Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+ 4 Vestnik FMO 2012 №3-4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Использованная литература

  1. Омаров Е. Краткая история казахской цивилизации. – Алматы: Арда, 2005. – 240 с.

  2. Стеблева И.В. Древняя тюркоязычная литература. http://geb_web.ru/geb/ivl/vlz/v lz-1962.htm

  3. Жолдасбеков М. Камни заговорили. – Семей.: Международный клуб Абая, 2003. – 216 с.

  4. Красных В.В. Этнопсихолингвистика и лингвокультурология: Курс лекций. – М.: Гнозис, 2002. – 284 с.

  5. Шаймердинова Н.Г. Репрезентации в языке древнетюркской картины мира. Учебное пособие. – Астана, 2009. – 252 с.

  6. Садри Максуди Арсал. Тюркская история и право. http://xacitarxan.narod.ru/sma/p24.htm

  7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Государство и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. – СПб.: Санкт-Петербургское востоковедение, 2004. – 368 с.

  8. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. - М.-Л., 1950-1953. - Т. 1. – 407 с.

  9. Савинов Д.Г. Древнетюркские племена в зеркале археологии // Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи древней Евразии. – СПб., 2005. – 346 с.

Түйін

Мақалада көне түрктердің этномәдени константтарының бірі - инициация салтына талдау жасалады, сондай-ақ когнитивтік тәсілдеме ресурстарының құралдары арқылы константасына қатысты ер адамның әлеуметтік дәрежесі мен әлеуметтік жас ұғымы айқындалады.

Кілт сөздер: көне түрктер, этномәдени константа, инициация салты, әлеуметтік дәрежесі, әлеуметтік жас.

Abstract

The analysis of one of ethnocultural constants of ancient Turkic people – an initiation rite is offered in this article, and also the concepts of social age and social status of man related to the constant revealed by means of resources of a cognitive approach.

Keywords: ancient Turkic people, ethnocultural constants, initiation rite, social age, social status.

Н. Жартын

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Түркітану кафедрасының 1 курс магистранті

Көне руникалық жазулар және оның авторы

Түйін: Бұл мақалада көне руникалық жазулар, соның ішінде Cолтүстік Монғолиядағы Орхон ескерткіштері, Ұйғыр қағанаты ескерткіштері жайлы және оның табылған жері, зерттеушілері мен оның авторлары туралы айтылады.

Кілтті сөздер: Руника, Солтүстік Монғолия, қағанат, альтернатив, аристократия, эпитафия, фольклор, қаһарман.

Әр халықтың рухани мәдениеті тарихи ескерткіштері болып табылады. Жазба мәдениеті ескеткіштердің ең құнды деректері. Бұл ескерткіштер сол замандағы қоғамдағы әлеуметті, тарихты, мәдениетті, халықтың салт-дәстүрін айқындайды, доп көрсетеді. Сонымен қатар бұл ескетркіштерден бізге тарихи ұмытылып қалған, бізге жетпеген ұлы тұлғалар мен олар туралы аңыздарды, мәдени мұраларды таба аламыз.

Монғолиядағы, Оңтүстік Сібірдегі және Шығыс Түркістандағы ескерткіштер көне заманғы ең маңызды ескерткіштер болып саналады.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында белгілі шығыстанушылар В.В.Бартольд және И.Марквард түркі ескерткіштеріндегі тарихи деректерді тұңғыш рет зерттеп, ондағы сақталған тарихи мұраларды баршаға жария етті. Зерттеу барысында ғалымдар бұл ескерткіштердің түркі заманының тарихы және олардың құрған мемлекеті туралы маңызды дерек көз екендігін дәлелдеді [1]. Тарихи деректерге бай эпиграфиялық мәтіндердің үш түрі белгілі болды. Бұлар ең алдымен Солтүстік Монғолиядағы (орхон ескерткіштерінен), содан әрі ХХ ғасырда көп зерттеле қоймаған ұйғыр дәуірінің ескерткіштері және белгілі бір жүйеге келген көне қырғыздардың енисей ескерткіштері еді. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары басталған зерттеулер көне ескерткіштер жанрындағы дискуссияны руникалық ескерткіштерден тарихи дерек көздер ретінде жақсы қарастыра алмады. Сонымен қатар ескі түрік ескерткіштерінің жаңа ашылымдары Совет-Монғол жазығы зерттеулеріндегі экспидицияның (1969-1990ж.ж.) еңбектері күтпеген жаңалықтары алып келді. Ол көне түркі халықтарының жазба түріндегі тарихи ескерткіштердің ерекшеліктері еді. Бұл жолда енисей жазбаларына байланысты аз еңбек жасалған жоқ. ХХғ. 60 жылдары көне түркі жазбаларын меңгеруде ғалымдар үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар кейінге қалған шешімін таппай келе жатқан қиын аспектілер тарихи-мәдени ескерткіштерді бағалауда сенсациялық қорытындыларға әкелді. Сондағы ашылмай қалған жұмбақтардың ашылымдарының бір неше түрлеріне тоқталып өтсек.

