- •І бөлім. Пайғамбарлар парасаты Шексіз жомарттық
- •Ақысын даулаған сахаба
- •Пайғамбарымыздың мәрттігі
- •Уәдеге беріктік
- •Тас сараң
- •Кедейдің кемеңгерлігі
- •Кешіру де зор сауап
- •Екі қыздың оразасы
- •Жазмыштан озмыш жоқ
- •Патша мен құмырсқа
- •Әке мен бала
- •Отқа күймеген пайғамбар
- •Күнәдан тазарған кінәлі
- •Сиқыршылар мен перғауын
- •Ол сенің ізіңе ерген жоқ
- •Содом мен Гомор
- •Зекет-байлықтың қорғаны
- •Кәпірліктен мұсылмандыққа қадам
- •«Хилфул-фудулдың» жақсылығы
- •Көз тиген май шам
- •Қалай өмір сүрсеңіз, солай өлесіз
- •Намазда оқ тию
- •Хз. Пайғамбардың хаты
- •Ықыласпен айтылған «кәлима-и шәһадаттың» салмағы
- •Пайғамбар екеніңді дәлелде!
- •Әбу Бәкірдің достығы
- •Әбу Бәкірден озу қайда!
- •Ауызды ауыздықтаған –тас
- •Харам астың азабы
- •Үңгірдегі жылан
- •Таңғажайып құс
- •Күнә іздеуші де кінәлі
- •Асыра мақтау жөн бе?
- •Ибни Аббастың әңгімесі
- •Нүшіруанның әділеттілігі
- •Адам құқықтары жөніндегі алғашқы сот
- •Өзің қандай болсаң, басшың сондай
- •Пайғамбар қойған астау
- •Адамды тану
- •Нілдің тасуы
- •Елден ерек елбасы
- •Алтынға айналған қамшы
- •Қапастағы батыр
- •Тағдырдан тағдырға қашу
- •Христиан және Әлидің (а.С.) шапаны
- •Өз пұтынан көңлі қалған сахаба...
- •Періштелермен пәктелу
- •Қонақ пен рызық
- •Өз басын қатерге тігу
- •Өлімнің себебі
- •Аллаһ бергенін алады
- •Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
- •Қара қылды қақ жарған-Халифа!
- •Жалғыз көйлек
- •Түйе етінің әуресі
- •Баянсыз байлық
- •Харун Рашит пен қария
- •Хз. Зұлқарнайн мен басшы
- •Алтынға баланған ақырет
- •Қызыр екеніңді айта салам..
- •Қабыл болған намаз
- •Харижилардың тәубаға келуі
- •Имам ағзамның маскүнем көршісі
- •Әулие болу оңай ма?
- •Жалаңаяқ әулие
- •Сынған құмыра
- •Шайтан мен мақтан
- •Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз
- •Әулиенің кішіпейілділігі
- •Пілден құтылған әулие
- •Әулие мен мәжуси
- •Байлыққа қол жеткізген адалдық
- •Кемшілік кімде?
- •Құлшылық пен құрмет
- •Алтын қорған
- •Несібе дұғамен келе ме?
- •Әбабил құстарының жеңісі
- •Қайсысы шәйіт?
- •Күндік өмірің болса...
- •Шындықтың құдыреті
- •Құлшылық құр қалдырмас
- •Қойшы мен алма ағашы
- •Адам болу
- •5 Маңызды сабақ
- •Тесік шелек
- •700 Жылдық насихат
- •Бағаңызды біліңіз
- •Бес маймыл мен банан
- •Жазасын тартқызған жауапсыздық
- •Сиқырлы күш
- •Темір шыбық
- •Жақсылықтың жеті қағидасы
- •Әкеден артық балмұздақ
- •Енжарлықтың емі
- •«Байлығың құрсын..»
- •Мүгедек дос
- •«Жүрек тазалығы» деген не?
- •От пен топырақ
- •Күндер мен күнәлар
- •Құдайы қонақ
- •Менен біреу сұрап па?
- •Ажал алдындағы арпалыс
- •Үлкен тас
- •Аяғы сынған бозбала
- •Сәулемен толған бөлме
- •Тәубаға келген күйеу
- •Сынақтардан сүрінбеген кедей
- •Ананың қызына айтқаны
- •Жабылмайтын жалғыз есік
- •Инемен сорған лимон
- •Отыз алтын
- •Шегенің ізі
Алтынға айналған қамшы
Мұхаммед ибн Мәсләма Пайғамбарымызбен бірге барлық соғыстарға қатысқан алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі еді. Ол кейде Мәдина қаласында Расулаллаһтың орнына уәкіл ретінде тағайындалатын Хазіреті Омардың ел ішіндегі «арыз-шағым бұрышына» жауапты кісісі болатын. Халықтың бар арыз-тілектері осы бұрыш арқылы шешіліп, қажет болған жағдайда пара алған, біреудің құқығын аяққа таптаған басшылар мәселенің мән-жайы әбден анықталған соң осы бұрыштың шешімі арқылы жазаға лайық деп табылатын.
Бір жолы Хз. Омар Мәдинаға жиналған атқа мінер ел ағаларына олардың халыққа жақсы қарауы керектігін, ешкімге әділетсіздіктің жасалмауын қатал түрде ескерткен-ді. Дәл осы мезет халық арасынан шыққан үнсіздеу бір адам:- Мына пәлен деген басшыңыздың мені қарадай кінәлап, жөнсіз ұрғаны бар еді. Алайда соңында менің кінәсіз екендігім белгілі болған-ды,- деді де, өзінің сол адамда ақысы кеткендігін айтып қалды.
