- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Астана – 2013 ж.
- •Пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған тақырыптық жоспар
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары (20 сағат)
- •Семинар сабақтардың тақырыптық жоспары (10 сағат)
- •Соөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі
- •Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет
Сөж тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі
№ |
Тақырыптың атауы |
Тақырыптар бойынша тапсырмалар |
Ұсынылатын әдебиеттер |
СӨЖ өткізу нысаны |
СӨЖ өткізу аптасы |
1 |
Меншікке қарсы қол сұғушылықтар үшін жауапкершілік туралы заңнаманың тарихы (5 сағ.)
|
РКФСР-дің 1922 және 1922 жылғы Қылмыстық кодекстеріндегі «Мүліктік қылмыстар» тарауларымен танысып, талан-тараждау нысандарының ауырлатушы және жеңілдетуші белгілерін теріп жазып алыңыз. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Жазбаша жұмысты тексеру |
4 |
2 |
Шетелдердің меншікке қарсы қол сұғушылықтар үшін жауапкершілік туралы қылмыстық заңнамасы (5 сағ.) |
Мына құжатпен танысып, меншікке қарсы қылмыстар туралы нормаларды мұқият зерделеңіз, Қазақстанның ұлттық қылмыстық заңнамасының ерекшеліктерін анықтаңыз: Модельный Уголовный кодекс для государств-участников СНГ, одобренный Межпарламентской Ассамблеей государств-участников СНГ 17 апреля 1996 г. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Конспект тексеру |
6 |
3 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі және жүйесі (5 сағ.) |
Мына еңбекпен танысыңыз: Борчашвили И.Ш., Мукашев А.К. Преступления против собственности. Монография. - Астана: Институт законодательства, 2009. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Конспект тексеру |
7 |
4 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша талан-тараждаудың түсінігі (5 сағ.) |
Мына есептерді шығарыңыз: 1. Сысоева деген азаматша полиция бөліміне өзінің бұрынғы жұбайы Сысоевқа қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде арыз береді. Арызында өзінің Сысоевпен соңғы 6 ай бойы бірге тұрмайтынын, бірақ соған қарамастан, екеуі бірге тұрған 10 жыл ішінде тапқан мүлікті Сысоев үйден ұрлап алып, араққа айырбастап ішетінін көрсетеді. Сысоевтың әрекетерінде қылмыс құрамының белгілері бар ма? Егер ерлі-зайыптылар ресми түрде айырылысып кеткен болса, оның әрекетіне берілген құқықтық баға өзгере ме? 2. Талаповқа «Мерген» акционерлік қоғамы акциясының 33 пайызы тиесілі болады. Ұзақ уақыт бойы ол өзге акционерлермен тіл табыса алмай қояды. Талапов қоғамға тиесілі автокөліктің құны оның барлық мүлкінің шамамен 33 пайызын құрайды деп бағамдайды. Өзінің осы акционерлік қоғамның директоры екендігін пайдаланып, Талапов сол автокөлікті сатып, түскен ақшаны иемденіп алады. Талаповтың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. Есеп шартындағы автокөлік «бөтен мүлік» болып табыла ма? 3. Адамдарға лық толы қоғамдық автобуста келе жатып Күзембаев Рыбин деген азаматтың қалтасынан байқатпай әмиянын алып шығады, бірақ қылмыстың үстінен түскен полиция қызметкерлері оны ұстап алады. Күзембаев ұрлап алған әмиянды Рыбин көптен бері ақша сақтау үшін қолданбайтыны, тек таныстарының мекенжайы мен телефоны жазылған парақтарды ұстайтыны анықталады. Күзембаевтың әрекеттерін саралаңыз. Өз шешіміңізді негіздеңіз. 4. Есенова супермаркеттің сауда залынан құны 1500 теңге тұратын шетелдік шарапты байқатпай алып шықпақшы болады, бірақ шыға берісте күзетші оны ұстап алады. Есенованың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. Талан-тараждалған мүліктің құны жауапкершілікке қалайша әсер етеді? |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Есептің жазбаша шешімін тексеру |
8 |
5 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша бөтен мүлікті талан-тараждаудың нысандары және түрлері (10 сағ.) |