Түркі қағанаты 551 жылы Монғолия территориясында пайда болды. Ол 80 жыл бойы билік еткен бірінші еуразиялық империя болды. Таң империясының ірі экспанциясына байланысты 630 жылы бұл қағанат құлады. Бірақ елу жылдан кейін қайта жаңғырып, тағы да елу жыл бойы өз үстемдігін жүргізді. Бүгінгі күнге жеткен ескерткіштердің бәрі сол ҮІІІ ғ. 20-30ж.ж. екінші кезеңдегі қағанаттың мұралары болып табылады. Бұл табылған фактілерге қарап, бірінші қағанаттың жазу-сызу мәдениеті болмаған деген шешімге келе аламыз ба? Иа, мұндай да тұжырымдар жасалған. Түркі археологиясының білгірі Л.Р.Қызыласовтың 1965 жылғы еңбегін ескере кетсек: «Көлденең жазулы қалпына келтірулер Бірінші Түрік қағанатының алтайлық тугю-түркілердің және басқа тайпалардың ешқайсысында кездеспейді» [2]. Және сол кезде басқа альтернативті дәлелдер болмаған. Ал үш жылдан кейін соғды жазуымен жазылған стела табылды. Ол төртінші түрік қағанын Таспардың дәуіріне жататын Бұғыт ескерткіші болды [3]. Ол өзінің тұлғасы бойынша жүз елу жылдан кейінгі ескерткішке жатады. Бұғыт ескерткіші 582 жылы тұрғызылған.

Енді бірінші Қағанаттың ескерткіштерді тұрғыза білгендігі, күнтізбені білгендігі, өзінің тарихи салт-дәстүрін білгендігі дәлелденіп отыр. Сонымен қатар соғды тілінің бұл ескерткіште қолданғандығы Орта Азиядағы түркілердің жазу-сызудағы өте сауатты және мәдениетті екендігінің тағы да бір дәлелі.

Келесі тарихи-мәдени мәселе түркі руникалық жазуының ареалдарының таралуымен тығыз байланысты. Зертталген барлық дерлік ескерткіштер Солтүстік Монғолиядан табылып отырған және де қағандық кешенді ескерткіштердің құрамды бөлшегі болып отырған. Осыған қарап Түрік қағанатының жазба мәдениеті аристократиялық топтың жетістігі, ал оның таралу территориясы өте шектеулі болған деуге болады.

70-80 жылдардағы Монғолия жазық жұмыстары барысында Хангай тау елдеріне, Хэнтэ, Монғол және Алтайда мәселенің шешімін табу үшін зерттеу жұмыстары жүрілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде руникалық жазудың түркі тайпаларының мекендеген жерлерінде кеңінен қолданылып, жайылғандығы анықталды. Ал ескерткіштердегі кішкентай әріптердің қолданылуы сол кезеңдегі адамдардың профессионалдық деңгейінің төмендігі мен оны күнделікті өмірде қолданатын адамдардың белгілі бір санына байланысты. Ерте ортағасырлық Еуропамен салыстырғанда Түркі қағанатын ең сауатты, ең мәдениетті ел деп тани аламыз.

Енді Ұйғыр қағанатының ескерткіштеріне тоқталсақ. ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін Қарабалғасұндық жазба және Могон-Шие-Усу жазулары ғана белгілі болды. СМИКЭ зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әр деңгейдегі тағы үш ірі ескерткіштерді тапты [4].

