- •Кәсіпорын экономикасы пәнінің
- •Қаржы-экономикалық факультет Экономика кафедрасы
- •Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Курстық жұмыс жазудан әдістемелік нұсқаулар
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •Осөж орындаудан әдістемелік нұсқаулар
- •Осөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Сөж материалдары
- •Сөж орындаудан әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж күнтізбелік тақырыптық жоспары
- •Глоссарий
- •Дәрістер кешені
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары Емтихан сұрақтары
Осөж орындаудан әдістемелік нұсқаулар
Оқытушымен бірге студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, оқытушының көмегімен даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақытысында тиімді қолдануға көмектеседі.
Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.
Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
Жаңа білімді ОСӨЖ тапсырмалары арқылы белсене қабылдау.
Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.
Оқытушымен бірге студенттердің өздік жұмысының кең тараған түрлері мыналар:
Іс-тәжірибелік сабақтарға дайындық.
Коллоквиум, сұраққа жауап беру.
Аудиториялық бақылау жұмысына және тестке дайындық.
Үй тапсырмасын орындау.
Баяндама, реферат, ЭССЕ жазу.
Іскерлік ойынға дайындық .
Кейстермен жұмыс жүргізу
Интернетпен жұмыс істеу
Іс-тәжірибелік сабақтарға дайындық – студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі. Ол лекция материалдарын толықтырумен, ұсынылған әдебиеттерден конспект жазумен сипатталады.
Коллоквиум және сұраққа жауап беру – іс-тәжірибелік сабақ шеңберінде нақты тақырыпқа байланысты сұрақтарды оқуды, негізгі терминдер мен формулаларды қарастырады.
Тестке дайындық – тақырыптар мен тақырыпшаларды тереңірек оқуға, терминдердің мазмұнына көңіл бөлуге, негізгі ұғымдарды қарастыруды және жүйелі оқуды талап етеді.
Аудиториялық бақылау жұмысына дайындық - өтілген тақырыптарды, есептік көрсеткіштер мазмұнын, есеп формулаларын қарастырады.
Үй тапсырмасы – Үйге берілетін әртүрлі жұмыстарды күнделікті орындап отыру.
Реферат – арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Оның мақсаты – Студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.
Баяндама – мазмұны жағынан рефератқа ұқсас келеді. Баяндама дайындау студенттің өзі қызығатын сұрағын оқуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастыруды талап етеді.
ЭССЕ – нақты бір тақырыпты студенттің қысқаша талдауы. Айрықша ерекшелігі – оқытушы берген проблеманы шығармашылық талдау. ЭССЕ тақырыптары оқытылатын пән бойынша нақты сұрақтар болып табылады. Студентке берілген тақырып бойынша өзінің жеке-дара пікірін тыңдау оқытушыны қызықтырады.
Іскерлік ойынға дайындық – керекті материалдарды жинау, рөлдерді бөліп алумен байланысты. Нәтижесінде талдаумен қорытындылау, ұсыныстармен сипатталады.
Осөж күнтізбелік-тақырыптық жоспары
ОСӨЖ №
|
ОСӨЖ тақырыбы және тапсырмасы |
Сағат саны |
Апта
|
Өткізу нысаны |
1 |
Кәсіпорын шаруашылық жүргізу объектісі ретінде 1. Банкрот түсінігі және белгілері. 2. Банкроттықтан қорғау стратегиясын таңдау. 3. Кәсіпорынды банкрот деп жариялау тәртібі. 4. Кәсіпорынды тарату, қайта құру және жақсарту (санация). |
3 |
1 |
Сұхбаттасу, реферат, презентация, дәптерге жазу |
2 |
Кәсіпорынның негізгі капиталы
Өндіріс факторларының бәсекелік қабілеттілігін арттыру бойынша шаралары Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының басымдықтарының бірі ретінде. |
3 |
2 |
Дәртерге жазып жауап беру, сұхбаттасу, реферат, презентация |
3 |
Кәсіпорынның айналым капиталы
|
3 |
3 |
Дәптерге жазып жауап беру, есеп шығару |
4 |
Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
|
3 |
4 |
Дәптерге жазып жауап беру, есеп шығару, реферат, презентация |
5 |
Еңбек ресурстары
|
3 |
5 |
Дәптерге жауап беру, қосымша сұрақтар бойынша реферат қорғау, презентация |
6 |
Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу
|
3 |
6 |
Дәптерге жазып жауап беру, есеп шығару, реферат, презентация |
7 |
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
|
3 |
7 |
Жазбаша жауап беру, сұхбаттасу, есеп шығару, реферат, презентация |
8 |
Өндіріс және өнімді өткізу шығындары
|
4 |
8 |
Жазбаша жауап беру, есеп шығару |
9 |
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
|
4 |
9-10 |
Реферат қорғау, сұхбаттасу, дәптерде жауап беру, презентация |
10 |
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету
|
4 |
11 |
Есеп шығару, дәптерге жазып ауызша жауап беру |
11 |
Кәсіпорын қаржысы
|
3 |
12 |
Сұхбаттасу, реферат қорғау, презентация, жазбаша жауап беру |
12 |
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелері
|
4 |
13 |
жазбаша жауап беру, сұхбаттасу, реферат, презентация |
13 |
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі
|
4 |
14 |
Есеп шығару, жазбаша жауап беру |
|
Барлығы: |
45 |
|
|
