- •Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті
- •Студенттердің өздік жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Орындау үлгісі:
- •Әдебиеттер
- •10. Тексеру:
- •4. Орындау үлгісі:
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •Әдебиеттер
- •10. Тексеру:
- •Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжиірбелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Тексеру
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •8. Тексеру
- •3. Оқытудың міндеттері:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6.Негізгі әдебиеттер:
- •7. Тексеру
3. Оқытудың міндеттері:
- студент білуі керек: эндокриндік жүйе паталогиясы кезінде науқастардың шағымдарын, анамнезін жинау, жалпы қараудың әдістері, эндокриндік жүйе қызметінің қосымша зерттеу әдістері және олардың қалыпты көрсеткіштері
- студент істей білуі керек: эндокриндік жүйенің ауруларын сұрастыру және жалпы қарауды сұрастыра білу. Балалар мен ересектерге зертханалық және құралдық тексеру әдістеріне жоспар құру және олардың нәтижелерін талдау
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Гипотериоз синдромы. Негізні клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және құралдық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы. Қалқанша безінің пальпациясы. Балалардағы ерекшеліктері.
2. . Гипертериоз синдромы. Негізні клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және құралдық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы. Қалқанша безінің пальпациясы. Балалардағы ерекшеліктері
5.Сабақ берудің және оқытудың әдістері: тест, ауызша сұрастыру, тәжірибелік дағдыларды меңгеру: жалпы қарау, қарау, қалқанша безінің пальпациясы балалардағы гипер - және гипогликемия, гипо – және гиперкортицизм синдромдары кезінде сұрастыру және физикальді тексеру жүргізу: жағдайлық тапсырмаларды орындау, кіші топтарда жұмыс істеу, клиникалық жағдайларды талдау, рольдік ойындар, жағдайды кескіндеу
6.Негізгі әдебиеттер:
Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы.- Алматы 2005.
2. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.- Астана «Фолиант», 2007.-600б.
З. Ахметов К. Ішкі аурулар пропедевтикасы - Ақтөбе, 2007
Қосымша әдебиеттер:
1. Жаманкулов К.А. Ішкі аурулар пропедевтикасы , б. І-ІІ.- Ақтөбе, 1992.
7. Тексеру
Тесттік тапсырмалар, ауызша сұрастыру, тәжиірбелік дағдыларды қабылдау.
Тесттер бар.
Тесттер;
Тиретонксикозбен ауыратын науқастарды күту кезіндегі шаралардың қайсылары ең маңызды болып табылады?
1)үнемі жүргізілетін термометрия
2)пульс жиілігін және қан қысымын бақылау
3)тері жабындыоарын күту
4)науқастардың салмағын жүйелі түрде өлшеп тұру
5)қорғану тәртібін құрастыру
2. Тиреотоксикалық кризге неғұрлым тән белгілерді көрсет?
1)кенеттен болатын брадикардия
2)кенеттен болатын тахикардия
3)естен тану
4)дене қызуының төмендеуі
5)іш қату
Гипотиреозбен ауыратын науқастарды күту кезіндегі шаралрдың қайсылары ең маңызды болып табылады:
1)тері жабындыларын күту
2)салмағын өлшеу
3)екі сағаттық термометрия
4)тыныс жиілігін бақылау
5)диурезді бақылау
4. Қалқанша безінен төмендегілердің қайсысы бөлінбейді?
1.гормондар
2.трийодтиронин
3.адреналин
4.тироксин
5.кальцитонин
Тиреотоксикалық криз кезінде төмендегілердің қайсысы болмайды?
1.қозу
2.дене қызуы 40-410С-қа дейін көтеріледі
3.тахикардия
4.брадикардия
5.естен тану
Тиреотоксикалық криз белгілерін басу үшін қайсысы қолданылмайды?
1.тиреоидты препараттарды қабылдау
2.кортикостероидты гормондар
3.меркозолил
4.иод препараттары
5.жүрек гликозидтері
5. Қандай ауруға мынадай белгілер тән ; домалақтанған немесе ай тәрізді бет-әлпет, көкшіл ренді, иегінде және ернінің айналасында шаш көп?
