Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 Лек по нац эк.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
73 Кб
Скачать
☆

2. Қазақстан экономикасы және оның салалық құрылымы.

ҰШЖ бойынша экономика секторлары мен экономика салалары бойынша екі негізгі жіктеме пайдаланылады.

Экономика секторы экономикалық жағдайдың үйлесімді болуда қойған мақсаттары, функциялары мен олардың қаржыландыру көздері үйлесімді институционалдық бірліктердің жиынтығы деп аталады.

Экономика мынадай секторларға бөлінеді:

  • қаржылық емес корпорациялар;

  • қаржылық корпорациялар;

  • мемлекеттік басқару;

  • үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар;

  • үй шаруашылықтары.

Сонымен бірге ҰШЖ-де ішкі экономиканың шетел əлемімен байланысын көрсету үшін «Қалған əлем» атты сектор енгізіледі. «Қаржылық емес корпорациялар» секторына тауарлар мен қаржылық емес қызметтерді нарықтық өндірісімен айналысатын, барлық меншік құқығы нысаны мен ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы (корпорациялар мен квазикорпорациялар) резидент қаржылық емес экономикалық бірліктер кіреді.

«Қаржылық корпорациялар» секторына қаржылық делдалдықпен жəне онымен байланысты коммерциялық негіздегі қаржы қызметтерімен айналысатын резидент қаржылық корпорациялар мен квазикорпорациялар кіреді.

«Мемлекеттік басқару» секторы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық ұйымдарды біріктіреді. Олар жеке қызмет көрсететін (денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет пен өнер, демалыс) жəне ұжымдық (мемлекеттік басқару, қауіпсіздік, қорғаныс, ғылым жəне ғылыми қызмет көрсететін) ұйымдарға бөлінеді. Осы ұйымға мемлекет құрып жəне бақылайтын бюджеттен тыс қорлар да жатады. «Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» секторына жоғарыда атап өтілген секторларға жататын ұйымдарды қоспағанда барлық коммерциялық емес резиденттер жатады. Олардың функциясына тауарлар мен қызметтерді тегін немесе экономикалық маңызы жоқ бағалармен беру жатады.«Үй шаруашылықтары» секторына тұтынушы, кейде тауарлар мен қызметтерді, оның ішінде өздері пайдалану үшін өндіретін өндіруші болып табылатын президент-үй шаруашылықтары (корпорацияланған кəсіпорын нысанындағы) кіреді.

Дайын өнім беруде суды өте көп қажет ететін өндіріс саласы су сиымдылық тобына жатады. Оған химиялық талшық, синтетикалық каучук, органикалық синтез өнімін өндіру сияқты химия өнеркәсібінің және қара металлургияның кейбір салалары жатады.

Өнеркәсіптің төмендегідей кешенді салалары бар:

  1. отын өнеркәсібі (мұнай, көмір, газ, жанғыш тақтатас, шымтезек) ,

  2. электр энергетикасы,

  3. қара металлургия;

  4. түсті металлургия;

  5. машина жасау;

  6. химия және мұнай-химия;

  7. ағаш және ағаш өңдеу;

  8. құрылыс материалдары өнеркәсібі;

  9. тоқыма өнеркәсібі;

  10. тамақ өнеркәсібі.

Тақырып 2. Қр-ның экономикалық жүйесінің ұлттық негізін қалыптастыру.

1. Өтпелі экономиканың әр түрлілігі.

2. Макроэкономикалық тұрақтылық.

3. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйенің негізінің дамуы.

1. Өтпелі экономиканың әр түрлілігі.

Ұлттық экономика мəселесі қазіргі заманғы жағдайда өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біріншіден, өтпелі экономикаларда жаңа тəуелсіз мемлекеттердің экономиканың үлгілерін таңдауымен, елдердің экономикалық шекараларды анықтауының қажеттілігімен, олардың ұлттық қауіпсіздігімен байланысты. Ұлттық экономикалық жүйелер мен оларды зерттеуге деген ықылас ірі интеграциялық бірлестіктер жүйесінде ел өзінің орнын анықтаған кездегі интеграциялық процестер жағдайында одан бетер күшейеді. Екіншіден, ғаламдану барлық елдердің алдына оның жалпы тенденциялары мен заңдылықтарын мемлекеттердің ұлттық мүдделерімен үйлестіру мəселесін шешуді талап етеді. Осы мəселенің шешімін табу үшін ұлттық мүдделердің рөлі жөніндегі түсініктерді нақтылап, қазіргі бар ұлттық экономикалық жүйелердің қызметіне өзгеріс енгізу қажет.

