Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЗА методичка каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
588 Кб
Скачать
☆

Курстық жұмыстың тапсырмалары

Курстық жұмыста шығарылатын негізгі реле қорғаныс сұрақтары қаралады. Бірақта бір бөлімінде студент автоматикалық қайта қосу (АПВ) және автоматикалық резервті қосу (АВР) сияқты автоматиканың есептік схемасын таңдап және оны дәлелдеу қажет.

Курстық жұмыс екі схема негізіндегі алты тапсырма бойынша шығарылады. Екінші схема есептік схемада пунктирмен көрсетілген 110кВ желінің қосылуымен қиындайды. Әрбір тапсырмада көптеген нұсқалар бар, оларға бірнеше жүйенің жұмыс режимдері берілген.

Курстық жұмысқа колмен жазылған 20-25 бет және А1 форматты бетте орындалатын сызу кіреді.

Қолмен 210*297 форматты қағазда жазылады. Түсіндірме жазудың алдында мұқабасы, одан кейін мазмұны, соңында қолданылған әдебиеттер жазылады.

Жазуды ұқыпты және шығару жолдарын көрсетіп түсінікті жазу керек.

Графикалық сызба жұмысты қарандашпен орындалады. МЕСТ бойынша сызу керек.

Курстық жұмыста тапсырмаға байланысты келесі сұрақтар қаралады.

№1 СХЕМА БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1 - тапсырма

1. Максималды және минималды режимдерде С1 және С2 жүйелерінен қоректендірілетін 110 кВ ЭБЖ К1-К4 нүктелеріндегі бір фазалық және екі фазалық жерге қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

2. К1-К7 нүктелердегі фазааралық қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

3. Екі жақтан қоректендірілетін 110 кВ ЭБЖ-нің (1-6) қорғанысын таңдау және есептеу.

4. А трансформаторлы қосалқы станциясы – 110 кВ ЭБЖ блогының қорғанысын таңдау және есептеу.

5. 110 кВ ЭБЖ қорғаныстарының селективті картасын құру.

6. Релелік қорғанысты қоректендіретін тоқ трансформаторларының қателігін тексеру (оқытушының тапсырмасы бойынша).

2 - тапсырма

1. С1 және С2 жүйелерінен қоректендірілетін 110 кВ ЭБЖ К1-К4 нүктелердегі бір фазалық және екі фазалық қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

2. К1-К7 нүктелердегі фазааралық қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

3. Екі жақтан қоректендірілетін 110 кВ ЭБЖ-нің (1-6) қорғанысын таңдау және есептеу.

4. Б қосалқы станция трансформаторының дифференциалды қорғанысын есептеу.

5. 110 кВ ЭБЖ-нің қорғаныс аймағын және селективті картасын құру.

6. Релелік қорғанысты қоректендіретін тоқ трансформаторларының қателігін тексеру (оқытушының тапсырмасы бойынша).

3 - тапсырма

1. С1 және С2 жүйелерден қоректенетін 110 кВ ЭБЖ К1-К4 нүктелердегі бір фазалық және екі фазалық жерге қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

2. К1-К7 нүктелердегі фазалар арасындағы қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

3. Екі жақтан қоректендірілетін 110 кВ ЭБЖ-нің нөлдік тізбектелмелі (1-6) қорғанысын таңдау және есептеу.

4. А қосалқы станциясының қорғаныстарын таңдау және есептеу.

5. А қосалқы станциясының қорғаныстарының селективті картасын құру.

6. Релелік қорғанысты қоректендіретін тоқ трансформаторларының қателегін тексеру (оқытушының тапсырмасы бойынша).

№2 СХЕМА БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

1 - тапсырма

1. Максималды және минималды режимдерде А станциясынан және С2 жүйесінен қоректенетін К1-К5 нүктелеріндегі бір фазалық және екі фазалық жерге қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

2. Минималды және максималды режимдерде К1-К5, К7-К13 нүктелердегі фазалар арасындағы қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

3. Екі жақтан қоректенетін 110 кВ ЭБЖ-нің (1-4) қорғаныстарын таңдау және есептеу.

4. Б қосалқы станциясының қорғаныстарын таңдау және есептеу.

5. Б қосалқы станцияның тоқ қорғаныстарының селективті картасын құру.

6. 110 кВ қорғаныстардың селективті картасын құру және уақыт ұстамдылығынсыз нөлдік реттілік тізбек отсечканың қорғау аймағының графигін құру.

7. Релелік қорғанысты қоректендіретін тоқ трансформаторларының қателігін тексеру (оқытушының тапсырмасы бойынша).

2 - тапсырма

1. Максималды және минималды режимдерде А станциясынан және С1 жүйесінен қоректенетін К1-К5 нүктелердегі бір фазалық және екі фазалық жерге қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

2. К1-К8, К14, К15 нүктелердегі фазалар арасындағы қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

3. Екі жақтан қоректенетін 110 кВ ЭБЖ-нің (1-4) қорғаныстарын таңдау және есептеу.

4. 110 кВ ЭБЖ-нің қорғанысын (5) есептеу және таңдау.

5. Г қосалқы станцияның және секциялайтын аппарат қорғаныстарының (6-12) есебі.

6. (13,9, 8, 7, 6) қорғаныстарының селективті картасын құру.

7. Релелік қорғанысты қоректендіретін тоқ трансформаторларының қателігін тексеру (оқытушының тапсырмасы бойынша).

3 - тапсырма

1. Максималды және минималды режимдерде А қосалқы станциядан және С1 жүйесінен қоректенетін К1-К5 нүктелердегі бір фазалық және екі фазалық жерге қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

2. Минималды және максималды режимдерде К1-К5, К7-К13 нүктелердегі фазалардың арасындағы қысқа тұйықталу тоқтарының есебі.

3. Екі жақтан қоректенетін 110 кВ ЭБЖ-нің қорғаныстарын (1-4) таңдау және есептеу.

4. Екі жақтан қоректенетін 35 кВ ЭБЖ-нің қорғаныстарын (18-23) таңдау және есептеу.

5. Уақыт ұстамдылығынсыз нөлдік реттілік тізбегінің 110 кВ ЭБЖ отсечканың қорғау аймағының графигін құру.

6. Релелік қорғанысты қоректендіретін тоқ трансформаторларының қателегін тексеру (оқытушының тапсырмасы бойынша).

Курстық жұмыстың графикалық бөлімін жасау тапсырмасын оқытушы әр студентке жеке береді.

Өте жақсы дайындалған студенттерге ғылыми-зерттеу сипатындағы таңдаулы тақырыптар берілуі мүмкін, мысалы: байланысы жоқ элементтерде жасалынатын автоматика немесе релелік қорғаныс қондырғысын зерттеу және өндеу; 10-110 кВ үлестіру желілердің автоматика және қорғаныс қондырғыларының жұмыс істеу сенімділік сұрақтарын зерттеуі.

10-110 кВ ҮЛЕСТІРУ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ РЕЛЕЛІК ҚОРҒАНЫСТАРЫН ЕСЕПТЕУ