Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Корабаева Н.Б.Кәсіпорын экономикасы 2013.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Сөж орындаудан әдістемелік нұсқаулар

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақытысында тиімді қолдануға көмектеседі.

  • Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

  • Жаңа білімді белсене қабылдау.

  • Проблемалардың шешімін табуға.

  • Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.

  • Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

СӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек. СӨЖ тапсырмаларын әр студент жеке орындайды.

Студент берілген сұрақтарды жан-жақты қарастырып, өз пікірлерін жазу керек. Ақпарат көздері оқулықтар, газет, журнал мақалалары болуы керек және сол көрсетілген деректерге студенттің көз қарасы, пікірі көрсетілуі тиіс. Сонымен қоса, қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасалыну керек.Ал мәселе есеп шешімдерін шығару амалдарын толық жазып көрсетулері керек.

Сөж күнтізбелік тақырыптық жоспары

СӨЖ №

Тапсырма мазмұны

Сағат саны

өткізу мерзімі

Бақылау нысаны

1.

1 СӨЖ.

11

4 апта

жазбаша

2.

2 СӨЖ.

12

7 апта

жазбаша

3

3 СӨЖ.

11

11 апта

жазбаша

4

4СӨЖ.

11

14 апта

жазбаша

БАРЛЫҒЫ

45

Сөж материалдары

1-СӨЖ тапсырмалары

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық тетіктері: салық салу, бағалар, еңбек төлемі, экспорт пен импортты лицензиялау, кедендік ережелер, қаржылық және несиелік қатынастар, амортизациялық саясат.

2. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен нысандары жүйесіндегі Қазақстан Республикасының Салық кодексі.

3. Дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері.

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясаты.

5. Қазақстан Республикасы халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы.

6. Еңбекті қорғау қауіпсіздігі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік реттеуді жетілдіру.

2-СӨЖ тапсырмалары

  1. Кәсіпорын – дербес шаруашылық жүргізуші субъект және нарықтық қатынасты негізгі жүргізуші.

  2. Кәсіпорынның басты міндеттері мен қызметтері.

  3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпорынның барлық түрлерінің әрекет етуінің негізгі қағидалары.

  4. Меншік нысандары бойынша кәсіпорын түрлері.

  5. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары, негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі.

  6. Кәсіпорындар құрылымы.

3-СӨЖ тапсырмалары

1 - есеп.

№

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

1

Өндірілген өнім көлемі, мың тг.

4308485

5049368

2

Өнім құны, мың тг.

3722324

4331190

3

Кезең шығындары, мың тг.

378404

406574

4

Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг.

207757

311604

5

Таза табыс, мың тг.

155818

218123

6

Акционерлік капиталдың ортажылдық құны, мың тг.

1895003

2246109

7

Негізгі қорлардың ортажылдық құны, мың тг.

2421979

2434161

8

Жұмысшылардың ортатізімдік саны, адам

1910

2000

Кестедегі көрсеткіштер арқылы төмендегі формулалар бойынша өндірістің келесі тиімділік көрсеткіштерін анықта:

  1. акционерлік капиталдың табыстылығы;

  2. негізгі қызметтің табыстылығы;

  3. еңбек өнімділігі;

  4. қор қайтарымы.

1.

акционерлік капиталдың таза пайда (табыс)

табыстылығы = _______________

акционерлік капиталдың

ортажылдық құны

2.

негізгі қызметтің негізгі қызметтен түскен табыс

табыстылығы = _______________

сатылған өнімнің құны +

+ кезең шығындары

3. Еңбек өнімділігі (ЕӨ) өндірілген өнім көлемін (ӨК) жұмысшылардың ортатізімдік санына (Жс) бөлу арқылы есептеледі:

ЕӨ = ӨК / Жс

4. Қор қайтарымы (Ққ) өндірілген өнім көлемін (ӨК) негізгі қорлар құнына (НҚ) бөлу арқылы есептеледі:

Ққ = ӨК / НҚ

2 – есеп.

