- •Мазмұны
- •Курстық жұмыстың тапсырмалары
- •10 КВ желілерді қорғау
- •1 Максималды тоқ қорғанысының іске қосу уставкасын таңдау
- •2 Қосалқы станцияның шиналарындағы қорғаныстардың іске қосу уставкаларын таңдау
- •3 Трансформаторлардың жоғары кернеу кірісінде орнатылған мтқ-нің іске қосу уставкаларын таңдау
- •4 35 КВ желіслерінің қорғаныстары
- •5 35 КВ эбж-нің дистанциялық қорғаныс уставкаларын таңдау
- •6 Трансформатордың дифференциалдық қорғанысының іске қосу уставкаларын таңдау
- •Реттелетін автотрансформатордағы дистанциялықты органның бірінші сатысына (пз-153 қорғанысы) арналған уставкасы былай анықталады:
- •Бойлық дифференциалдық қорғаныстардың сезгіштігін жоғарылату үшін арналған тесіп өту тоғымен тежеу принципі кең қолданылады (айналып жүрушімен) [3].
- •7 110 КВ эбж-нің релелік қорғанысы
- •Әдебиеттер тізімі
2 Қосалқы станцияның шиналарындағы қорғаныстардың іске қосу уставкаларын таңдау
Төмендеткіш 35/10 және 110/35/10 кВ қосалқы станциялардың кіріс ажыратқыштарын және 10 және 35 кВ шина секциялық ажыратқыштарын максималды тоқ қорғаныстар немесе максималды тоқ қорғаныстары мен тоқ отсечкалары орналастырылды.
Уақыт ұстамдылығынсыз тоқ отсечкаларын қолдану бұл оқиғалардағы мақсатқа лайықты емес, өйткені қорғаныс әрекеттері сеелективті емес болуы мүмкін.
2.1 Секциялық ажыратқышқа (СА) әрекет ететін МТҚ-ның іске қосу тоғы келесі шарттармен анықталады:
а) 0,7 трансформатордың номиналды тоғына тең жұмысшы тогынан тұрғызылады:
б) желі қорғаныстарының сезгіштігімен сәйкес келуі:
мұндағы Кн.с. – қорғаныстардың келісу сенімділік коэффициенті, қолданылатын реле түріне байланысты деп таңдалады (қосымшаны қара);
Iс.з.макс – желілердегі қорғаныстарының іске қосу тоқтарының ең үлкен мәні;
Iр.ост – қалған желілердің жиынтық жұмысшы тоғы.
Нормаланатын сезгіштікті қамтамасыз етуі шарты бойынша осы екі шарттардын үлкен есептік мағынасы қабылданады.
2.2 Кірісінде орнатылған қорғаныстың іске қосу тоғы секциялық сөндіргіштің іске қосу тоғына тең деп қабылданады, өйткені 10 кВ тарату желілерінің қорғаныстары және секциялық сөндіргіштерінде қорғаныс арасындағы селективтілікті қамтамасыз еткенде секциялық сөндіргіштегі және кіріс сөндіргішінің қорғаныстар арасындағы тек қана қосалқы станцияның шиналарында қысқа түйықталу болған кезде ғана селективті емес әрекеті болуы мүмкін. Бүл өте сирек зақым келтіру, оны трансформатор қатардан шыққанан кейін көріну мүмкіншілігін елемеуге болады.
Бір трансформаторды жөндеуге шығарған жағдайда секциялық сөндіргішке әрекет ететін қорғанысты әрекеттен шығаруға ұсынылады:
Iс.з.(ввода) = Iс.з. (СВ).
Көрсетілген қорғаныстардың сәйкес келуі уақыт ұстамдылығы бойынша жүргізіледі.
3 Трансформаторлардың жоғары кернеу кірісінде орнатылған мтқ-нің іске қосу уставкаларын таңдау
Екі трансформаторлы қосалқы станция қорғаныстарының іске қосу тоқтарын таңдағанда, келесі шарттар есепке алынады:
а) секциялық сөндіргіш қосылған жағдайында трансформаторлардың жұмыс тоқтарынан тұрғызылуы:
Iс.з. Кн . (Ксзп + 0,7Iтр.(1) + 0,7Iтр.н.(2));
б) алдындағы қорғаныспен сәйкес келуі (төменгі жақ кірісінің қорғанысымен):
Iс.з. Кнс. . (Iс.з.(ввода) + 0,7Iтр.н.).
Бір трансформаторлы қосалқы станциялар үшін бұл шарттар осылай анықталады :
а)
б)
4 35 КВ желіслерінің қорғаныстары
35 кВ желілерді көп фазалық қысқа тұйықталудан уақыт ұстамдылығымен жєне уақыт ұстамдылығынсыз отсечкалар және максималды тоқ қорғаныстары қолданылады.
Қорғаныстар екі сатылылық болып жасалынады: бірінші саты – тоқ отсечкасы, екінші – максималды тоқ қорғанысы.
4.1 Уақыт ұстамдылығынсыз тоқ отсечкаларының уставкаларын тањдау.
Бір жақтан қоректенетін отпайкасыз жеке желілерде отсечканың іске қосу тоғы тұйық қосалқы станцияның трансформаторларының ар жағында үш фазалық қысқа тұйықталу болған жағдайда іске қосылмау шарты бойынша таңдалады:
мұндағы Iк(3) – есептік режиміндегі үш фазалық қысқа тұйықталу тоғы;
Кн – сенімділік коэффициенті, РТ-40 реле үшін, Кн = 1,4.