Мына есептерді шығарыңыз: 1. Өзінің таныстарының үйіне қонаққа келген Кравченко үй иелерінің басқа бөлмеде жүргенін пайдаланып, үстел үстінде жатқан қол сағаты мен неке сақинасын мұрыншытқа түйіп, қайтып бара жатқанда ала кету ниетімен терезеден лақтырып жібереді. Осы уақытта үй жанынан өтіп бара жатқан кездейсоқ жаяу жүргінші Жайлауов біреу терезеден түйіншек лақтырып жібергенін көріп, түйіншекті алып кетеді. Кравченко мен Жайлауовтың әрекеттеріне құқықтық баға беріңіз. 2. Бодяков Перцовтың үйінде бірлесіп ішімдік ішіп отырады. Үй иесінің уақытша кетіп қалғанын пайдаланып, Бодяков оның құны 15 мың теңге тұратын пальтосын алып кетеді. Бодяковтың әрекеттеріне құқықтық баға беріңіз. 3. Түскі үзіліс кезінде зауыт ұсталары Иванов пен Симонов қоймаға кіреді. Қойма меңгерушісінің жұмыс орнында жоқ екеніне көздері жеткен соң электорнасос ұрламақшы болады. Иванов пен Симонов электорнасосты қпақа салып, кетіп бара жатқанда зауыт қақпасының жанында күзетшілердің қолына түседі. Тергеу органдары олардың әрекеттерін ҚР ҚК-нің 175-баб. 2-бөл. «а» тармақшасы бойынша саралайды. Саралаудың дұрыстығына баға беріңіз. 4. Беев ұрлық жасау мақсатымен сыртқы есіктің кілтін таңдап алып, Ляпуновтың үйіне кіреді. Үйде 6 жасар Саша Ляпунов бар болып шығады. Беев өзін Сашаның ата-анасының танысы екенін айтып, «дүкен» ойнауды ұсынады. Саша келісіп, оған әшекей бұйымдарын, тері күрте мен тон «сатады». Бұдан соң Беев пен Саша тығылмаш ойнайды, соны пайдаланып, Беев талан-тараждалған мүлікті алып, үйден байқатпай шығып кетеді. Беевтің әрекетін саралаңыз. 5. Камалова шаруа қожалығында еңбек шарты бойынша көкөніс сатушы болып жұмыс істеп жүреді. Бір жолы қоймадан құжат бойынша 350 мың теңгенің 8 тонна қызанағын алады. Камалова қызанақты облыс орталығындағы коммуналдық базарда сатуға тиіс болатын, бірақ ол қызанақты басқа облысқа апарып, 500 мың теңгеге делдалдарға өткізіп жібереді. Түскен ақшаның 350 мыңын қожалық кассасына тапсырып, қалған 150 мың теңгені өзіне алып қалады. Камалованың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. 6. Ұзақ уақытқа командировкаға кетіп бара жатқан Самсонов өзінің досы Васинға автокөлігін сақтау үшін тастап кетеді. Васин автокөлікті сатып жібереді де түскен ақшаны жұмсап қояды. Самсоновқа не автокөлікті, не оның құнын қайтарып бере алмайтынын түсінген Васин жауапкершіліктен қорқып қашып кетеді. Васиннің әрекетін саралаңыз. 7. Гольцова танысы Палаевқа өзін Усов деген азамат зорлағанын айтады. Палаев оған Усовты қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде арыз жазуды ұсынады. Осы арызды алып, Палаев пен оның досы Ермеков Усовтың жұмысына барады. Өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, оған қатысты Гольцованың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Бірақ Усов 100 мың теңге төлесе, істі доғаруға болатынын айтады. Қорқып кеткен Усов таныстарынан қарыз алып, Палаев пен Ермековқа сұраған сомасын тауып береді. Палаев пен Ермековтың әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз. 8. Институтта 4 жыл бойы аға оқытушы болып жұмыс істеп жүрген Громов кадрлар бөліміне ғылым кандидатының жалған дипломын тапсырады. Осы құжаттың негізінде әлдеқайда жоғары жалақы алып жүрген Громов жарты жылдың ішінде заңсыз 90 мың теңге иеленіп алады. Громовтың әрекеттерін саралаңыз. 9. Жалғыз басты, материалдық жағдайы жақсы Мазина хабарландыру бойынша Жуков деген азаматпен танысады. Өзін отставкадағы полковникпін деп таныстырған Жуков Мазинаның сеніміне кіріп алады. Мазина оған пәтер сатып алу үшін ірі мөлшердегі қаражат береді, Жуков ақшаны алып, қашып кетеді. Полиция қызметкерлері оны бірнеше ай өткен соң басқа қалада ұстап алады. Жуковтың әрекеттерін саралаңыз. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Есептің жазбаша шешімін тексеру |
10 |
6 |
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша бөтен мүлікті талан-тараждаудың сараланған түрлері (10 сағ.)
