- •Қаржы-экономикалық факультет Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасы
- •Лекциялардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
- •Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқаулары
- •Осөж сабақтарының күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Осөж тапсырмаларын орындаудың әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары
- •Сөж материалдары Рефераттар тақырыбы
- •Баяндамалар тақырыбы
- •Глоссарий
- •Дәріс кешені
- •1. Бизнес – жоспарды құрастырудың мақсаттары мен міндеттері.
- •2. Бизнес – жоспардың негізгі принциптері.
- •3. Бизнес – жоспарлау жүйе ретінде: оның элементтері мен қызметтері.
- •3 Тақырып Бизнес-жоспарлаудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
- •1. Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер.
- •Өткен жағдайды талдау: әдістемесі мен тәсілдері.
- •3.Бәсекелестік күрестегі позициялар
- •4 Тақырып Бизнес-жоспар бизнес-жоспарлаудың тәжірибелік құралы ретінде
- •1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны.
- •2. Бизнес – жоспарды дайындаудағы қойылатын негізгі талаптар.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың ара байланыстылығы және шығатын параметрлері.
- •2) Қаржылық талдау.
- •2. Өнімнің өмір сүру циклы.
- •3. Зерттеудегі өнімнің сұранысы мен ұсынысын болжау әдістері.
- •5. Фирманың бәсекелестігі: табу әдістері, ақпаратты өңдеу, тұжырым жасау.
- •1.Толық өзіндік кұн және шығаруға шығындар: құрылымы мен өзгеруі динамикада.
- •1. Маркетингтік зерттеудегі базалық көрсеткіштер, олардың
- •Техникалық талдау
- •1.2 Қаржылық талдау
- •1.3 Экономикалық талдау
- •1.5 Институционалдық талдау
- •1.6 Тәуекелді талдау
- •A. Қаржыландыру және төлемдер кестесі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Емтихан сұрақтары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
3 Тақырып Бизнес-жоспарлаудың әдістемесі мен ұйымдастырылуы
1. Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер
2. Фирманың сыртқы болашағын талдау
3. Бәсекелес – күрестегі орын
4. Тәртіп стратегиясын таңдау және диверсификация жолдарын талдау
5. Бизнес – жоспарлау үрдісінің мазмұны
6. Бизнес – жоспарлауды ұйымдастыру: жоспарлы персонал, жоспарлау механизмі, жоспарлы шешімдерді дәлелдеу және қабылдау үрдісі. Жоспарлау процесін қамтамасыз ететін құралдар
7. Жоспарлаудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері
Негізгі сөздер:Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер. Қорытындылырды тұжырымдау. Фирманың сыртқы перспективоларын талдау. Тенденциялар және сапалы секірістер. Бәсекелес жарыстағы позициялары.
Стратегия таңдау және диверсификация жолдарын талдау
Бизнес-жоспарлау процесінің мазмұны.
Фирманың миссиясы түсінігі. Негізгі анықтамалары. Шешімдер қабылдау ережелері, ішкі фирмалық саясат.
Фирманың жалпы мақсаттарын тұжырымдау және бизнес-жоспарлаудағы көрсеткіштер жүйесі.
Нарықтағы фирманың іс-әрекетінің жалпы стратегиясын дайындау.
Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру жоспарлы персонал, жоспарлау механизмі, негіздеу процессі және жоспарлы шешімдер қабылдау, жоспарлау прцесін қамтамасыз ету. Жоспарлаудың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістері.
1. Өткен тенденцияларды талдау: әдістер мен тәсілдер.
Болжамдау әдістерінің негізгі топтары:
1) экономикалық – математикалық модельдеу әдістері (экстрополяциялау);
2) нормативтік әдістемелер;
3) сарапшының бағалау әдістемесі.
Қарапайым экстрополяциялау әдістемесі тауарлардың сұранысына болашақта өткен жағдайдың көшірілуі болып табылады.
