Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кундизги ФИЛОСОФИЯ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттер тізімі

6. Әдебиеттер тізімі:

6.1. Негізгі әдебиеттер:

  1. Абдильдин Ж.М. Собрание сочинений в 5 томах. Алматы, 2000-2001.

  2. Нурманбетова Д.Н. Проблемы современной философии. Астана, 2002.

  3. Әбішев Қ Философия ( ЖОО студенттері мен аспиранттарына арналған оқулық ). Алматы 2003

  4. Кішібеков Д., Сыздықов Ұ. Философия. Алматы, 2004

  5. Құлсариева А. ХХ-ғасырдағы батыс философиясының тарихы – Алматы, 2001-2002

  6. Тұғынбаев Ә. Философия. Алматы 2005

  7. Иманқұл Н.Н Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Астана 2006 ж.

  8. Ғарифолла Есім Фалсафа тарихы. А.,2006

  9. Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабек, Қ.Мұхамбеталиев. Философия тарихы. – Алматы, 2003

  10. Ж. Алтаев, Т.Ғабитов, А.Қасабек, Қ.Мұхамбеталиев. Философия және мәдениеттану: Оқу құралы. – Толықтырылған екінші басылымы. – Алматы: Литера, 2001. – 272 бет

  11. Серік Мырзалы. Философия .Алматы 2008ж.

  12. Нысанбаев Ә., Абжанов Т. Қысқаша тфилософия тарихы. Алматы, 1999

  13. Исмағанбетова З.Н., Бейсенов Б.К., Абирова Б.И. ХХ ғасыр философиясы / оқу құралы / Алматы 2004

  14. Бейсенов Қ. Философия тарихы. Алматы 1992

  15. Гумилев Л.Н. Этносфера: история людей и история природы. М., 1993

  16. Философский энциклопедический словарь. М., 1960

6.2. Қосымша әдебиеттер:

  1. Әлеуметтік философия (хрестоматия). Алматы Ғалым, 2002

  2. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А., 1973

  3. Әл-Фараби. Әлеуметтік – этикалық трактаттар. А., 1973

  4. Ғабитов Т.Х., Құлсариева. Мәдени философиялық энциклопедиялық сөздік./ Т. Алматы 2004

  5. Сегизбаев О. Қазақ философиясының тарихы. Оқулуқ. Алматы 2001

  6. Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері.

  7. Ш.Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы, 1991

  8. Нысанбаев Ә., Абжанов Т. Адамға қарай бет бұрсақ. Алматы, 1992

  9. Орынбеков М.С. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. А., 1996

  10. Абдильдин Ж.М. Ой әлемінен сөз. А., 2002

  11. Абдильдин Ж.М. Тағлым мен тағзым.

  12. Нысанбаев Ә., Абжанов Т. Ақыл. Ой. Адамгершілік. Алматы, 1994

Пән бойынша глоссарий (студенттерге арналған нұсқа)

Глоссарий

Аксиология- құндылықтар туралы ілім.

Антропология – адам туралы ілім.

Антропоморфизм- адам қасиетін табиғатқа телу.

Антропоцентризм- дүние орталығы адам деп санайтын көзқарас.

Антиномия- И.Кант іліміндегі шешілмейтін қайшылықтар.

Априори - И.Кант іліміндегі тәжірибеге дейінгі «таза» білім.

Апостериори - И.Кант іліміндегі тәжірибеден алынатын білім.

Апория – шешімі жоқ, лажсыз жағдай( парадокс), тарихта Зенон (элеат) апориялары деген атпен қалған: «Дихотомия», «Ахилл мен тасбақа», «Жебе» және т.б.

Архетип – К.Г. Юнг(неофрейдист) іліміндегі ұжымдық бейсаналық ұғымы. ()

«Асқан адам» - Ф.Ницшенің(иррационалист, «өмір » философиясының өкілі) іліміндегі билікке еркі күшті, осы жолда үлкен жетістіктерге жеткен адам.

Атман – Ежелгі үнді философиясындағы жеке адам рухы.

Атрибут – бөліп алуға болмайтын, біте-қайнасқан қасиет.

Ашрама - Ежелгі үнді философиясындағы қиындықтар жөніндегі ілім.

Ахимса- Ежелгі үнді философиясындағы еш нәрсеге жәбірлік жасамау туралы ілім.

Бақсы – қазақ дүниетанымындағы ерекше қасиеті бар, тылсыммен қатынастағы адам,емші.

Батысшылдар - орыс философиясында 19 ғ. қалыптасқан бағыт, Ресейдің тарихи даму жолы ретінде Батыс Еуропа жолын таңдағандар.

Брахман - Ежелгі үнді философиясындағы бірегей, әлемдік рух.

Будда – буддизмнің негізін қалаған Сиддхартха Гаутаманың халық берген аты, «оянған», «нұрланған», «сергектенген» деген мағына береді.

Біздік зат - И.Кант іліміндегі біздің санамызда өмір сүретін құбылыстар әлемі.

Белдеулік уақыт – К. Ясперс философиясындағы ұлы тұлғалардың дүниеге топталып келетін уақыты.

Бейсаналық – З. Фрейд іліміндегі адам болмысын анықтайтын негізгі қасиет.

Болмыс – дүниедегі барлық материалдық, идеалдық заттар мен құбылыстар жиынтығы.

Ведалар - Ежелгі үнді халқының қасиетті мәтіндер жинағы, веда «дәріс», «білім» деген мағына береді.

Волюнтаризм – дүниенің негізі ерік- жігер деп санайтын көзқарас.

Верификация принципі – шындықты жасаймын деген мағына береді, позитивизмдегі кез келген теорияның фактілер арқылы расталуын талап ету.

Герменевтика – Қазіргі заман философиясындағы бағыт, негізін қалаған Гадамер, негізгі мәселесі- қолжазба, мәтіндерді талқылау, түсіндіру.

Гносеология – таным туралы ілім.

Гилозоизм – дүние түгел жанды деп санайтын көзқарас.

Гуманизм – адамгершілік, адамға құрмет туралы көзқарастар жүйесі.

Дао – Ежелгі қытай философиясындағы даосизм бағытындағы дүниенің түпнегізі, «жол», «тағдыр», «заң» деген мағына береді.