|
Мына есептерді шығарыңыз: 1. Юровский мен оның танысы Николаев Гуровтың ақшасын тартып алмақшы болады. Олар Гуровтың ішінен бірнеше рет ұрып, оның ақшасы жоқ екендігіне көз жеткен соң, үстінен құны 3 мың теңге тұратын спорт жейдесін шешіп алады. Юровский мен Николаевтың әрекеттерін саралаңыз. 2. Он сегіз жасар Касаткин мен 15 жасар Гребенщиков такси жүргізушісіне шабуыл жасап, суық қарумен қорқыта отырып, 200 теңге тартып алады. Касаткин мен Гребенщиковтың әрекеттерін саралаңыз. 3. Ефимовтар қашаның сыртына үстел шығарып, оның үстіне сатуға арналған ауылшаруашылық өнімдерін қойып қояды. Ауыл тұрғыны Капустин иелерінің жоқтығын пайдаланып, үсте үстінен 2500 теңгенің өнімін ұрлап алады. Капустиннің әрекеттерін саралаңыз. 4. Велосипедпен Андаровтардың үйінің жанына өтіп бара жатып, Кабиев терезе алдында қағазға оралған зат жатқанын байқап қалады. Жақын маңда ешкім жоқ екеніне көзі жеткен соң Кабиев еңкейіп, қолын созып, жаңағы затты алып кетеді. Қағазға ораулы зат дүкеннен алынған 5 мың теңгенің киімі болып шығады. Кабиевтің әрекеттерін саралаңыз. 5. Ешқайда жұмыс істемейтін Ақбаев тұрғын үйдің ауласында тұрған «Ауди» автокөлігін байқап қалады. Көліктің оң жақ терезесін ептеп ашып, автомагнитоланы алып шығады да қашып кетеді. Ақбаевтың әрекеттерін саралаңыз. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Есептің жазбаша шешімін тексеру |
11 |
7 |
Талан-тараждау болып табылмайтын меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстар (5 сағ.) |
1. Мына еңбекпен танысып, автомобильді немесе өзге де көлік құралын талан-тараждау мақсатынсыз заңсыз иелену қылмысын саралауға қатысты тарауларын конспектілеңіз: Абдиров Н.М., Борчашвили И.Ш. Уголовная ответственность за угон транспортных средств и его предупреждение. - Караганда, 1995. 2. Мына ғылыми мақаланы конспектілеңіз: Қорқытып алушылықты онымен аралас қылмыстар құрамынан ажырату және жаза тағайындаудың кейбір мәселелері //ҚазҰУ хабаршысы. Заң сер. - 2009. - №2 . - 256-259 б. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Конспект тексеру Есептерді тексеру |
13 |
8 |
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстар (5 сағ.) |
Мына ғылыми мақаланы конспектілеңіз: Кульдинова С. Реализация ответственности за умышленное уничтожение или повреждение чужого имущества по уголовному законодательству Республики Казахстан //Фемида. - 2008. - № 6 . - С. 36-38. |
Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген |
Конспект тексеру |
14 |
|
Барлығы: 50 сағат |
|
|
|
|