Бұл әдістеме оңай және тез қол жетерліктей, бірақ та оны пайдалану тиімді болады, егерде уақыт кезеңнің ішінде өзгерістер болмайды деп есептесеңіздер қысқа мерзімде есептеу керек. Экономикалық – матеметикалық әдістемелер корреляциондық және регрессиондық талдауды, пайдалануды негізделеді.Мұнда белгілі бір шаманың орташа деңгейінің басқа көрсеркішпен байланыстың тығыздылығы анықталады.Тауарларды болжамдау тәжірибесінде трендтік және регрессиондық модельдер пайдаланылады. Трендтік модельдер тұрақты заңдылықпен тауарлардың сұранысының болжамдауда анықталынады.
Регрессиондық модельдер (факторлық модельдер) мұнда бір көрсеткіштің екінші көрсеткіштермен немесе оның тобымен сандық байланысты көрсетеді. Бұл әдісте айнымалы шама болып факторлар алынады. Модельдерді құрастырудың математикалық негізін ықтималдылық теориясы, математикалық статистика және жоғарғы математиканың негізгі ережелерін құрайды.
Өткен жағдайды талдау: әдістемесі мен тәсілдері.
Нарық жағдайында тек кешенді талдау, барлық факторлардың өзара байланысының есебі, әр бір кәсіпорынның қазіргі жағдайда нарықта ойдағыдай жұмыс істеп, аналитикалық және математикалық ақпараттарға иелік етуге, жағдайларды талдауға және болжауға әсер ететін мүмкіндігі болады.
Бұл шарттарда ескі, дәстүрлі әдістердің нарық жағдайында ақпараттың аздығынан тиімділігі аз болуы мүмкін, соған байланысты кәсіпорынның қызметі қазіргі заманға сай болуы жағдайларды талдау мен болжаудың дәстүрлі жаңа тәсілдеріне бейімделуі қажет, яғни, нақты уақытта таралушылығы кең, сараптау әдістері мен жүйелік бағалау тәсілдері үлкен орын алады.
Сұранысты болжау әр түрлі тәсілдерде іске асады, оның негізгі үш тобын бөліп көсетуге болады: экономиканы математикалық модельдеу (экстрополяция тәсілі), нормативтік тәсіл, сараптық бағалау тәсілі.
1. Қарапайым (формальды) экстрополяция тәсілі – тауар сұранысының құрылымына байланысты өткен кезеңнің тенденцияларын болашақта көшірілуі болып табылады.
Нарық динамикасы жайлы ақпарат экстрополяция тәсілінде бірнеше нысанда ұсынылады. Олар – графикалық, статистикалық, математикалық, логикалық. Экстрополяция әдісінде нарықты зерттеушілерден ұшқарылық сақтықты талап етеді. Нарық тенденцияларын аз зерделеу – жаңа жағдай мен факторларды есепке алу қажет, өйткені өткен уақытта сипатталған тенденциялар, болашақта пайда болуы немесе тіпті қайталанбауы да әбден мүмкін. Бір жола өзінің көкейтестілігін (актуальность) жоғалтқан және белгілі бір нарықтың дамуына әсер етпейтін факторлар және жағдайлар есебінен бас тарту керек.
Экстрополяция әдісі оңай және тез қол жетерліктей, бірақ уақыт кезеңінің ішінде өзгерістер болмай, яғни қысқа мерзімді есептеу болса - бұл әдісті пайдалану тиімді болады.
Экономикалық-математикалық әдіс коррелияциондық және регриссиондық талдауларды пайдалануда негізделеді. Белгілі бір шаманың орташа деңгейі басқа көрсеткіштер байланысының тығыздығынан анықталады.
Біздің жағдайымызда – бұл ең негізгі факторлардың сұраныстың дамуына тәуелділігін белгілеу, тәжірибеде тауарлық-топтық сұранысының құрылымын болжау әдетте, мынадай модельдер қолданылады. Олар: тренділік және регриссиондық модельдер.
