- •Астана – 2012
- •І. Пән сипаттамасы
- •2. Курсты оқыту мақсаты:
- •3. Оқыту мәндеттері:
- •4. Оқу тәртібінің мазмұны
- •Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
- •Іі. Пәннің тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі
- •Аралық бақылау тақырыптары Бірінші аралық бақылау
- •Екінші аралық бақылау
- •Реферат
- •2. Сыни көзқарастың қажеттілігі.
- •Реферат тақырыптары
- •Емтихан сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
- •6. Әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •Глоссарий
Реферат
жазуға әдістемелік нұсқаулар
Реферат жазу –студенттің өзіндік жұмысының құрамдас бөлігі. „Реферат" сөзін \лат.-баяндау, хабарлау\ былай түсіндіруге болады: а) белгілі тақырыпқа сәйкес әдебиетке шолу жасай отырып баяндама дайындау; б) ғылыми жұмыстың немесе кітаптың т.б. мазмұнын баяндау т.п.
Кез келген рефераттың екі жағы бар -сыртқы және мазмұны. Сыртқы жағы - рефератты белгілі бір талаптарға сәйкес көркемдеу. Мұқабасында /жоғарыдан төменге қарай/: жоғары оқу орнының, факультеттің аты, реферат тақырыбы, орындаушы магистрант пен оқытушының, ғылыми жетекшінің фамилиясы мен инициалы, қала және жыл.
Рефераттың келесі бетінде жұмыстың жоспары: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, рефераттың мақсаты мен міндеті, әдісі сипатталады.
Негізгі бөлім тақырыпты әр жағынан ашатын тараулар мен параграфтарға бөлінеді. Бұл жерде кездесетін негізгі қате параграфтың аты реферат тақырыбымен түгелдей сәйкес келуі мүмкін. Негізгі бөлімді жоспарға сәйкес мәтінде де жіктеген жөн, әйтпесе оның мазмұнын түсіну қиынға соғады.
Рефератта келтірілген сілтемелерге санмен белгі қойылады, ол жұмыс соңында келтіретін әдебиет тізіміндегі реттік нөмірмен сәйкес келуі тиіс.
Әдебиетті былай келтіреді: а) кітап болса: автордың фамилиясы, кітаптың аты, шыққан жылы. Егер ұжымдық монография немесе оқулык болса, жауапты редактордың фамилиясы, егер көптомдық басылым болса, томдардың жалпы саны, сосын барып сәйкес томның нөмірі; б) журнал /газет/ мақаласы үшін автордың фамилиясы, мақала аты, // белгіден кейінгі журналдың аты, шыққан жылы, нөмірі.
Философиядан реферат жазудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол он әрі ғылым, эрі қоғамдық сананың түрі ретінде пәніне байланысты. Бұл ерекшеліктері мыналардан тұрады:
1. Әдеби деректер- бұл мәселеде ең бастысы магистранттың алғашқы деректерге, яғни философтардың өзінің төл шығармасына баса назар аударғаны жөн. Олардың негізгі идеялары мен концепцияларын, олардың белгілі бір философиялық мәселені қалай шешкенін меңгеру қажет.
Алғашқы деректер оқылып, танылғаннан кейін ғана коментаторлық әдебиетке, яғни ірі философтардың ілімі туралы қазіргі авторлардың еңбегіне көшкен жөн. Рефератты тек коментаторлық әдебиетке ғана сүйеніп жазуға болмайды, себебі кейде философтың төл шығармасы мен ол туралы басқалардың жазғанының арасында әжептеуір айырмашылық болуы мүмкін.
Философиядан алғашқы дерек ретінде қазақ тілінде 20 томдық “Әлемдік философиялық мұра” кітаптарының баспадан шыққанын ескертеміз.
2. Сыни көзқарастың қажеттілігі.
Ойшылдардың философиялық көзқарасын танып білу объективті болу үшін, оларды талдау мен бағалауда сыни көзқарас қажет. Бірақ, сын негативті (яғни тек жоққа шығарудан, қиратудан тұратын) емес, конструктивті болуы керек. Мұндай сын тек жоққа шығару емес, он ақылға сыйымды он жағын да байқап ескеру және автор осы қарастырып отырған мәселеге қатысты өз көзқарасын, оны шешудің жолдарын ұсынуга тиіс.
„Корытындыда" тақырыпты түйіндеп, негізгі қортыныдылар жасалынып, мәселені әрі қарай тереңдетіп, нақтылаудың мүмкін бағыттары көрсетіледі.
Реферат көлемі 10 компьютермен терілген беттен аз болмауы тиіс. Тimes New Roman, 14 шрифт, бір интервал. Оң жағы 3см, сол жағы 1 см., усті мен асты 2 см. Беттің реттік номері төменгі оң бұрышқа қойылады.