Қазіргі таңда бұрынғы социалистік елдерде, сондай-ақ бұрынғы кеңес кеңістігінде құрылған мемлекеттердегі өзгеріс процестерін өтпелі экономика деп атауға болады. Мемлекеттендірілген социализмнің бұрынғы экономикалық жүйесінен жаңа экономикалық жүйеге көшуде кез келген өтпелі экономика негізгі белгілері белең алды, яғни экономикалық жүйенің, үйлестіру мен меншік нысандарының негіздері өзгерді, сондай-ақ қоғамның барлық белді институттары да өзгерді.

Сонымен бірге осы өтпелі экономиканың бірқатар ерекшеліктері де жоқ емес. Ең алдымен, сол бір экономикалық жүйе ауқымындағы өтпелі экономиканың сапасы экономиканы үйлестіру нысандарының өзгеруімен байланысты өтпелі экономиканың түрінен өзгеше болады. Бір қарағанда Қазақстанның өтпелі экономикасының 1929-1932 жылдардағы əлемдік дағдарыс барысындағы үйлестіру нысандарының өзгеруімен ортақ көп нəрсе бар сияқты. Ұлы тоқырау жылдары да, сонымен бірге тап қазіргі уақытта да өндіріс терең экономикалық дағдарысқа ұшырады, бұрынғы жүйе жөніндегі көп түсінік күйреді, экономикалық саясат түбегейлі өзгерді. Алайда осыған қарап Қазақстанның өтпелі экономикасын жаңа реттеу түріне өту ретінде қарастыруға болмайды. Осы көзқарас қазіргі заманғы өтпелі экономиканың ерекшеліктерін елемейді, ал осы өтпелі кезеңде құрылымның негізгі элементтері де, қоғамның аса маңызды институттары, бүкіл қоғамдық құрылыс да толықтай өзгерді.

Экономикалық жүйелерді əр түрлі өлшемдер бойынша бөлуге болса да, бірқатар елдердің елдік айрымашылықтарына қарамастан үйлестіру тəсілдері (негізінен), меншік нысандары, экономикалық басқару органдары жəне т.б. бірдей сол бір экономикалық жүйесі болуы ықтимал. Осының айқын мысалы ретінде нақты социализмнің бұрынғы жүйесінің мемлекеттерін жəне капиталистік жүйесі бар елдермен, яғни экономиканы нарықтық ұйымдастыруды жоспарлы үйлестірумен; капиталистік емес елдердегі жеке меншіктің басым рөлімен қоғамдық меншіктің өктемдігімен; нарықтық институттар мен ұйымдардың болмауын дамыған нарықтық инфрақұрылыммен салыстыруға болады, көптеген КСРО мен Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық жүйесі Батыс елдерінің экономикалық жүйелерінен осы жəне басқа да белгілермен ерекшеленді. Осының барлығы осы елдердің экономикалық қатынастарының басқа да нақты нысандарында да байқалды.

Қазақстан мен басқа да бұрынғы кеңес елдерінің ұлттық экономикасының қазіргі кезеңдегі үлгісі өтпелі экономика жағдайында қалыптасуда. Қазақстанның ұлттық экономикасы мен өтпелі экономикасының үлгісін қалыптастыру міндетін қоғамда қалыптасқан қазіргі жағдайда бір уақытта шешу өте қиын, ол үшін мақсатқа сəйкес ғылыми негізделген экономикалық саясат əзірлеу қажет. Қайта құру нəтижесінде тиімді ұлттық экономикалық жүйе қалыптастырылып, бұрынғы жүйеден жаңа жүйеге көшудің мақсаты мен қисыны анықталады.

XX ғасырдағы əлеуметтік-экономикалық даму барысында əлем өтпелі экономикалардың бірнеше түрімен беттесті. Олар пайда болу уақыты мен мазмұны бойынша ерекшеленуіне қарамастан олар экономикалық.