Тренділік модел сұранысты болжау және оның дамуына нысандандырылған орнықты процестерді теңестіруді ұсынады. Олар тұрақты ірі ішкі саладағы заңдылықтарды болжауда пайдаланылады. Тренділік моделдің негізгі параметрі – уақыт болып табылады.
Регрессиондық (факторлық) модель – бір көрсеткіштің басқа топтар көрсеткіштерінің қатынасының мөлшерін көрсетеді. Бұл әдісте өзгермелі фактор ретінде, сұранысты анықтайтын динамика көрсетіледі.
Ықтималдылық теориясы негізгі математикалық модельдерін қалыптастыруда маңызды орын алады. Мұндай модельдердің қалыптасу процесі бірнеше тізбектелінген кезеңдерден тұрады:
Біріншіден, бұл кезеңде халық сұранысының тауарлық құрылымын дамытуда ең маңыздысы факторларды іріктеу болып табылады. Олар зерттеліп отырған құбылыстың, объективті процестерін көрсету керек, сонымен қатар, мөлшері өлшенген және бір-бірінен тәуелсіз болуы керек.
Екінші кезеңде ағымдағы уақытта факторлар мен сұраныс және әсер ету күші мен тығыздық арасындағы қатынасты білдіреді. Ол коррелияция коэффициенті мен келісім критериймен анықталады.
Үшінші кезеңде математикалық нысан қатынастары немесе сұраныстың факторлардан тәуелділігінің түрі анықталып, сұраныстың нақты даму процесі сипатталатын функциялары іріктеліп алынады.
Төртінші кезең параметрлер есебін теңестіру болып табылады.
Бесінші кезең ретроспективті есепке қарай отырып, болжау моделінің бағалығын бағалау.
Экономикалық-математикалық әдістерді қысқа мерзімді болжауда қолданған тиімді болып келеді. Біздің объективті экономикамызда мөлшерлі және тұрақты болжауға әсер ететін факторларды анықтау өте қиын. Сондықтан көбінесе қысқа мерзімге болжау жасалынады.
Экономикалық-математикалық модельдеу экономикалық болжаудың негізі болып табылады. Ол нарықтың жеке элементтері мен факторлар арасындағы сипатының байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы - математикалық модельде нақты жағдайлар қалай дами алатындығын бақылауға болады.
Математикалық тәсіл мөлшерлі құбылыс және қарым-қатынасты табуға мүмкіндік береді. Ол тек экономикалық талдаудың жалғасы, соңғы қорытындысы, ағымдағы кезеңдегі факторлар және құбылыс тұрақтылығының дәрежесін таңдауға байланысты болып келеді.
2. Нормативтык әдіс тұтынылатын материалдық игіліктердің ұсынылатын көрсеткіштерінің деңгейін қолдануға және тұтас елде сұраныстың құрылымын орта және ұзақ мерзімге болжауда негізгі құрал болып табылады.
Осы берілген әдіс арқылы мерзім ішінде оңтайлы тұтыну мөлшерінің немесе өндіріс пен тұтынуды өсу қарқынын белгілі бір мерзім ішінде нормативтік көрсеткіштерінің жетістікке жетуі жатады.
Әдетте есептеулер паралельді жүргізіледі. Біріншісі, орташа мерзімді болжауға елеулі ықпал етсе, ал, екіншісі ұзақ мерзімді болжауларға мақсатты нұсқама болады.
Ең қиыны осы нормативтік көрсеткіштерді талдамалауда болып табылады.
3. Сараптық бағалау әдісін қолданғанда сауда мамандарының пікірін анықтау басты міндет болып табылады. Осы әдіс арқылы халық тұтынатын тауарларға деген сұраныстың даму тенденциясы, есептеу көлемі анықталады. Сонымен қатар, сараптау әдісі арқылы сұраныстың келешекте даму жағдайын коммерциялық жұмысшыларға аса ыңғайлы нысанда ақпарат алуға мүмкіндік береді.