1.акромегалия
2.Иценко-Кушинга
3.тиреотоксикоз
4.микседема
5.туберкулез
7. Қандай ауруға мынадай белгілері тән-ісінген, домалақтанған, ен жарлық (безразличие) бет-әлпет:
1.акромегалия
2.Иценко-Кушинга
3.тиреотоксиноз
4.микседема
5.туберкулез
Диффузды-токсикалық зобтағы дермографизм дегеніміз:
1.тез пайда болады, айқын көрінеді, қызыл, тұрақты
2.айқын емес, ақшыл
3.айқын көрінеді, тез пайда болады, қызыл, тұрақты емемс
4.айқын емес, қызыл, тұрақты
5.әлсіз көрінеді, ақшыл, тұрақты
Науқасты тексерген кезде байқалатын: жоғары нервтік қозғыштық, жұмыс қабілетінің төмендеуі, тахикардия 120 рет/мин, негізгі алмасу +40%, қалқанша безі жеңіл анықталады, науқас жұтыну қозғалысын жасаған кезде көзге анық көрінеді Сіздің диагнозыңыз?
1.диффузды-токсикалық зоб, 2 саты, орташа ауыр ағымды
2.диффузды-токсикалық зоб, 1 саты, орташа ауыр ағымды
3.диффузды-токсикалық зоб, 3 саты, орташа ауыр ағымды
4.диффузды-токсикалық зоб, 2 саты, жеңіл ағымды
5.диффузды-токсикалық зоб, 1 саты, жеңіл ағымды
Аралық бақылау сұрақтары:
1. Сұрастыру. Негізгі шағымдары, диагностикалық маңызы (психикалық қозудың жоғарлауы, ұйқының бұзылуы, тітіркенгіштік, тершеңдік, жүректің қағуы, қол саусақтарының дірілдеуі, нәжістің жиілеуі, бұлшық еттердегі әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, әлсіздік, терінің қышуы, шөлдеу, тәбетінің жоғарылауы, жүдеу). Анамнез. Балалардағы сұрастыру ерекшеліктері
2. Жалпы қарау: естің жағдайлары, өзін ұстау ерекшеліктері (асығу, сөздің жылдамдығы, баяулық, бір қалыпты түсініксіз дөресі сөйлеу). Науқастың жалпы жағдайы: көз симптомдары, көздің шығып тұруы; бойдың өсуінің бұзылуы: (гигантизм, нанизм) және дененің сәйкессіздігі, екіншілік жыныс белгілерінің болуы. Тері асты май қабаты, сипатын анықтау. Семіру, жүдеу және кахексия. Перифериялық ісіктер. Тері: түсі, дермографизм, рубеоз, гипо-гиперпигментация, эластикасы, ылғалдылығы, құрғақтығы, тырнақ іздері, қабыршақтану, срии, майлы бездердің қызметі. Гипертермия және гипотермия. Түктердің сипаты. Моынды, қалқанша безін қарау, диагностикалық маңызы.
3. Эндокринді жүйенің зертханалық зерттеу әдістері және олардың маңызы:
- қандағы және зәрдегі қант, зәрдегі ацетон, глюкозаға толеранттылық тест
- гормондар ТТГ, Т3, Т4, 17 кетостеройдтар, 17 оксикетостеройдтар
4. гипер - және гипогликемия синдромдарының клиникалық-зертханалық белгілері. Балалардағы ерекшеліктері
5. гипо – және гиперкортицизм синдромдарының клиникалық-зертханалық белгілері. Балалардағы ерекшеліктері
6. Гипотериоз синдромы. Негізні клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және құралдық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы. Қалқанша безінің пальпациясы. Балалардағы ерекшеліктері.
7 . Гипертериоз синдромы. Негізні клиникалық белгілері. Негізгі зертханалық және құралдық зерттеу әдістерінің диагностикалық маңызы. Қалқанша безінің пальпациясы. Балалардағы ерекшеліктері
Тәжірибелік дағдылардын тізімі
1. Эндокринді жүйе патологиясы бойынша сұрастыр жүргізу.
2. Эндокринді жүйе патологиясы бойынша клиникалық тексерулер жүргізу
3. Қалқанша безінің пальпациясы, оның ұлғайуын анықтау.
4. Эндокринді жүйе патологиясы бойынша зертханалық және құралдық тексеру әдістеріне жоспар құру және олардың нәтижелерін талдау.
5. Клиникалық және қосымша зерттеу нәтижелерінде гипер- және гипогликемия синдромдарының белгілерін анықтау.
6. Клиникалық және қосымша зерттеу нәтижелерінде қалқанша безінің гипер - және гипофункциясы синдромдарының белгілерін анықтау.
7. Клиникалық және қосымша зерттеу нәтижелерінде қалқанша безінің гипер - және гипокортициз синдромдарының белгілерін анықтау.