Берілген кесте бойынша 2006-2008 жж. өндіріс тиімділігінің сараланған көрсеткіштерін анықтап, оларды талдаңыз.

№

Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

1

ҚҚС-сыз тауарлық өнім, мың тг.

566645

691303

2

Заттай көрінісіндегі өнім шығарымы, т.

17857

19674

3

Жұмысшылардың ортажылдық саны, адам.

406

474

4

Негізгі қорлардың ортажылдық құны, мың тг.

166285

238021

5

Еңбек ақы төлеу шығындары, мың тг.

73518

103538

6

Материалдық шығындар, мың тг.

315788

396423

7

Отын және энергия шығындары, мың тг.

30256

36422

Сараланған көрсеткіштерге келесілер жатады:

1.Материал қайтарымы (Мқ):

Мқ = ӨШ / Мш, мұнда

ӨШ - өнім шығарымы;

Мш – материалдық шығындар.

2.Өнімнің материалсыйымдылығы (Мс):

Мс = Мш / ӨШ.

3.Қор қайтарымы (Ққ):

Ққ = ӨШ / НҚ, мұнда

НҚ – негізгі қорлардың ортажылдық құны.

4.Өнімнің қорсыйымдылығы (Қс):

Қс= НҚ / ӨШ.

5. Өнімнің еңбек сыйымдылығы (Ес):

Ес = Е / ӨШ, мұнда

Е - өнім шығаруға кеткен уақыт (еңбек ақы төлеу шығындары).

6.Еңбек өнімділігі (ЕӨ):

ЕӨ = ӨШ / Е.

7. Өндірім (Ө):

Ө = ӨШ / Жс, мұнда

Жс – жұмысшылар саны.

8. Энергия қайтарымы (Эқ):

Эқ = ӨШ / Шоэ, мұнда

Шоэ – отын және энергия шығындары.

9. Өнімнің энергия сыйымдылығы, (Эс):

Эс = Шоэ / ӨШ

4-СӨЖ тапсырмалары

Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділігі

1-есеп. Бір жылдағы кәсіпорын жұмысшыларының орташа саны 600 адамды құрады. Бір жыл ішінде өз еркімен – 37 адам, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін – 5 адам жұмыстан шықты, 11 адам зейнетке шықты, жоғарғы оқу орнына түскендер мен қорғаныс күштері қатарына шақырылғандар саны-13 адам, басқа қызметке және кәсіпорынның басқа да бөлімдеріне 30 адам ауыстырылды.

Табу керек:

а) шыққан кадрлардың коэффициентін (%);

ә) ағымдағы кадрлардың коэффициентін (%).

2-есеп. Жұмысшы 23 күн жұмыс істейді, ауысымның ұзақтығы – 6 сағат, ал оның тарифтік ставкасы – 26 теңге. Жұмысшының мерзімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақысын есептеңіздер.

3-есеп. Жоспарлы жылы өнім көлемінің құны – 265 млн теңге болды, есептік жылы – 278 млн теңге болды. Жоспарлы жылы 2 мың адам болды, ал есептік жылы 1,5%-ға кеміді. Еңбек өнімділігінің өсуін табыңыздар?

4- есеп.

Бұйым

Жылдық өндіру бағдарламасы (дана)

1 данаға кететін уақыт нормасы (сағат)

А

30000

4

Ә

50000

2

Кәсіпорын кестеде көрсетілген бағдарлама бойынша А және Ә бұйымдарын өндіреді. Номиналды қор уақытынан себепті жағдаймен кеткен уақыт 10%-ды құрайды. Өндіру нормасының орындалу коэффициенті – 1,2. Бір жылдағы жұмыс күндерінің саны – 300, смена ұзақтығы – 8 сағат. Жоспарланған жылда кәсіпорынға қанша жұмысшы керек екенін анықтаңыздар.