлау кұқын мойындау және басқа сол сияқты аса маңызды мәселелер көтерілді. Барлык арыз-тілектерде жоғарғы билік алдына қойылған үлкен де өзекті мәселе, әрине, жер мәселесі болды. Арыз-тілек авторлары «әкелер қанының өтеуімен азат етілген атамекенін» орыс үкіметінің ешқандай да дәлел-себепсіз мемлекеттік меншік деп жариялап, соған сүйеніп ең кұнарлы жерлер мен тұщы су кездерінің қоныс аударушыларға өтіп жатқандығына наразылықтарын білдірді. Арыз-тілек науқаны ұлт-азаттық козғалысында өзара айырмашығы бар екі ағымның қалыптасып келе жатқандығын аңғартты. Оның бір жағында қазақ жұртының болашағын еуропалық өркениеттің жетістіктерімен байланыста қарап, дін ісін екінші кезекке ығыстырған зиялылар тұрса, оған қарсы екінші бетте қоғамдық дамуда ұлттық-діни ерекшеліктерді негізгі құндылық ретінде бағалаған топ тұрды. Ә.Бөкейханов алғашқы ағымдағыларды батысшылдар, ал соңғы ағымдағыларды түрікшілдер деп атады. 1905 жылғы 6 тамызда жарияланған манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Дума жұмысына белсене араласу арқылы үкіметтің Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесіне ықпал етуге болады деп түсінді. Бірақ сайлау қарсаңындағы қазақ қоғамында Думаға депутат ұсына алатын өз бағдарламасы бар саяси партия жоқ болатын. Уақыттың тарлығына байланысты және баска даярлыктың жоқтығын түсінген ұлт зиялыларының басым бөлігі ресейлік конституциялық демократиялық партияның (кадеттер) бағдарламасын мойындап, қазақ облыстарында осы партияның бөлімшелерін құрып, осы ұйымның атынан депутаттыққа түсті. I—II Мемлекеттік Дума жанындағы Мұсылман фракциясы жұмысына белсенді араласқан қазақ зиялылары үкіметтен Қазақстанға ішкі Ресейден қоныс аударушыларды жіберуді, жергілікті халықты егіншілікке жарамды жерлерден ығыстыруды тоқтатуды талап етті. Қазақ депутаттарының бұл талабын қазақстандық Т. И. Седельников және сібірлік Н.Л. Скалозубов бастаған демократиялық бағыттағы орыс және баска ұлт депутаттары да қолдады.
