- •World wide web. Гипермәтіндік белгілеу тілінің көмегімен www беттерін жасау.
- •Бұл жолдардың нәтижесі төмендегідей:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Type атрибутының мүмкін мәндері және олардың нөмірленуі.
- •Қабаттасқан ішкі тізімдер
- •Осы программа нәтижесі:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
- •Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Анимациялық суреттерді Web-беттерінде шығару ерекшеліктері.
Бейнелерге арналған альтернативті мәтіндер. Alt-мәтіндерді жазу ережелері мен негізгі принциптері.
№10 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: HTML. Web-ке ақпаратгы орналастыру. Мультимедиялық мүмкіндіктерді Web парақта пайдалану.
Мақсаты: Web-беттерін сырғымалы жолдарды қолдана отырып безендіруді үйрету.
<MARQUEE>…</MARQUEE> тэгтері мәтіндерді үздіксіз жылжып отыратын “сырғымалы жол” түрінде экранға шығарады. Бұл тэгтің ашылуы кезінде тізбектеліп жазылатын бірсыпыра атрибуттері (немесе параметрлері) бар, олар сырғымалы жолдың жылжу жылдамдығын, бағытын, әріптерінің түсін, т.б. өзгертеді. Параметрлерді өзгертпеуге, яғни жазбауға да болады, онда олардың алдын ала келісім боиынша (значения по умолчанию) бұрын орнатылған мәндері іске қосылады. Енді жиі өзгертілетін параметр және олардың мүмкін мәндерін қарастырайық.
BEHAVIOR – мәтіннің бір бағыты (SCROLL) немесе қос бағытта да (ALTERNATE) жылжыуын, әйтпесе жылжымай тоқтап тұруын (SLIDE) қамтамасыз етеді. Оның мүмкін мәндері: SCROLL|SLIDE|ALTERNATE.
BGCOLOR – “сырғымалы жолдың” фон түсін анықтайды, он алтылық RGB форматында немесе ағылшынша белгілі бір түс аты беріледі. Мысалы, BGCOLOR = “GREEN”
DIRECTION – жолдың сырғу бағытын анықтайды, оның мүмкін мәндері; LEFT (солға) және RIGHT (оңға), көп жағдайда келісім бойынша LEFT мәні іске қосылады.
HEIGHТ – “сырғымалы жолдың” биіктігін пиксел (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен (%) де көрсетуге болады.
WIDTH – экрандағы “сырғымалы жолдың” енін пиксел (нүктелер) арқылы анықтайтын бүтін сан, оны пайызбен (%) де көрсетуге болады. Алдын ала келісім бойынша 100% болып саналады.
Келесі мысал осы <MARQUEE> тэгі мен оның параметрлерін пайдалану жолын көрсетеді.
<HTML> <HEAD><TITLE> Мысал </TITLE></HEAD>
<BODY text=red>
<center>
<H2> Сырғымалы жолдар мысалдары </H2><HR>
<H3> <MARQUEE BGCOLOR = “blue” BEHAVIOR = “SCROLL” direction = “right” height=30> Бұл алғашқы сырғымалы жол </Marquee></h3>
<P><MARQUEE BGCOLOR =”Green” height=30 WIDTH = “90%”> Бұл екінші сырғымалы жол </Marquee>
<P><MARQUEE BGCOLOR =”Green” BEHAVIOR = “alternate” direction = “left” height=30> Бұл үшінші сырғымалы жол </Marquee>
<hr>
</center>
</body>
</html>
Нәтижесі:
Өз бетінше үйренуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Кесте ұяшықтарының ішінде сырғымалы жолдарды қолданып web-бетін жасаңыз.
World Wide Web қызметі қолданымға кеңінен енген мерзім барысында мультимедиа да кеңінен тарай бастады, себебі HTML тілі Web-беттерінде мультимедиалық объектілердің пайда болуына бірден үйлесіп кете алмады.
Бейне және дыбыстық бүгінгі күнге дейін, қосымша жалғанған және тіркелген қосымшалар арқылы жарыққа шығарылатын “сыртқы” объекттер ретінде қарастырылуда.
Мультимедианың бейне және дыбыстық файлдары әртүрлі форматтарды қолдана алады. Күнделікті қолданып жүрген форматтар, оны қайта бейнелеу мүмкін болғанға дейін, файлдың толық көрініс беруін талап етеді. Бүгінгі күнгі ағымдық форматтар, мәліметтерді жадыдан шығару барысындағы нақты уақыт кезінде дыбыс пен бейнекөріністерді жарыққа шығару мүмкіндігін береді
Интернеттің ағымдық форматтарында радиохабарлар беріледі. Мысалы, Ресейде осындай форматтау арқылы “Күміс жаңбыр” радиостанциясы хабар тартады.[ www.silver.ru].
Web-параққа мультимедиялық объектілерді енгізудің ең қарапайым әдісі-бұл <A> гиперсілтеме тэгін пайдалану. Осындай сілтемені қалыптастыру ең жеңіл нәрсе және бұл жағдайда мультимедиялық файл оқырманды HTML құжатындағы басқа мазмұндық мәліметтерден назарын аудартпайды.
Кейбір жағдайларда дыбыстық немесе мультимедиялық файлды тікелей Web-парағына енгізу талап етіледі, мысалы, аталмыш файлды автоматты түрде жарыққа шығару үшін аталмыш операцияны жүзеге асырады. Бүгінгі күні аталмыш мақсатқа жету үшін, HTML стандартына қатаң түрде кірмегеніне қарамастан, <EMBED> тэгін қолданған ыңғайлырақ. Бұл тэгтерді кеңінен тараған екі броузерлер арқылы тану мүмкіндігін аламыз, олар – Internet Explorer және Netscape Navigatоr, алайда, мультимедиялық файлды жарыққа шығару мүмкіндігін тек қана қосалқы ретінде жалғанған тиісті қосымшалар ғана анықтайды. <EMBED> тэгі дара болып табылады, себебі оған жабатын тэг талап етілмейді. Оның міндетті SRС= болып табылады. WIDTH= және HEIGHT атрибуттарын да пайдалану мүмкін болып табылады, олар, мультимедиялық объектіні жарыққа шығару үшін «бөлінген», экрандағы тік төртбұрыш аумақтағы өлшемдердің (ені мен биіктігі ) мәнін анықтайды.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Мультимедиа</TITLE>
</HEAD>
<BODY> Примеры подключения мультимедий
<EMBED SRC="term.avi">
<EMBED SRC="main.mp3">
</BODY>
</HTML>