Мәселенің жай-жапсары қолға алынғанда, әлгі адамның расында да кінәсіз болғандығы, басшы болып тағайындалған адамның оны жөн-жосықсыз жазалап, сабатқаны белгілі болды.
Бұл кезде Хз. Омардың да шешімі дайын еді:
- Сені сабаған басшыны сен де соншалықты сабайсың!
Алайда Амр ибн Ас бұған қарсылық білдірді:
- Ей, Омар! Сонда бұдан былай басшыларыңызды халықтың көзінше сабатпақ болғаныңыз ба? Егер бұлай жасар болсаңыз, бұдан кейінгі уақытта басшыларыңыздың ел алдындағы абырой-беделіне нұқсан келеді. Онда олар жұмыс істеуден қалады ғой...
Хз. Омардың да бұған жауабы дайын еді:
- Менің өйтіп-бүйтіп тісін батырған әлдіні қорғаштап, жәбір көрген әлсізді дәрменсіз кейіпте қалдыруға дәтім шыдамайды. Кім озбырлық жасаған болса, екінші рет ондай жөнсіз әрекетке баруға жүрегі дауаламау үшін жақсылап жазалануы керек!
Иә, шешім қатал болатын.
Таяқ жеген адам өзін қамшымен қанша рет сабаса, ол да сол басшыны сонша рет сабамақ болды.
Бұл жолы ешкімі жоқ әлгі адамға Амр ибн Ас қайта барды. Бара сала өз ұсынысын айтты.
- Сені қанша рет қамшымен сабаса, мен саған сонша алтын берейін. Осыны ал да, кеткен ақыңды кешір. Әйтпесе халық батылданып, басшылардың жүрегі шайлығып қалар...
Таяқ жеген кісі қамшы салудың орнына алтын алғанда ғана барып әлгі басшыны кешіреді. Бірақ содан былайғы уақыттан бастап панасыз жандарды басынып оларды жөнсіз сабау ісі сап тыйылған еді.
Қазақтағы «Өзіңнен зор туса, екі көзің сонда шығар» деген нақыл әділетсідікке айтылған ескерту іспетті.
Қапастағы батыр
Хазіреті Омардың (р.а.) ел басқарған уақытында (хижри санақ бойынша 14 жыл) Ирандықтар мен мұсылман арабтар арасында атақты «Қадисия» соғысы жүрген болатын. Ол тұс мұсылмандардың қолбасшысы Саад ибн Әбу Уаққастың (р.а.) денесіне сыздауық шығып, түрегеп тұруының өзі мұң болып қатты қиналған кезі еді. Ол сонда да болса басын жастыққа сүйеген қалпы арнайы орындық жасатып әскерлерді ту сыртынан бақылап отыруды жөн көрген.
Алайда дәл осы сәт әскерлер орналасқан жердің маңайындағы бір абақтыда Әбу Мыхжан деген өзі ақындығымен жұртқа танымал батыр кісі жатқан еді. Кезінде шарапқұмарлығымен аты шартарапқа әйгілі болған ол тіпті бір өлеңінде:
- «Жүзім бағы - менің көмілер мекенім,
Сүйегімді де шараппен жуып өтемін», - деп жырлаған-ды. Оның абақтыда жату себебі де осы шарапты тым дәріптегендігі мен кейбір жасаған қателіктері еді.
Маңайында аттардың дүбірлеген тұяқ үндерін естіген сайын Әбу Мыхжанның да соғысқа қатысқысы келіп делебесі қозады. Іле-шала Саад ибн Әбу Уаққастың әйеліне өтінішпен былай деп тіл қатты:
- Менің мына соғысқа қатысқым келіп тұрғаны. Маған Саадтың «Бәлка» деген сәйгүлігін беріп, мені мына абақтыдан уақытша босатсаңыз екен. Соғыстан аман-есен келсем, абақтыға өзім-ақ қайта кірейін, шынжырымды да қайта тағарсыз...
Әуелде бұл өтінішті қабылдамаған әйел, Әбу Мыхжанның оқыған бір өлеңінен кейін-ақ оған айтқан жылқысын да беріп, абақтыдан босатты. Әбу Мыхжан болса түрін адам танымастай етіп тұмшалап, соғыс майданына қойды да кетті. Дұшпан әскерін қорқытып, ойсырата соққы бергені соншалық, көрген жан оның бұндай жойқын күшіне қарап еріксіз «Бұл кім болды екен? Періште ме, әлде Қыдыр ма екен?» деген ойға қалысты. Кім екенін ешкімге сездірмей түн жарымына дейін дұшпан әскерімен жан аямай арпалысқан бұл жүрегі түкті батырға таңдана қараған Саад ибн Әбу Уаққас маңайындағыларға: «Әбу Мыхжан абақтыда болмаса мынау нақ соның өзі болу керек, мінген аты да менің «Бәлкам» шығар, сірә»,- деген еді.
Әбу Мыхжан болса таң ата абақтысына оралып, шынжырын таққызды.
Саад ибн Әбу Уаққас қораға бас сұққанда, жылқысының қатты терлегендігін көріп, мәселенің мән-жайына қаныққан болатын.
Әбу Мыхжанның ерлігіне тәнті болған Саад ибн Әбу Уаққас оны дереу абақтыдан босатты. Әбу Мыхжан да тәубаға келіп, өз қателіктері үшін кешірім тіледі19.
