- •7. Тақырып. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •8. Тақырып. Саяси элита және саяси топ бастаушылық
- •9. Тақырып. Адам және саясат
- •10 Тақырып. Әлеуметтік топтар мен этникалық бірлестіктер
- •11 Тақырып. Саяси идеология
- •12 Тақырып. Саяси мәдиниет және саяси әлеметтену
- •13 Тақырып. Саяси шиеленіс пен саяси процесс
- •14 Тақырып. Саяси процесс және саяси бейімделу
- •15 Тақырып. Әлемдік саясат
12 Тақырып. Саяси мәдиниет және саяси әлеметтену
Саяси қатынастардың, қүрылымдарының негізінде саяси мәдиниет жатады. Басқа саяси қурылымдар өзгереді. Оның себебі ол тарихи тәжірибенің жиынтығы, нәтижесі. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң әлеуметтік топтардың түрлі психикалық құрылымдарын зерттеу қарқынды дамыды. Саяси болмыстың жалпылай субъективтік моделдерін зерттеу жаңа тың бағыттың басталғанының дәлелі болды. Г.Алмонд, С.Верба, Л.Пай және т.б. ғалымдар саяси мәдиниетті арнайы зерттеу объектісіне айналдырып ғылыми айналысқа ендірді. Қазіргі кезде саяси мәдениетті түсіндірүдің үш бағытты бар 1. саяси мәдиниетті барлық рухани өмірмен теңестіру; 2. Саяси мәдениетті саясаттағы адамдардың қалыптасқан іс-әрекеттердің үлгісіне жатқызу; 3. Саяси мәдиниет адамдардың негізгі сенімдерінің, идеалдарының, қағидаларының және тағы да басқа негізгі ұстанымдарының саяси іс-әрекеттегі тәсілі мен стилі арқылы көрініУ деп тұжырымдалады. Сонымен, саяси мәдиниет дегеніміз адамдардың саясат әлемінің даму мақсаты мен мәнін және де оны қолдайтын мемлекет пен қоғам арақатынасының тұрақты нормалар мен дәстүрінің нақты елдгеі қалыптасқан іс-әрекеттерінің қоғамдық саладағы үлгісі. Бұл анықтамада негізгі рөль тұлғаның қундылықтық бағдарлауы екенін көрсетіп тұр. Құндылықтық бағдарлау адамның саяси іс-әрекетінің идеалды типі, ол іс-әрекеттің кодексі, ойлаудың коды. Саяси құндылықтар жеке тұлғаның саясат әлемін игерудегі нәтижесі бола тура қоғамдық талаппен міндетті түрде санасады. Сондықтан бұрынғы тәжірибе, дәстүр, әдет ғұрып, ритуалдар мен стереотиптер саяси мәдениеттің ішкі негізіне кіреді. «Жақсы» немесе «жаман» мәдениет болмайды. Әр елдің, халықтың өзінің өмір сүру тарихына сай ерекше мәдениеті қалыптасады. Дегенменде, осы ерекше мәдениеттерді ортақтастыратын гуманистік құндылықтар, бағыттар. Саяси мәдениет көпқырлы, көпқабатты өте күрДелі құрылым. Онда рационалды және иррационалды компоненттер орын алады. Егер де рационалды элементтер адамдардың мүддесі, дәрижесі, ролі негізінде мақсаттар қойып оған жету жолдарын анықтаса, иррационалды элемент адамдардың сыни емес ойлау архетиптеріне, оның сезімдік қасиеттеріне негізделеді. Саяси мәдениеттің қалыптасуына және өз қызметін атқаруына осы иррационалдық элементтің ықпалы зор. Оның басым болған жағдайында саяси мәдениетте иррационалды элементтердің мүлде болмауы керек елас деген ұғым тұдырмауы керек. Мәселе оның рационалды, ақылдық элементің аясында болуы. Иррационалды элементсіз саяси мәдениет өзінің адами қасиеттерінен айырылары да сөзсіз. Мәселе осы рационалды мен иррационалдықдың шегінде. Шектен шықпау. Саяси мәдениеттің құрылымының негізінде саяси жүйеге және оны құрайтын бөлшектеріне бағыт алу жатады. Саяси мәдениеттің дүниегекөзқарастық, азаматтық және саяси бағыттары болады. Адамдардың әлеуметтік, этникалық, демографиялық, территориалдық, конфессионалдық, ролдік және де басқа негізінде саяси мәдениет ерекшеленеді. Яғни өнер субмәдениеттерді құрастырады. Саяси мәдениет саяси процестердің өтеүіне, мемлекеттік биліктің динамикалық өзгерүіне, акторлардың сапасы мен жайына әсері мол. Саяси мәдениеттің саяси өмірдегі функциялары: идентификациялау, бағдарлау, бағдарламалау, беймделү, әллеуметтенү, интеграциялану, коммуникациялық. Саяси мәдениеттің типологиясы: парокиалдық, азаматтық(подданическая), партиципаторлық. Парокладықта саясатқа немкарайтын, саяси жүіені білмеу және одан еш нәрсе күтпестік; Азаматтықта-саясаттқа бағдарлық күшті болғанымененде азаматтардың саясатқа араласу белсенділігі төмен; партиципаторлықта азаматтардың саяси процеске белсенді араласуы жоғары. Соныменен қаптар саяси мәдениеттің типін басқа да негізде қарастыруға болады: нарықтық немесе этатистік (мемлекеттің ролі жоғары), дәстүрлік, модернисті және постмодернистік. Тағы да бір көзқарасқа – ол Шығыстық және Батыстық саяси мәдениеттің негізінде гуманизм күндылықтары, адам еркіндігі, пікірлер плюрализмі, жеке адамның автономдылығы, мемлекеттің адамның тіршілігіне қол сұқпауы және т.б. Шығыс саяси мәдениетіне ұжымдылық, мемлекеттің рөлі жоғарлығы, дини доктриналардың жатпай басымдылығы. Саяси әлеуметтену. Алғашқы және қайтадан әлеуметтену. Кері қарай әлеуметтену (ресоциализация).
