Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sill_Menshikke__1179_arsy_2013.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267 Кб
Скачать
☆

Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі

№

Тақырыптың атауы

Тақырып бойынша тапсырмалар

Ұсынылатын әдебиеттер

СОӨЖ өткізу нысаны

СОӨЖ өткізу аптасы

1

Меншікке қарсы қол сұғушылықтар үшін жауапкершілік туралы заңнаманың тарихы (2 сағ.)

1-тапсырма: Ұсынылған еңбектерді негізге ала отырып, түрлі тарихи кезеңдердегі қылмыстық заңнамадағы меншікке қарсы қол сұғушылықтардың түрлерін және оларға тағайындалатын жазаларды жазып алыңыз:

1-топ: Қазақтардың әдет-құрып құқығы бойынша меншікке қарсы қол сұғушылықтар үшін жауапкершілік (Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов: С момента присоединения Казахстана к России до установления Советской власти. - Алма-Ата, 1955).

2-топ: Патшалық Ресейдің заңнамасы бойынша меншікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік (Кочои С.М. Ответственность за корыстные преступления против собственности).

3-топ: Кеңес заманындағы меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық заңнама (Булатов С.Я. Понятие и система Особенной части уголовного права СССР и КазССР. - Алма-Ата, 1962).

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

4

2

Шетелдердің меншікке қарсы қол сұғушылықтар үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнамасы (2 сағ.)

1-тапсырма: Ұсынылған жүйеге кіретін бір мемлекетті таңдап алып, олардың қылмыстық заңнамасындағы меншікке қарсы қылмыстардың сипаттамасын беріңіз, отандық заңнамамен салыстырыңыз (жазбаша):

1-топ: Ағылшын-саксон құқықтық жүйесі

2-топ: Роман-герман құқықтық жүйесі

3-топ: ТМД мемлекеттері

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

6

3

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және жүйесі (1 сағ.)

1-тапсырма: Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі бойынша оқулықтармен танысып, меншікке қарсы қылмыстарды топтастырудың бірнеше (2-3) нұсқасын келтіріңіз (сүлбелер сызыңыз), топтастырулардың ұтымды және кемшін тұстарын сипаттаңыз.

2-тапсырма: Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексі мен жаңа Қылмыстық кодекстің жобасындағы меншікке қарсы қылмыстар туралы тарауларды салыстырыңыз, кесте сызыңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Сүлбе мен жазбаша түсініктемені, кестені тексеру

7

4

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша талан-тараждаудың түсінігі (2 сағ.)

1-тапсырма: «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысының бөтен мүлікті талан-тараждаудың жалпы белгілерінің мазмұнын ашатын тармақтарын конспектілеңіз.

2-тапсырма: Ғылыми мақаланы конспектілеңіз:

Хилюта В. Проблемы дальнейшего совершенствования законодательного определения хищения в уголовном праве стран СНГ. //Юрист. - 2008. - №4.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

8

5

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша бөтен мүлікті талан-тараждаудың нысандары және түрлері (3 сағ.)

1-тапсырма: «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысының бөтен мүлікті талан-тараждаудың түрлері мен нысандарының сипаттамасын беретін және оларды ажырату жолдарын ұсынатын тармақтарын конспектілеңіз.

2-тапсырма: Талан-тараждау жөніндегі қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдер негізінде 2 есеп құрастырыңыз (үкімнің мәтіні қоса тапсырылады):

1-топ: Ұрлық, қарақшылық.

2-топ: Тонау, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету.

3-топ: Ұрлық, алаяқтық.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру.

Есептерді тексеру

10

6

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша бөтен мүлікті талан-тараждаудың сараланған түрлері (2 сағ.)

1-тапсырма: «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 нормативтік қаулысының бөтен мүлікті талан-тараждаудың саралаушы белгілерінің мазмұнын ашатын тармақтарын конспектілеңіз.

2-тапсырма: Мына Заңмен танысып, қару-жарақ түрлерін және олардың сипаттамасын теріп жазып алыңыз:

«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» ҚР-ның 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

12

7

Талан-тараждау болып табылмайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар (2 сағ.)

1-тапсырма: «Қорқытып алушылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы №6 нормативтік қаулысын конспектілеңіз.

2-тапсырма: Қорқытып алу жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесімен танысып, бір есеп құрастырыңыз (үкімнің мәтіні қоса тапсырылады).

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

13

8

Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар (1 сағ.)

1-тапсырма: ҚР Қылмыстық кодексінің мына тарауларынан бөтен мүлікті жою немесе бүлдірудің (ҚР ҚК-нің 187, 188-баптары) арнайы түрлерін көздейтін нормаларды тауып алыңыз. Бөтен мүлікті жою немесе бүлдірудің жалпы және арнайы құрамдарын салыстырып, айырмашылықтарын көрсетіңіз (кесте түрінде):

1-топ: Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар.

2-топ: Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

3-топ: Көліктегі қылмыстар.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Кестені

тексеру

14

Барлығы: 15 сағат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]