- •Қаржы-экономикалық факультет Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Осөж тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж материалдары Рефераттар тақырыбы
- •Баяндамалар тақырыбы
- •Глоссарий
- •Дәріс кешені
- •1. Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері.
- •2. Бизнес – жоспардың негізгі принциптері.
- •3. Бизнес – жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері.
- •3 Тақырып Бизнес-жоспарлаудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
- •1. Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер.
- •Өткен жағдайды талдау: әдістемесі мен тәсілдері.
- •3.Бәсекелестік күрестегі позициялар
- •4 Тақырып Бизнес-жоспар бизнес-жоспарлаудың тәжірибелік құралы ретінде
- •1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны.
- •2. Бизнес – жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері.
- •2) Қаржылық талдау.
- •2. Өнімнің өмір сүру циклы.
- •3. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері.
- •5. Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау.
- •1.Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың
- •Техникалық талдау
- •1.2 Қаржылық талдау
- •1.3 Экономикалық талдау
- •1.5 Институционалдық талдау
- •1.6 Тәуекелді талдау
- •A. Қаржыландыру және төлемдер кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Дәріс кешені
1 тақырып. Курстың пәні, мәселелері мен мазмұны.
1.Осы пәннің басқа экономикалық пәндермен ара байланыстылығы. Бизнес-жоспарлаудың мәні мен ролі.
2.Стратегиялық және бизнес-жоспарлау: жалпы ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
3.Бизнес-жоспарлау аппаратының категориялық түсініктемесі.
Негізгі сөздер: Бизнес-жоспар, стартегиялық жоспар
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экон. мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.
Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
2 тақырып. Бизнес жоспарлаудың мәні мен мазмұны.
1. Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері
2. Бизнес – жоспардың негізгі принциптері
3. Бизнес – жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері
Негізгі сөздер:Бизнес-жоспарлаудың мақсаттары мен мәселелері. Ашық жүйе туралы түсініктер. Фирманың ішкі талаптарын табудағы қаржылық тұрақтылық пен қаржылық өсу. Қолда бар және қажетті ресурстарды бағалау әдістері. Жоспарлаудағы бағдарлама-талапты әдіс. Қойылған мақсаттарға жетудегі ішкі координация және бақылау. Жоспарлаудың негізгі принциптері. Бизнес-жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері.
Стратегиялық жоспарлаудың қазіргі жағдайдағы орны, оның ерекшеліктері.
