- •World wide web. Гипермәтіндік белгілеу тілінің көмегімен www беттерін жасау.
- •Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Type атрибутының мүмкін мәндері және олардың нөмірленуі.
- •Қабаттасқан ішкі тізімдер
- •Осы программа нәтижесі:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Структуралық тэгтер. Структуралық тэгтер мен форматтау тэгтерінің айырмашылығы.
www.course.yes.kz/webdesign/: сайтына кіріп, HTML тілінің негізгі тэгтері туралы және жаттығулардың бастапқы файлдарын тауып берілген тапсырмаларды орындаңыз.
№3 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Гипертексттік сілтеме. Гипербайланыстар мен гиперсілтемелер.
Мақсаты: Сілтемелерді жасау принциптерін және оларды ұйымдастыруды үйрету.
WEB – беттерінің басқа WEB – беттеріне қатысты сілтемелерінің болуы – World Wide Web жүйесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі.
HTML құжаттарында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Ол үшін атрибуты, яғни параметрі бар ашылатын  және жабылатын  тэгтері пайдаланылады. Жалпы сілтемелер жасаған кезде мынадай ерекшеліктерді еске сақтаған жөн.
1. Гиперсілтемелерді құрған кезде НREҒ=”…” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның URL-адресінен тұрады. Сілтеме-мәтін <А> мен </А> тэгтерінің арасына орналасады. Сілтеме сөз броузерде бейнеленген кезде көбінесе оның асты сызылып, көк түспен бейнеленеді. Сол сілтеме сөздің үстіне курсорды қойып тышқанды шерту көрсетілген файлға немесе желі бойындағы URL-адреске көшуді қамтамасыз етеді. Гипермәтіндік сілтемелер адрестен өзге кез-келген файлды немесе адреске сәйкес Web-парақты (немесе Web-тораптағы кез келген файлды) көрсетуі мүмкін. Мысалы, мына жол:
Төменгі жол ит экранға ит сөзін шығарады, оны шерту ағымдағы бумадағы сурет салынған dog.jpg файлына көшу ісін атқарады.
Егер сілтіме көрсетіп тұрған Web-парақ басқа бір Web-торапқа орналасқан болса онда HREF=… атрибуты мәні ретінде сол құжаттың толық URL-адресі пайдаланылады, оның ішіне хаттаманың атауы мен Web-тораптың адресі де кіреді. Осындай слітемелер сыртқы сілтеме деп аталады. Мысалы, мынадай жол.
Microsoft экранға Microsoft сөзін шығарып, оны шерту Интернет желісіндегі Microsoft компаниясының web-парағының алғашқы бетіне көшуді қамтамасыз етеді. Егер сілтеме сол Web- тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады. Ішкі сілтемелерді пайдаланған қолайлырақ, себебі Web-торапты басқа серверге ауыстырған кезде, жеке құжаттар адресіне өзгеріс енгізу талап етілмейді.
2. Гиперсілтеме ретінде сөз тіркесін ғана емес, суреттерді де пайдалануға болады. Суреттер мәтін сияқты сілтеме бола алады. Бұл үшін <IMG…> тэгі сілтемелерді анықтайтын  және  тэгтерінің арасында орналастырылады. Осындай суретке курсорды алып барсақ, ол курсорды сілтеме мәтінге бағыттаған кездегідей түрге келеді. Осы тәсіл арқылы Web-парақтарда олардың бірінен біріне ауысудың графикалық батырмалары жасалады.
Мысалы:
</A”> жолында
тіркесі гиперсілтеме ретінде кішкене ит суретін береді де, оны шерту арқылы dog.htm парағына өтуге болады (IMG туралы келесі параграфта айтылған).
3. Егер файл басы емес, оның мәтінінің ішіндегі басқа бір қажетті орынға көшу керек болса, онда сол орынға алдын ала анкер (белгіленген сөз) орнатамыз. Сонда гипермәтіндік сілтімелер сол парақ ішіндегі анкері бар белгілі бір орынды көрсетуі мүмкін. Анкер құруда да <А> және  тэгтері қолданылады, бірақ мұндайда HREF=’’#…>” атрибутына қосымша NAME=”…” атрибутын пайдалану керек. Ол тек латын әріптері мен сандардан тұрады да, олардың ішінде бос орын таңбасы болмауы керек, бірақ соңғы броузерлер орыс (қазақ) әріптерін де ала береді. Мысалы:  </A’’>жолында  тіркесі гиперсілтеме ретінде кішкене ит суретін береді де, оны шерту атты иттер туралы мәлімет беретін DOG.GIF файлына ауыстырады.
Ескерту. Орнатылған анкерге сілтеме жасау үшін, URL aдресінен кейін # таңбасымен бөлінген анкер атауы көрсетілуі керек. Бұл құжат ішіндегі анкер алдына адрес жазылмайды.
Мысалы:
Тақырып </Н2>
3.1-ге көшу
1.1Бірінші абзац
2.1.Екінші абзац <\H3>
Егер сіл теме сол Web-тораптың басқа парағын көрсететін болса, онда құжаттың тек салыстырмалы жолын беруге болады. Мұндайда ішкі сілтеме құрылады.
3.1.Үшінші абзац <\H3>