Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тагылым тамшылары 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
817 Кб
Скачать
☆

Қабыл болған намаз

Қорасан билеушісі Абдуллаһ ибн Таһир өте әділ кісі болған екен. Бір күні қызметшілері бірнеше ұрыларды ұстап әкеліпті. Әкелген ұрылардың біреуі әкеле сала, ебін тауып қашып кетсе керек.

Сол тұста бір темір ұстасы Нишапурға келген еді. Әлгі темірден түйін түйген зергер кешкісін үйіне аяңдап келе жатқанда ұрыны іздеп жүрген әкімнің адамдары оны дереу байлап-матап, әкімнің алдына әкелген болатын. Әкім олардың барлығын да бірден абақтыға жабуды бұйырады.

Ештеңеге кінәсіз зергер абақтыда дәрет алып намаз оқыды. Артынша қолын кең жайып:

«Уа, жалғыз ием жаппар хақ! Менің ешқандай кінәмның жоқ екені өзіңе ғана аян. Мені мына тар қапастан құтқара гөр!» деп дұғасын оқыды.

Әкім болса ұйықтап жатып түс көрді. Түсінде күші мығым төрт адам келіп, өзін тағымен қосып төңкеріп тастамақ болып жатқанда оянып кетті. Бірден дәрет алып, намаз оқыды. Сәлден соң қайта жатты. Алайда түсінде әлгі төрт кісі келіп бұны тағы да отырған орнында төңкеріп тастамақ болып біраз әуреледі. Ол тағы да оянып кетті. Ояна сала біреуді жазықсыз қаматып отырғандығын іші сезді. Дереу өзіне абақтының мүдірін шақыртты да:

- Абақтыда кінәсіз отырған ешкім жоқ па осы байқашы?- деді.

Мүдір:

- Ол жағын анық біле алмадым, алайда іштеріндегі біреуі намазға жығылып, егіле тілек-дұға оқып отыр,- деп жауап берді.

Бірден әлгі кісіні әкімге алдыртты. Әкім істің мән-жайына қанық болған соң:

- Мені кешір, бір қателік бізден кеткен екен. Мына мың күмісті менен сый ретінде қабыл ал. Алда жалда ісің түссе келерсің,- деді.

Темір ұстасы болса:

- Мен сізді кешірдім. Берген сыйыңызды да қабыл алдым. Бірақ ісім түскендей болса сізге келе алмаймын,- деді.

Әкім таңғала:

- Келе алмағаның қалай?- деп сұрады.

Темір ұстасы:

- Өйткені мен секілді бір пақыр құл үшін барлық тілегін қабыл алатын, тіпті сіз секілді бір патшаның да тағын төңкеріп тастайтындай Жаппар Иесін тастап, басына түскен істі басқаға айтып жалыну жараспас болар,-депті.

Ол менің намаздардан кейінгі оқыған бүкіл дұғаларымды қабыл алып, мені қаншама қиындықтардан құтқарды. Мені қаншама арман-тілегіме жеткізді. Енді мен қалай басқаны паналайын? Раббымның, шексіз сүйіспеншілік қазынасы мен рақымдылық дастарханы қашанда жаюлы тұрғанда менің басқаға бұрылып кеткенім жарамас. Кім де болса қол жайып қыжалатын сұрай келгенде оның татырмай қойған кезі болды ма? Тек қана сұрауын келістіріп, Оның алдында әдеппен бас ие білсең болды, Оның саған бермейтіні жоқ! Міне, сол үшін!- деп жауап берген екен...

Осы тұста «Құдай деген құстай ұшар, адам деген мұрттай ұшар» деген нақылдың мәні зор болса керек.

Харижилардың тәубаға келуі

Имам-ы Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) күнәсін бетке басу арқылы исі мұсылман баласынан ешкімді де кәпірге баламайтын. Алайда ол ғұмыр кешкен кезеңде ел ішінен шыққан Харижилар тобы болса бүйректен сирақ шығарып, пендешілікпен үлкен күнәға бой алдырып қойған пенделерді бірден кәпірге теліп шыға келетін. Әбу Ханифаны жақсы танитын олар оның үнін өшіру мақсатында жетпістей кісімен жиналып келіп, қылыштарын жалаңдата былай деді:

- Ей, Әбу Ханифа! Ей, бұл үмметтің дұшпаны мен шайтаны! Біз үшін сені өлтіру жетпіс жыл жихад жасағаннан да маңыздырақ болып тұр.

Әбу Ханифа оларға:

- Қылыштарыңды жалаңдатып жүректі ұшыра бермей қындарыңа салып қойыңдар,- деді.

Олар болса:

- Осы қылышпен сенің қаныңды судай шашқымыз келіп тұр!- деді.

Барған сайын өршелене екіленіп бара жатқан оларға Әбу Ханифа:

- Кіжіне бермей сұрақтарың болса қойыңдар,- деп мәселенің тігісін басқаша жатқызбақ болды. Олар да бұл ұсынысқа келіскендіктерін білдіріп көкейлерінде жүрген даулы сұрақтарын қоя бастады:

- Мешіттің алдында екі жаназа. Біреуі араққа сылқия тойып, сол араққа тұншығып өлген ер адам да, екіншісі ойнас жасап, аяғы ауырлағанын сезген кезде өз-өзіне қол жұмсаған төмен етекті әйел. Бұларға не дер едің?- деп сұрайды.

Имам-ы ағзам:

- Олар қай діннің өкілдері: христиан, еврей әлде мәжуси (отқа табынушы) ма?- деп сұрайды.

Харижилар:

- Олар «Аллаһ бір, Мұхаммед оның құлы әрі елшісі» деп сенген мұсылмандар,- деп жауап қатты.

Бұны естігенде Имам-ы ағзам олардан:

- Кәлима-и-шәхадат иманның қанша бөлігін құрайды деп ойлайсыңдар?- деп өздеріне қайтара сұрақ қойды.

Олар бірауыздан:

- Иман біртұтас дүние болғандықтан оны бөле - жаруға келмейді,- деп жауап берді.

Имам-ы ағзам оларға:

- Ендеше, бұлардың мұсылман екендіктерін өздерің де мойындап тұрған жоқсыңдар ма,- дегеннен кейін Харижилардың «Бұлар Жұмақтық па, әлде Тозақтық па?» деген сұрағына:

- Ол турасында мен сіздерге Хазіреті Исаның одан да зор күнә істеген кейбіреулерге айтқан мына бір сөзін айтайын : «(Раббым!) егер оларды азаптар болсаң күмәнсіз олар сенің өз құлдарың емес пе?! Ал оларға кешіріммен қарасаң, онда әрине, сен өте Жомарт әрі хикмет Иесісің» (Мәида сүресі, 118).

Имам Әбу Ханифаның бұл жауабы Харижиларға ой салып қана қоймай, олардың тәубаға келуіне жол ашқан болатын. Өздеріндегі сенімнің қате тұстарын аңғарған олар ендігі жерде түзу жолдан таймауға іштей уәде беріскен еді...28

Халқымыз «Қашанда үміт үзбе бір Алладан» деп бекер айтқан ба?!