4.2 Бір жақтан қоректенетін қысқа тұйықталғыштары бар қосалқы станциялар орнатылған бірнеше отпайкасы бар жеке желілерде отсечканың іске қосу тоғы келесі шарттар бойынша таңдалады:
а) желіні бірінші рет сөндіру жағдайында айырғышты сөндіру және трансформатордың жылдам әсер етуші қорғаныстары бар бұтақтарының трансформаторлардың ар жағында үш фазалық қысқа тұйықталу болған жағдайда іске қосылмау:
мұндағы Iк(3) – 35 кВ кернеуіне келтірілген трансформаторлардың төменгі жақтағы қысқа тұйықталу тоқтардың ең үлкен мәні;
Кн – сенімділік коэффициенті, Кн = 1,4;
б) трансформатордың отсечкасымен сезгіштігі бойынша сәйкес келуі:
мұндағы Iс.о.тр. – трансформатордың отсечкасының іске қосу тоғы;
Кн.с. – келісуінің сенімділік коэффициенті, Кн.с. = 1,15;
в) магниттеу тоғының ырғуы болған кезде іске қосылмауы:
Отсечканың іске қосу тоғы болып есептеу бойынша анықталған ең үлкен мәні алынады.
4.3 Бір жақтан қоректенетін отпайкаларында сақтандырғыштармен қорғалатын трансформаторлы қосалқы станциялары бар жеке желілерде отсечканың іске қосу тоғы келесі шарттар бойынша таңдалады:
а) ең жақын орналасқан трансформатордың жоғары кернеу жағында үш фазалық қысқа тұйықталу болған жағдайда іске қосылмау:
мұндағы Iк(3) – есептік режимдегі үш фазалық қысқа тұйықталу тоғы;
Кн – сенімділік коэффициенті, Кн = 1,5.
б) 4.2. в. пунктке сәйкес магниттелу тоғының ырғуы болған кезде іске қосылмау.
Егер Iс.о. тоғының есептік мәні «а» пункті бойынша «б» пунктегісінен үлкен болса, онда отсечканың жєне сақтандырғыштың селективті емес жұмысын автоматты қайта қосылу (АҚҚ) арқылы дұрыстау арқылы қорғалатын желінің соңында қысқа тұйықталу тоғынан тұрғызылуы шартымен отсечканың іске қосу тоғын таңдау мүмкіншілігін тексеру қажет.
Осымен бірге мына шарт орындалу қажет:
мұндағы tс.о. – отсечканың іске қосу уақыты;
tс.в. – сөндіргіштің сөну уақыты;
tп.в. – сақтандырғыш вставкасының (қоспа) балқу уақыты.
Отсечканың іске қосу тоғы болып есептік ең үлкен мәні алынады.
4.4 Уақыт ұстамдылығымен отсечканың іске қосу тоғы келесі шарттар бойынша таңдалады:
а) жылдам әсер ететін зақымдану орнына жақын орналасқан алдыңғы қорғаныстармен сезгіштігі бойынша сәйкес келуі:
мұндағы Iс.о.(пред) – алдыңғы жылдам әсер ететін қорғаныстың іске қосу тоғы;
Iр.макс – участоктің суммалық максимал есептік тоғы; Кн.с. – сәйкесінше сенімділік коэффициенті. РТ-40 реле үшін Кн.с.= 1,25;
б) желінің негізгі қорғанысы отсечканы қолдану кезінде қорғалатын желінің соңында екі фазалық қысқа тұйықталу тоқ Iк(2) кезіндегі нормалау сезгіштігін қамтамасыз ету:
мұндағы Кч – сезгіштік коэффициенті, Кч = 1,5.
4.5 Тоқ отсечкасының іске қосу уақыты келесі шарттар бойынша алынады:
а) алдынғы қорғаныстардың селективтік әрекетін қамтамасыз ету,
tс.о. tс.з.пред + t,
мұндағы t – селективтілік сатысы 0,5 қабылданады;
б) тармақтарындағы қосалқы станция трансформаторының жоғарғы кернеу жағында орналасқан сақтандырғыштармен селективтігін қамтамасыз ету:
tс.о. tп.в. + t,
мұндағы tп.в. – қорғаныстың іске қосу тоғына тең тоқ болған кезде шашуды есепке алуымен сақтандырғыш вставкасының (қоспасының) балқу уақыты;
t – селективтілік сатысы, t = 0,6 с.
4.6 МТҚ іске қосылу уставкасын таңдау.
35 кВ желілерде максималды тоқ қорғаныстары резервтік қорғаныстары болып қолданылады. Отсечка сезгіштік талаптарына сәйкес келмесе, онда осы қорғаныстар негізгі болып қолданылады.
Максималды тоқ қорғанысының іске қосу тоғы 10 кВ желінің осы қорғаныстарының іске қосу тоқтары сияқты келесі шарттар бойынша анықталады:
- жүктеменің максималды тоғынан іске қосылмау;
- алдындағы қорғаныстармен сәйкестендіру;
- нормаланған сезгіштікті қамтамасыз ету.
Резервті желілерде бағытталған екі сатылы қорғаныс қабылданады, бірінші сатыда ток отсечкасын, ал екіншісінде максималдық тоқ қорғанысын пайдаланамыз. Жүйелік резервтеу тәртібінде жоғарыда қарастырылған қорғаныстардың іске қосылу уставкалары сияқты таңдалады. Біріншіден қорек көзінен алыс тұрған қорғаныстың уставкасы таңдалады.