Екі ескеркіш Ханган таулы еліндегі өзендердің жағасында 753 және 762 ж.ж. жататын Терхиндік және Тэсиндік тарихи ескерткіштердің бөлімдері табылды. Бұл мәтіндерге көз салсақ, мазмұны жағынан ұқсас сегізінші ғасырдағы ұйғыр қағандарының Монғолия мен Туваға шабуылы және олардың өздерін көне жауларының мұрагерлері мен жалғастырушылары екендігін, ұйғыр-оғыз тайпаларының евразия даласының бұған дейінгі билеушілері екенін дәлелдеді. Және екі ұйғыр мемлекетінің билеушілері (осы жазулар арналған) Этелмиш Білге мен Бегю ұрпақтарына өз әрекеттерін тас декларацияларда қалдырған. Ұйғыр жазба ескерткіштері Эльдердің бірнеше дәуірлердегі құрылуы мен таралуының тарыхының екі жүз жылдық тарихын қалдырған. Бұл ескерткіштердегі бастапқы сөздерде елді құрушы, негізін қалаушы қағандардың өмірі жайлы әр түрлі мифтар мен аңыздар жазылған. Баяндалу уақыты ҮІ ғ. түріктер мен оғыздардың ортақ қағаны Бумынның әрекеттерімен жалғасып, ал оқиға кеңістігі барлық еуразия даласын алады.

Түркілердің алғашқы жазулары тастық эпитафиялық мәтіндер болды. Олардың авторларының ең басты мәселесі ол – заманының билеушілерінің саяси әлеуметтік жүргізген істері мен жорықтарын, олардың өмірінің парақтарын жазу, философиялық ойларын дәріптеу, олардың тыңдармандарын өзінің шындығымен баурап алу болды.

Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мәлімдемелер өмірден өткен қаһарманның атынан немесе анонимді түрде берілетін болған. Осы аталған екі түрде де қаһарман оның тууы мен жазылуына ешқандай өзінің авторлық әрекетін көрсетпейді.

Бірақ үш әрекеттің көбісі фольклорлық дәстүрдің ортақ авторларға тән емес екендігін көрсетеді. Мәселен, Тоныкөктің ескерткіші, екі Кошо-Цайдамдық ескертіштер және Кули-чордың құрметіне арналған ескерткіштер осыған дәлел.

Ұзындығы 160-170 см-ді құрайтын, 62 жолдан тұратын Тоныкөк жазуы

Бас қаһарменның өз атынан жазылған. Бірақ 58-жолында бұл жазбалар тікелей Тоныкөктің бұйрығы бойынша жазылғандығы мәлімденеді: «Мен ақылды Тоныкөк Білге қағанның елі үшін осы жазбаны жазуға бұйрық бердім» - дейді. Жазылу стилі қарапайым емес, нағыз мақал-мәтелдер мен асыл сөздердің жиынтығы.

Баяндаудың басым көпшілігі ескертіштерде Білге қағанның атынан айтылады. Бірақ Күлтегіннің үш реткі жазылымында басқа бір жазылымның авторының бар екендігін аңғара аламыз: «Мен Йоллығ-тегін осы тастқа жазуларды 20 күн отырып жаздым. Бұның бәрін мен Йоллығ-тегін жаздым» (Күл-тегіннің құрметіне) делінген. «Білге қағанға арналған бұл жазуды мен Йоллығ-тегін жаздым. Мен түріктің Білге қағанының ұрпағымын. Мен Йоллығ-тегін бір ай, төрт күннің ішінде тасқа жазуды жазып, оны әшекейледім» (Білге қағанның құрметіне) дейді.

Қаған тумыларының мүшесі Йоллығ-тегін өзінің мәлімдеуі бойынша көптегенжазбалардың авторы болып табылады. Ол бізге түік тілінде жазған бірінші жазушы ретінде мәлім болып отыр. Ол барлық болып жатқан өмірді, саяси өмірді жырлады.

Бұл жазулар көне түрік ескерткіштерінің жазуларының баға жетпес мұрасы болып табылады.